Келісілді:
Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі
орынбасары:
_________ Н.Т.Сагинбаева
" "тамыз 2023жыл
|
|
Бекітемін: Колледж директорды:
_________ К.Б.Курабалдиева
" " тамыз 2023жыл
|
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған
оқу жұмыс бағдарламасы
Модуль/пән: ЖБП 00 Жалпы білім беретін пәндер/ информатика
(модуль атауы)
Мамандық01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
(коды және атауы)
Біліктілік 4S01140101 Бастауыш білім берумұғалімі
(коды және атауы)
Оқыту нысаны күндізгі негізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны:48
Кредит :2
Бұл оқу жұмыс бағдарламасы «Математика, физика, информатика» кафедра отырысында қаралып, МКҚК Индустриалды кеңесімен бірлесе әзірленіп, педагогикалық кеңеске ұсынылып, бекітілді. 2023 ж « » тамыз №1 хаттама
Әзірлеуші (-лер) ________Б.М.Тұрсын
Кафедра жетекшісі: _______ А.Р.Смагулова
Түсіндірмелі жазба
Оқу жұмыс бағдарламасы 01140100«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4S0114101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінің жалпы пәндер модуліне арналып жасалынды. Жалпы пәндер модулінің «Информатика» пәні 2(48 сағат) кредиттік көрсеткішін қамтиды.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы (5-қосымша) басшылыққа алынды.
Оқу жұмыс бағдарламасының рәсімделуі №382 бұйрық, 7-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандарына негізделген (аталған оқу жұмыс бағдарламасының бөлімдері міндетті болып табылады. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 1- тармақшасына сәйкес педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және пән/модуль ерекшеліктері мен білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып қосымша элементтер енгізуге құқылы.
«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығы және Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2008 жылғы 18 наурыздағы№ 125 бұйрығына өзгеріс енгізілген 12.05.2022 № 193 бұйрығы негізге алынды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы "Информатика" пәні бойынша оқу бағдарламасы
4-бөлімнен тұрады:
1 – ші бөлім : «Компьютерлік жүйелер».
2 – ші бөлім : «Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру»..
3 – ші бөлім : «Ақпараттық процестер және жүйелер».
4 – ші бөлім: «Қосымшаны құру».
01140100«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4S0114101 «Бастауыш білім беру мұғалімі»біліктілігі информатика оқу пәнін меңгеруге 48 сағат 1семестрге 24/1 кредит, теориялық 14 сағат, тәжірбиелік 10 сағат, 2 семестрге 24/1 кредит, теориялық 14 сағат, тәжірбиелік 10 сағат бөлінген. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды. Хаттама №1,15 шілде 2020жыл бекітілген, негізгі орта білім базасында, қоғамдық гуманитарлық бағыттағы Үлгілік оқу бағдарламасынан тақырыптар тізбесі алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |