Приложение 1
к Правилам ведения
по учебно-методической работе
«МИРАС» КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ
БЕКІТЕМІН
«Мирас» колледжі
мекемесінің директоры
___________Н.К.Абуева
«___»______2022ж
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Модуль атауы :___________________________________________________________
Пән атауы : ____қазақ тілі (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)________________
Мамандық: __10150100 «Туризм»
(коды және атауы)
Біліктілік: 4S10150104 «Туризм менеджері»
(коды және атауы)
Курс:_____1_____________
Тобы: Т-221 (г) _____________________
Оқыту нысаны: __күндізгі________ негізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны __120____, кредит саны: ___5_____
Әзірлеуші (-лер): ____________ Туленбаева С.Т.
(қолы) (Т.А.Ә)
Шымкент 2022
1.ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Пән/Модуль сипаттамасы:
Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.
Жұмыс оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттер тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай - ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
білім алушыларда қазақ тілін күнделікті өзі еркін қолданып жүрген қарым - қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып - білу дағдыларын қалыптастырады;
қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;
тіл бірліктерінің қарым - қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық - коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым - қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |