Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті -
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің білім ордасы
ЖҮНІСОВ Т.Ж. – ҚҰРЫЛЫСШЫ-ИНЖЕНЕР, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ ТӨЗІМДІ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Қарағанды 2016
Жүнісов Төлеубай Жүнісұлы (1927-2015) – құрылысшы инженер, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасының «Сейсмикалық төзімді құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименттік институты (ҚазСТҚСҒЗИ)» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрметті директоры, Алматы қаласы әкімінің жанындағы сейсмикалық төзімді құрылыс жөнінде Сараптама комиссиясының төрағасы.
Төлеубай Жүнісұлы Жүнісов 1927 жылы 10 мамырда Қарағанды облысы Тельман ауданының Ростовка ауылында туған.
1948 жылы құрылысшы инженер мамандығы бойынша үздік дипломды қорғап, Харьков құрылыс-инженерлік институтын тәмәмдайды. Қазақстанға оралғаннан кейін 1948-1951 жылдары прораб, өндірістік-техникалық бөлім бастығы, «Қарағанды өнеркәсіптік-тұрғын үй құрылысы» тресінде құрылыс басқармасының бас инженері болып қызмет етеді.
Техника ғылымдарының докторы (1975). КСРО ИА (1989 жылдан), ҚР ІІМ және ҰИА академигі (1992 ж. бастап). Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының, Көлік және коммуникациялар академиясының құрметті профессоры, «Kazgor» Жобалау академиясының құрметті қайраткері. Ресей Сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының құрметті мүшесі (1996 жылдан).
1948 жылдан бастап - «Қарағанды өнеркәсіптік-тұрғын үй құрылысы» тресінің ҚМБ құрылысшы-инженері, прорабы, бас инженері. 1955 жылдан бастап - ҚазКСР ҒА Құрылыс, құрылыс материалдары және сәулет институтының аға ғылыми қызметкері. 1958 жылдан - құрылыс конструкциялары бөлімінің меңгерушісі, КСРО Құрылыс және сәулет академиясы Қазақ филиалы басшысының м.а. орынбасары. 1965 жылдан бастап - «Қазөнеркәсіптік құрылыс ҒЗЖИ жоба» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директордың м.а. 1990 жылдан - «КазНИИССА» директоры.
1999 жылдан - зейнеткерлік демалыста, «ҚазСТҚСҒЗИ» құрметті директоры.
ҚР сейсмикалық төзімді құрылысқа қолдау көрсету және стихиялық апаттардан қорғау ассоциациясының президенті, Алматы қаласы әкімінің жанындағы сейсмикалық төзімді құрылыс жөніндегі сараптамалық комиссияның төрағасы. «Сейсмикалық төзімді құрылыс және инженерлік сейсмология» және «Сейсмикалық төзімді құрылыс. Құрылыстардың қауіпсіздігі» (РФ) журналдарының редакциялық алқа мүшесі. ҚазБСҚА және «Құрылыстық жобалау ҒЗИ» ЖАҚ жанындағы докторлық диссертациялар қорғау жөнінде кеңестің мүшесі.
ҚазКСР еңбек сіңірген құрылысшысы. ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.
Т.Ж. Жүнісов құрылыс конструкциялары, ғимараттар мен үймереттер, ғимараттар динамикасы мен сейсмикалық төзімділігі, сондай-ақ жер сілкінісі салдарын жою бойынша маман. Ғылыми-техникалық қызметтің негізгі нәтижелері сейсмикалық төзімді құрылыс теориясы мен практикасының іргелі және қолданбалы проблемаларын, сейсмикалық аудандастыру мәселелерін шешуге, тиімді алдын ала кернеуленген темір-бетон конструкцияларын зерттеу және өндіріске енгізу, ғимараттарда аспаптық сейсмикалық бақылау ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ ғимараттарды жер сілкінісінен қорғау және олардың зардаптарын жою проблемаларын шешуге жатады. ҚазСТҚСҒЗИ ғылыми мектептің негізін қалаған Төлеубай Жүнісұлы Алматы қаласына жақын Медеуде тасқыннан қорғау плотинасының құрылысы кезінде жер астында бағытталған күшті жарылыстардан жүзеге асырылған бірегей экспериментті қосқанда, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін бағалау бойынша ірі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға жеке басы тікелей қатысты және басқарды.
Жоғары деңгейдегі сейсмикалық-жарылыстың әр түрлі конструкциялық сұлбадағы және қабаттағы ғимараттарға әсер ету деректері және олардың салыстырмалы сейсмикалық төзімділігін бағалау IV және V Бүкіләлемдік сейсмикалық төзімді құрылыс және инженерлік сейсмология (1969, Сантьяго – Чили, 1973, Рим – Италия) конференциясының еңбектерінде жарияланды.
Бұрынғы КСРО-да ҚазСТҚСҒЗИ-да іс жүзіндегі құрылыс ғимаратының сейсмикалық төзімділігі бойынша алғаш рет жіктеуі құрастырылды.
Профессор Т. Жүнісов құрылыс-сәулеттік жоғары оқу орындарының жоғары курс студенттері үшін «Ғимараттардың сейсмикалық төзімділік негіздері» бойынша оқулықтың авторы («Ғимараттардың сейсмикалық төзімділік негіздері», «Рауан» баспасы, Алматы, 1990 ж.). Сейсмикалық төзімділік теориясында жүйелердің тербеліс элементтері мен ғимараттар динамикасы бойыншаь олар алғаш рет қазақ тілінде «Ғимараттардың сейсмикалық төзімділік негіздері» оқулық құралын жариялады («Рауан» баспасы, Алматы, 1997 ж.). 25 авторлық куәлігі және 5 өнертабыс патенті бар (Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы). Т. Жүнісовтың редакциялығымен институттың ғылыми еңбектерінің 19 жинағы шығарылды, олардың аналогы ТМД елдерінде жоқ.
Ғылым докторы Т. Жүнісов бірнеше рет Халықаралық және Еуропалық конгрестерге, конференцияларға, симпозиумдар мен семинарларға қатысушы болды. Ол «Сейсмикалық төзімді құрылыс және инженерлік сейсмология» Халықаралық журналының және «Сейсмикалық төзімді құрылыс. Үймереттер қауіпсіздігі» Ресей журналының редакция алқасының мүшесі болды.
Көптеген жылдар бойы (1974 жылдан бастап) Т. Жүнісов сейсмикалық төзімді құрылыс бойынша Халықаралық қауымдастықта (AMIS) КСРО Мемлекеттік Құрылыс комитетінің тұрақты өкілі және 10.04: «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» бағдарламасы бойынша Кеңестік-Америкалық ынтымақтастық жөніндегі сарапшы, сонымен қатар Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан достастығы елдерінде «Сейсмикалық төзімді құрылыс» мәселесі бойынша куратор болды.
Т. Жүнісов Колумбия (Нью-Йорк); Пристония (Нью-Йорк); Оңтүстік-Калифорния (Лос-Анджелес); Стенфордия (екі рет); Хьюстон (Техас); Солтүстік-Калифорния университеттерінде; Берклиде (екі рет) және Девисте баяндамаларымен (дәрістер) сөз сөйледі.
Т. Жүнісов өз бетінше де, сондай-ақ бірлескен авторлықта 552 ғылыми жұмыс, оның ішінде 16 кітап, 32 нормативтік құжат және 35 ғылыми мақалалар мен баяндамаларды ағылшын тілінде халықаралық және еуропалық конгресте, конференцияларда, симпозиумдарда және семинарлар басылымдарында, сонымен қатар 25 авторлық куәлік және өнертабысқа 5 патент жариялады ((Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы).
Жүнісов Төлеубай Жүнісұлының есімі Қазақстан Реуспубликасы Құрметті құрылысшыларының тарихи Алтын кітабына және «Жер сілкінісі және инженерлік сейсмология» атты Дүниежүзілік энциклопедияға енген (Amsterdam, Boston, Heidelberg, London, NewYork, Oxford, Paris, SanDiego, SanFrancisco, Singapore, Sydney, Tokyo).
Т. Жүнісовтың зерттеу нәтижелері бұрынғы КРСО-ның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының да негізгі нормативтік құжаттарын құрастыру кезінде, сонымен қатар тиімді құрылыс конструкцияларын, типтік және бірегей сейсмикалық төзімді ғимараттар мен үймереттердің жобаларын әзірлеу кезінде пайдаланылды.
1. Бұрынғы КСРО-ның нормативтік құжаттары:
- «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» (ҚН және Е II-A.12-69; ҚН және Е II-7-81 *) Құрылыс нормалары және ережелері;
- Сейсмикалық аудандар құрылысы үшін темір-бетон конструкцияларынан жасалған қаңқасы бар қаңқалы өнеркәсіптік ғимараттарды жобалау бойынша оқу құралы (ҚН және Е II-7-81 * үшін);
- Сейсмикалық аудандар үшін темір-бетон конструкцияларынан жасалған қаңқасы бар өндірістік ғимараттарды жобалау бойынша нұсқаулықтар. M. 1972 және т.б.
2. Республикалық құрылыс нормалары; егеменді Қазақстанның РҚН:
- Сейсмикалық аудандарда құрылыс ҚР ҚНжәне Е В.1.2-4-98;
- ҚР ҚН В.1.1.3-98 аспаптық деректер бойынша сейсмикалық қарқындылығын бағалауға арналған стандарттар;
- КФ РДС-РК-06.07.98 сейсмикалық оқшаулау іргетастарын пайдалану арқылы ғимараттарды жобалау бойынша нұсқаулық;
- «Сейсмикалық микроаудандандыру ескерілген Алматы қаласының және іргелес аумақтардың құрылысы» (РСН 10-83);
- «Сейсмикалық микроаудандандыру ескерілген Алматы қаласының және іргелес аумақтардың құрылысы» (ҚН ҚР B.2.2-7-95);
Оқу құралы: ғимараттар мен үймереттердің тірек конструкцияларын, қайта құрылатын өнеркәсіптік кәсіпорындарды нығайту бойынша (РСН 10-83 дейін); іс жүзінде салынатын ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін тексеру және бағалау бойынша (РСН 10-83 дейін); жер сілкінісі салдарын инженерлік талдау бойынша; бұқаралық құрылыс ғимараттарын нығайту және қалпына келтіру бойынша; құрамды қаттылық диафрагмалары бар жақтаумен байланысқан қаңқаларды жобалау бойынша; сейсмикалық қорғаудың оңтайлы параметрлерін таңдау бойынша; Алматы қаласының және ҚазКСР сейсмикалық аймақтарында орналасқан басқа да елді мекендердің іс жүзіндегі құрылыс ғимараттарын паспорттау бойынша әдістемелік нұсқаулық, сонымен қатар ҚР ҚНжЕ 2.03-04-2001; Жер сілкінісі қарқындылығын ҚР 2.03-28-2004, 2.03-30-2006 ҚНжЕ{MSK-64 (K) бағалау шкаласы.
3. Сейсмикалық аудандардағы құрылыс үшін ғимараттар мен үймереттерде тиімді құрылыс конструкциялары:
- Көпқабатты ғимараттар үшін ірілендірілген құрама темір-бетон қаңқасы - СЖКУ-9а, б, в;
- Көп қабатты сейсмикалық төзімді ғимараттардың құрама қаттылық диафрагмалары бар жақтаулы-байланыс қаңқасы;
- Жақсартылған көпқабатты ірі панельді ғимараттар;
- Алматы қ. «Қазақстан» қонақ үйінің биік ғимараты (бұрынғы КСРО-ның 9-балдық ауданында алғашқы зәулім үй);
- Аз қабатты және үй-жай типті құрылысқа арналған «Қалпақ» типтегі көлемді-блокты конструкция;
- Ғимараттардың сейсмикалық төзімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін белсенді сейсмикалық қорғау жүйелерінің жаңа типтері;
- 7, 8 және 9 балды сейсмикалық аудандар үшін өнеркәсіптік ғимараттар жабынының екі жақты оң қисықтығының цилиндрлік және жазық қабығы.
4. Жер сілкінісі зардабын тексеруге, инженерлік талдауға және ТМД аумағы мен шетелде күшті жер сілкінісі болған ғимараттар мен үймереттердің сейсмикалық төзімділігін бағалауға, сондай-ақ оларды қалпына келтіру мен нығайту әдістерін әзірлеуге қатысу.
Құрылыстық-сәулет мамандықтары үшін орыс-ағылшын-қазақ терминологиялық сөздігін құраушы.
Көптеген жылдар бойы (1974 жылдан бастап) Т. Жүнісов сейсмикалық төзімді құрылыс бойынша Халықаралық қауымдастықта (AMIS) КСРО Мемлекеттік Құрылыс комитетінің тұрақты өкілі және 10.04: «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» бағдарламасы бойынша Кеңестік-Америкалық ынтымақтастық жөніндегі сарапшы, сонымен қатар Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан достастық елдерінде «Сейсмикалық төзімді құрылыс» мәселесі бойынша куратор болды.
А.Ш. Татығұлов, «KAZGOR» Жобалау академиясының Президенті, профессор, Ұлттық инженерлік академияның академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
ХХ ғасырдың екінші жартысы әлемде жаңа құрылыс материалдарының пайда болуына байланысты, тұрғын үй құрылысын индустрияландыруды қарқынды дамытумен сипатталады. Бұл мерзімді темір-бетон конструкцияларының ғасыры деп тегін атамайды, нақ солар құрылыс саласында төңкеріс жасады, құрылыстың теңдессіз қарқынын туындатты.
Қазақстан аумағының көп бөлігі сейсмикалық аудандарда орналасқан, сондықтан республикада толық құралатын үй құрылысы өте қатты қарқынмен дами бастады. Қазақстан КСРО-ның сейсмикалық төзімді құрылысының полигоны, Бүкілодақтық ғылыми мектептің даму негізгі болды. Мұнда бұрынғы Одақтағы күшті тербелістерді және олардың тұрғын үй конструкцияларына әсерін тіркеу бойынша алғашқы және ең қуатты станциялар салынды, зерттеу зертханаларының желісі құрылды. Бұл Кеңес Одағына әлемде алғашқылардың бірі болып динамикалық есептеу теориясын құрастыруға мүмкіндік берді. Осы істе есімі біздің еліміздің шегінен алыс жерлерге белгілі қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик Tөлеубай Жүнісұлы Жүнісовтың еңбегі зор.
Харьковта оқыған кезінде және Мәскеу аспирантурасында алған терең және негізді теориялық білімдерін инженерлік терең ойлаумен және жаратылысынан берілген практикалық зеректігімен үйлестіруі, сонымен қатар жоғары адамгершілік жауапкершілігі T.Ж. Жүнісовқа сейсмикалық төзімді құрылыстың негізін қалаушы, Қазақстанда ғана емес басқа елдерде оның бас конструкторы болуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні сейсмикалығы жоғары аудандарда салуға арналған ғимараттар мен ірі үймереттердің практикалық түрде ол қатыспаған бірде-бір сериясы жоқ. Оған көптеген эксперименттерді сәтті жүргізді, бірқатар бірегей инженерлік есептеулерде авторлық тиесілі. Әсірелемей айтсақ, Алматы қаласының, жеке алғанда, бұрынғы Ленин атындағы Достық даңғылындағы барлық жаңа көп қабатты үйлер, сонымен қатар Қазақстандағы ең биік ғимарат – 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі инженерлік есептеу мен конструкциялау бойынша оның қатысуымен және авторлығымен сейсмикалық төзімділік сынағынан өтті. Ол тек дұрыс инженерлік-техникалық шешім тауып қана қойған жоқ, оны ғылыми негіздеді. Т.Ж. Жүнісовтың көп жылдық бақылаулары, ғылыми ізденімдері оның монографияларының, мақалаларының, сейсмикалық төзімді құрылыс аймағында іргелі еңбектерінің негізіне қаланды.
Tөлеубай Жүнісұлына тән жеке қасиеттері туралы айтатын болсақ, оның жоғары жауапкершілік сияқты қасиетін кездейсоқ байқаған жоқпын. Белгілі болғандай, сейсмикалық төзімді құрылыс негізінде еншілес технология жатыр. Кез келген ғимаратты адамдар және адамдар үшін салады – бұл туралы Т.Ж. Жүнісов ешқашан ұмытқан емес. Бұл мәселеде ол кінәмшіл ғана емес, принципшіл және талап еткіш адам болды. Кеңес заманында орталықтан, Мәскеуден келетін шешімдермен таласатын басшы мен маман сирек болатын. Aл Т.Ж. Жүнісов, мысалы, практикада кең қолданысқа ұсынылған БМЖ-04 орнына біршама қымбат, бірақ сейсмикалық тұрғыдан анағұрлым қауіпсіз SZHKU-9 сериясын енгізу қажеттігін дәлелдей алды. Осындай іс тәсілін ол өзінің көптеген шәкірттеріне жеткізуге тырысты. Қазақстанның дамып келе жатқан құрылыс индустриясына жаңа кадрлардың қаншалықты маңызды және қажет екенін түсінген ол оқытушылық жұмыс үшін де уақыт тапты. Ол 1962 жылы бұрынғы ҚазПТИ-дің құрылысшы инженерлерінің бірінші түлектерінің МЕК-тің төрағасы болды және шамамен 50 жыл бойы профессор лауазымында педагогикалық қызмет атқарып келеді.
Төлеубай Жүнісұлы Жүнісов сияқты айрықша адамның мінезіне жастарды өзіне тартатын қасиет қана емес: үлкен білгірлік, жұмысымен және жеке өнегесімен өзіне тарту қабілеті, ортақ қызығушылық таба білу, мейірімділік және адамдарға қарапайым қарым-қатаныс тән. Бұл қасиеттер әр түрлі мекемелер мен ведомстволар, Өнеркәсіптік құрылыс ҒЗИ жобасы және ҚазСТҚСҒЗИ арасында тең әріптестік байланыстар негізін қалады, онда ұзақ жылдар бойы ұйымдарды Т.Ж. Жүнісов басқарған. Мүмкін соның арқасында «KAZGOR» ұжымы сейсмикалық төзімді үймереттер жобалауда негізін қалаушылардың бірі жоғары кластағы инженер-конструктор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, көп жылдар бойы «ҚазГОР»-да бас инженер қызметін атқарған Калиш Георгий Алексеевич болып табылатын белгілі мектеп құруда біршама роль атқарды. Скопле қаласында жер сілкінісінен кейін Югославия мамандарының үлкен тобы нақ «ҚАЗГОР»дың сейсмикалық аудандарында жобалау тәжірибесімен танысуға келгені кездейсоқ емес қой.
Т.Ж. Жүнісовтың сіңірген еңбегі және оның сейсмикалық төзімді құрылысқа қосқан үлесі зор және оны Үкімет, республиканың ғылыми және қала құрылысы қауымдастығы лайықты түрде бағалады. Ол КСРО, ҚР ІІМ және ҰИА Инженерлік академиясының академигі, сонымен қатар Ресей Сәулет және құрылыс ғылымдары Академиясының Ұлттық мүшесі, «KAZGOR» Жобалау академиясының академигі, ҚазБСҚА және Көлік және Коммуникациялар Академиясының құрметті профессоры болып табылады.
«Құрмет белгісі» орденімен және КСРО медальдарымен марапатталды, КСРО Министрлер Кеңесі және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі сыйлығының Лауреаты.
Академик Жүнісов T.Ж. сейсмикалық төзімді құрылыстың негізін қалаушы ғана емес, сондай-ақ Қазақстандағы осы бағыт бойынша ең ірі ғылыми мектеп ашушы болды. Оның шәкірттерінің көпшілігі белгілі ғалымдар болды.
Достарыңызбен бөлісу: |