Осы саннан оқитындарыңыз: Әкелер мен балалар: кәсіби



жүктеу 457,18 Kb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата20.05.2018
өлшемі457,18 Kb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘКелер мен БАлАлАр:

Әріптестер мен сенімді қОлдАуШылАр

Құрылыс саласында өз жолын тауып отырған жанұялар баршылық. Көбіне бір адам компанияға жұмысқа орналаса-

ды да сол жаққа өзінің туыстары мен жақындарын «тарта» бастайды. Біздің қызметкерлеріміздің —  Жапаровтар от-

басының өмір тарихы көрсеткендей бұл өте ыңғайлы – егер жұмыста әлдебір мәселені шешу мүмкін болмаса – үйде 

асықпай талқылап, тығырықтан шығар жолды табуға болады. Саттар Жапаров, оның жұбайы Гүлнар және ұлдары – 

Дастан мен Бақтияр компаниямызда вентиляция жөніндегі маман болып еңбек етеді және өз ісінің нағыз шеберлері. 

Мамандық туралы махаббатпен

Саттар Жапаров «БАЗИС» компаниясын-

да жұмысын 1995 жылы вентиляция жөнін-

дегі  прораб  болып  бастады.  1997  жылы 

күзде  ол  Астанаға  –  компаниямыз  салған 

қаржы  Министрлігі  ғимаратындағы  жалпы 

айырбас  вентиляциясын  монтаждауға  кел-

ді. Қазір Саттар вентиляциялық учаскесінің   

бастығы  және  отбасымен  бірге  «БАЗИС» 

компаниясы  Алматыда  салған  нысандарды 

пайдалануға беруде. 

«Кондициялау мен вентиляция – бұл от-

тегі, қысқы уақытта жылу, жазда ғимараттың 

ішін салқындату, бұл «БАЗИС» компаниясы 

салған кеңсе қызметкерлері мен тұрғын үй-

лердің  тұрғындарына  қолайлы  жағдай  жа-

сайды»,  –  дейді  өзінің  жұмысының  кейбір 

қырлары жайында Саттар Жапаров. 

Ол  өзінің  командасымен  бірге  «Нұрлы 

Тау» көпфункционалды кешені кеңселерін-

дегі ауаны вентиляциялау мен кондициялау 

жүйесін  орнатты,  іске  қосу  және  жөндеу 

жүйесін  жасап  оларды  пайдалануға  берді. 

Жылы  немесе  салқын  (жыл  мезгілдеріне 

байланысты) ауа ғимарат ішіне біркелкі та-

райды, адамдарға жайлы орта жасайды. Бұл 

өте ыңғайлы – осындай жүйенің арқасында 

адамдар тоңбайды, ғимараттың ішінде жыл 

бойы адамға жайлы микроклиматты сақтап 

тұруға болады. Қазір Саттар жұбайы Гүлнар 

екеуі  ең  техникалық  күрделі  нысанда  –  12 

000 орынға арналған Мұзды аренада жұмыс 

істеуде. Мұнда Саттар өзінің командасымен 

бірге  13  метрден  астам  биіктікте  вентиля-

ция орнатып жатыр. 

«Тек «А» блогының өзінде 7 000 шаршы 

метр ауа өткізгіш бар. Ауа спираль арқылы 

өтетін  болады,  жүйе  суық  ауа  ағыны  ай-

дынның  өз  микроклиматын  жасай  отырып 

мұзды  еруден  сақтайтындай  етіп  ойласты-

рылған.  Трибуналардағы  адамдарға  жоға-

рыдан жылы ауа жіберілетін болады. Мұзды 

аренаның  өз  қиындықтары  бар  –  мәселен, 

мұз айдыны күмбезі астындағы көпіршелер-

дегі  вентиляцияны  монтаждау.  Вентиляци-

ялық қораптардың ең кіші диаметрі бір ме-

трден сәл ғана асады, ең үлкені – бір жарым 

метр. Монтаж жасау қажет болған жағдайда 

осы қораптармен өрмелейтін кездеріміз бо-

лады.  Біз  үшін  әрбір  нысан  ерекше.  Жал-

пы  айырбас  вентиляциясының  кез-келген 

жүйесін  оны  пайдалануға  бергеннен  кейін 

дұрыс ұстау керек», – деп түсіндіреді Сат-

тар Жапаров. 



BN анықтамасы:

Саттар  Жапаров  білімі  бойынша  мате-

матик,  ол  ҚазМУ  Мехматын  бітірген,  сон-

дықтан, оған барлық есептеулерді өз бетінше 

жүргізу қиын емес. Саттар өзін ғылымға ар-

науға  дайындалған,  алайда,  өзін  құрылыстан 

тапты,  мұнда  оның  математикалық  білімі 

кәдеге  жарады.  Еңбек  жолының  бас  кезінде 

мектеп бітіре салысымен 1969 жылы Солүстік 

Қазақстаннан  келіп    сырттай  оқу  бөлімінің 

студенті  бола  жүріп,  ол  «Промвентиляция» 

мекемесіне қатардағы слесарь-монтажшы бо-

лып  жұмысқа  орналасқан.  Алғашқы  нысаны 

Алматы циркі болды, онда ол күмбез астын-

дағы  вентиляцияны  құрды.  Қазір  компания-

мызда жұмыс істей жүріп ауа өткізгіштер мен 

қондырғыларды монтаждауға қатысты қандай 

да бір күрделі мәселелермен бетпе-бет келсе, 

Саттар  барлық  есептеулерді  өзі  жасайды  да 

жобалаушыларға дайын нәитжелермен келеді, 

мәселені  шешудің  жолдарын  ұсынады.  Осы-

лайша кез-келген техникалық түйінді оңай әрі 

тез тарқатуға болады. 

Жұмыста – инженер-реттеуші, үйде – 

әйел және инженер

Гүлнар  Жапарова  компаниямызда  12  000 

орынға  арналған  Мұзды  аренаның  сапаны 

бақылау  бөлімінің  инженері  болып  жұмыс 

істейді. Ол Алматыдағы автожол институтын 

тәмамдаған.  «Жол  инженер-құрылысшысы» 

мамандығын алып шықты. 1982 жылдан бері 

құрылыста, ал, вентиляция бойынша инженер 

болып  1990  жылдан  бері  еңбек  етеді.  «БА-

ЗИС»  компаниясына  ЖВ  және  ЖСҚ  венти-

ляциялау  жөніндегі  инженер-реттеуші  болып 

келді.  Мұзды  аренадағы  бүкіл  инженерияны 

– ЖСҚ, СК және ЖВ сапаны бақылау Депар-

таментінің  директоры  Игорь  Погореловтың 

жетекшілігімен жүргізуде.

«Біздің  қанатқақты  жобамыз  «БАЗИС» 

компаниясы  1999  жылы  Астанада  салған 

қаржы  Министрлігі  ғимаратының  құрылысы 

мен оны пайдалануға беру болды. 

2010-2011-шы  жылдары  Астанадағы  ең 

биік кешен – «Изумрудный квартал» пайдала-

нуға  берілді.  «А»  блогындағы  вентиляцияны 

монтаждауды Николай Александрович Касья-

новтың басшылығымен жүзеге асырдық. «Б» 

блогында мен ендігі жүйені реттеуді қосқан-

да  вентиляция  мен  ЖСҚ  бойынша  сапаны 

бақылау инженері болып істеп жүрдім. Біздің 

қатысуымызбен Алматы әуежайындағы жаңа 

терминалды  іске  қостық,  кейін  «Mega Tower 

Almaty»  ТК,  «Рапсодия»  ТК,  «Долина  роз» 

ТК болды. Астанада да, Алматыда да барлық 

нысанды  біз  балаларымызбен  бірге  тапсыра-

мыз», – дейді Гүлнар. 

Гүлнар  Жапарованың  техникалық  маман-

дығы күрделі және жауапкершігі мол болған-

дықтан  ер  азаматтың  мінезін  талап  ететін 

кәсіпті атқару әйел адамға ауыр емес пе деген 

заңды сұрақ туындайды. 

«Үйде үш бірдей ер азамат болғандықтан 

маған  ерлер  ұжымында  жұмыс  істеу  қиын 

емес. Мен нысанда өзімді әйел ретінде сезін-

беймін.  Таңғы  сағат  8-ден  кешкі  сағат  беске 

дейін – инженер-реттеушімін, ал, сағат алты-

дан  кейін  –  әйелмін.  Осы  мамандықты  сүй-

етіндіктен  болар,  маған  жұмыс  істеу  жеңіл. 

Оның  үстіне  мен  ерлер  ұжымында  жұмыс 

істеп  үйреніп  қалғанмын  –  құрылысқа  1982 

жылы  сылақшы-сырлаушы  болып  келдім»,  – 

дейді  Гүлнар  Жапарова.  «БАЗИСте»  жұмыс 

істеу  сапаны  бақылау  бөлімінің  инженеріне 

эстетикалық та ләззат сыйлайды – ғимараттар-

дың  барлығы  бірегей,  «БАЗИСте»  бір-біріне 

ұқсайтын жоба жоқ. 

Жапаровтар  отбасының  жұмысқа  беріл-

гендігі соншалықты тіпті, үйде де жұмыс күні 

біткеннен кейін олар құрылыспен өмір сүреді. 

«Нысандағы күн сайынғы жиналыстарға қоса 

кеңестер үйде де жалғасып жатады. Егер күні 

бойы қандай да бір мәселелерді шешу мүмкін 

болмаса  біз  «мәселені  асүйде  отырып  талқы-

лап», шешімін бірге іздейміз. Бұл енді қаласаң 

да, қаламасаң да солай болады», – дейді Гүлнар.

Инженер мен участок бастығы қызметі өте 

жауапты және мықты жүйкені талап ететінін 

атап өту керек. Олар ғимараттағы вентиляци-

яны  монтаждауға  қабырға  тұрғызылғаннан 

бастап кіріседі де нысаннан монолитшілерден 

кейін кіріп, соңғы сөндіргішті бекітіп, соңғы 

лампаны  орнатқаннан  кейін  ғана  шығатын 

электриктер секілді оны пайдалануға берілген 

кезде ғана кетеді. 

Ата-ананың ізімен

Жапаровтардың  ұлдары  Бақтияр  мен 

Дастан  ата-анасының  жолын  қуды.  Венти-

ляциялық  жүйе  жөніндегі  инженер  болып 

еңбек етеді. Үлкен ұлдары Бақтияр жақында 

Қорғастан  оралды  –  Құрғақ  портта  жұмыс 

істеді,  УСҚ  вентиляциямен  жабдықтады, 

Қорғастағы тазалау қондырғыларындағы жұ-

мыстардың атқарылуын қадағалады. 

Бақтияр  кеденшінің  оқуын  оқыды,  бірақ, 

вентиляцияшы  мамандығы  жақын  болып 

шықты. Инженер-реттеуші болды, ал, кішісі – 

Дастан азаматтық авиация институтын бітірді, 

алайда, ол да өзін құрылыстан, вентиляцияшы 

кәсібінен тапты. 

«Мен құрылыста бұранданы бала кезімнен 

бұрап келемін. Институттың бірінші курсын-

да  оқып  жүргенімде  жазғы  демалыс  кезінде 

Астанадағы  қаржы  Министрлігі  ғимараты 

құрылысында  әкеме  көмектестім.  Универси-

тетті тәмамдағаннан соң әскер қатарына шақы-

рылғанға  дейін  құрылыста  жұмыс  істедім», 

–  дейді  Бақтияр.  Ол  «Звезда  востока»  ТК, 

«Нұрлы Тау» полифункционалды орталықта, 

әуежайда, «Ренессанс» ТК, «Променад» ССО, 

«Алмалы»  ССО,  «Мега»  ССО,  «Mega Tower 

Almaty» ТК вентиляция орнатуға қатысты.  

Бақтияр  еңбек  жолы  әке-шешесінің  жа-

нында  жүріп  басталғандықтан  жұмысқа 

кірісіп кетуі оңай болғандығын айтады. Әскер-

ден құрылыс саласына дипломмен келіп, іске 

қосу және жөндеу инженері болды. «Инженер 

болып 2004 жылдан бері істеймін, ал, жалпы 

еңбек  өтілім  1998  жылдан  бастап  есептеледі 

–  4-ші  дәрежелі  слесарь-вентиляцияшы  қыз-

метінен бастадым, арасында оқуға кетіп үзіліс 

жасадым»,  –  дейді  Бақтияр  Жапаров.  Қазір 

Бақтияр 34-те, еңбек өтілі 17 жыл. «Осы жыл-

дар  ішінде  жұмыста  қиындықтар  да  болды, 

алайда, менің ата-анам кәсіби білікті болған-

дықтан жиі ақыл-кеңес сұраймын. Олар қай-

сыбір жұмысты болмасын қалай дұрыс атқа-

ру керектігін айтады», – дейді Бақтияр. Қазір 

оның басты мақсаты – 12 000 орынға арналған 

Мұзды  аренадағы  жұмысын  мерзімінде 

тапсыру. 

Жапаровтардың  кіші  ұлы  Дастан  29-да. 

Ол  үйленген,  екі  қыз  өсіріп  отыр.  ЖКЖСҚ 

іске қосу және жөндеу жұмыстары бойынша 

инженер болып істейді, ауа мен жылуды ретте-

умен айналысады. Оны қондырғы орнататын 

нысандарға шақырады. 

Ол  қатардағы  монтаждаушы  болып  сту-

дент  кезінде,  2004  жылы  бастаған.  Қазір  ол 

инженер-реттеуші. Дастан нағыз шебер болып 

алды және одан жиі ақыл-кеңес сұрайды. 

«Менің  еңбек  жолым  басталған  тұңғыш 

үлкен нысаным –  «Нұрлы Тау» полифункци-

оналды кешені. 3А корпусындағы барлық ауа 

өткізгіштер  мен  баланстауды  мен  жасадым. 

Кейін  Астанадағы  «Изумрудный  кварталда» 

істедім,  санэпидемстанция  нысанын  тапсыр-

дым», – дейді Дастан.

Ата-анаңмен бір компанияда жұмыс істеу-

дің ыңғайлылығы сол бүкіл жұмыс анағұрлым 

жылдам  шешіледі.  «Маған  әке-шешеме  өн-

дірістегі қайсыбір мәселелерді жеткізген оңай, 

олармен бірге кез-келген мәселе тез шешімін 

табады», – дейді Дастан. Ол «29 кварталда», 

«Mega  Tower  Almaty»  ТК  жұмыс  атқарды. 

Қазір «Мирный» ТК мен Мұзды аренадағы ауа 

өткізгіштерді орнатуда. Бұдан бөлек ол Алма-

ты вентилятор зауытында істейді. «Зауыт ди-

ректоры мен туралы біліп, жұмысқа өзі шақы-

рды», – деп ағынан жарылады Дастан. 

Дастанға  жұмыс  барысында  барлығынан 

бұрын  «шешілмейтін  мәселелерді»  шешкен 

ұнайды.  «Қандай  да  түйіні  тарқатылмастай 

көрінген  мәселе  пайда  болған  кезде  тығы-

рықтан  шығудың  дұрыс  жолын  тауып,  алға 

қойылған  міндетті  орындаған  өте  ұнайды», 

– деді Дастан. «Кейде құрылғыға жету ешқан-

дай  мүмкін  болмай  тұрады  да  ойлана  келе 

шешімі табылады». 

«Маған  жанымда  кіші  ұлым  секілді  ма-

манның болғаны керек. Сондықтан, қайсыбір 

вентиляция  жүйесін  реттеу  керек  болса  кіші 

ұлымды шақырамын. Екі ұлымның да инже-

нер-реттеуші болғаны жұмысымызға өте қат-

ты көмектеседі», – дейді Саттар Жапаров.  

Жапаровтардың қыздары да бар. Жасы 16-

да, 9-шы сыныпты бітірді, мұнай бұрғыларына 

қызмет көрсету саласын зерттеу үшін коллед-

жге түсуді жоспарлап отыр. Алайда, ата-анасы 

қыздарының отбасы кәсібіне қосылуы да мүм-

кін екендігін жоққа шығармайды. «Барлығы-

мыз да бүгінгі кәсібімізге қатысы жоқ жоғары 

білім алғанымызбен құрылыс саласында жұ-

мыс істеп жатқандықтан қызымыз да бізге ке-

летін шығар деп үміттенеміз», – дейді Гүлнар. 



 Кәсіпқой істі соңына дейін жеткізуі 

керек 

Жұмыстан  бос  уақытын  отбасы  бірге  өт-

кізеді.  Гүлнар  үйдің  тірлігімен  айналысады, 

немерелеріне  қарайды.  Қолы  қалт  еткенде 

тоқиды,  тігеді.  «Қолөнермен  іссапарларда 

жүргенде,  қыстыкүні  кешкі  уақыттарда  ны-

сандарда  жұмыс  аз  кезде  айналысамын»,  – 

дейді Гүлнар.

Компаниядағы  табысты  мансапқа  қол 

жеткізуінің себебін Гүлнар қарапайым түсін-

діреді:  «Адам  қандай  жоғарғы  оқу  орнын 

аяқтасын егер өзінің кәсібін дәл табатын болса 

жұмысты жанын сала істеуі керек. Егер адам 

өзінен  кейін  із  қалдырғысы  келсе  жұмысын 

қадір  тұта  білуі  тиіс,  әр  нысанға  өміріндегі 

жалғыз  нысандай  қарауы  керек.  Білікті  ма-

ман барлығымен тіл табыса алуы қажет және 

кез-келген жұмысты соңына дейін жеткізуі ке-

рек», – деп есептейді Гүлнар.

Осындай адал, жауапты қызметкерлер еле-

усіз  қалмақ  емес.  «БАЗИС»  компаниясының  

10  жылдығында  Саттар  алтын  медальға  ие 

болды. Жұбайы екеуі күміс және алтын мақтау 

қағаздарымен  марапатталды.  «Балаларымыз 

құрмет қағаздарын алды. Ең көп мақтау қағазы 

кіші ұлымыз Дастанда. Жыл сайын құрылыс-

шылар  Күні  басшылықтан  мақтау  қағазын 

алады», – дейді Жаппаровтар. 

Айтпақшы,  Саттар  мен  Гүлнар  зейнет 

жасында,  бірақ  құрметті  демалысқа  кетуге 

асықпайды  –  әуелі  өздерін  жұмыста  алма-

стыратын  адам  өсіріп  шығарулары  керек. 

«БАЗИСте» зейнеткерлікке өз еркімен кеткен 

адамды көрген емеспіз, сондықтан,  құрметті 

демалысқа  күштеп  шығарып  салғанға  дейін 

жұмыс істей береміз», – дейді ерлі-зайыпты-

лар  әзіл-шыны  араластырып  және  өздерінің 

мамандықтары өте ерекше, сондықтан, маман 

табу қиын екендігін айтады. 

Айтпақшы,  Саттардың  да,  Гүлнардың  да 

ата-анасы  ұзақ  жасайтын  адамдар.  Гүлнар-

дың  анасы  –  Хайринис  Әбдішүкірова  биыл 

90 жасқа толады, Саттардың әкесі өмірден 92 

жасында озды. Осындай генетиканы ескеретін 

болсақ,  ерлі-зайыпты  Жапаровтар  «БАЗИС» 

компаниясына  әлі  де  көп  пайдасын  тигізуі 

мүмкін. Компанияда барлығын қосқанда Жа-

паровтар отбасынан 8 адам жұмыс істеуде, ал, 

Мұзды аренада олар жас кезінен бірге жұмыс 

істеп  бастаған  ескі  әріптестерін  —  участок 

бастығы Жанат Жәкібаев пен Мұзды аренада 

авторлық бақылау жасайтын ЖВ мен СК ин-

женері Рашид Шәкірбековті кезіктірді. 

17

BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015



16

МЕН ЖӘНЕ МЕНің ОТБАСыМ




жүктеу 457,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау