40
Бисенбаева М. К.
Алматы қаласы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының аға оқытушысы
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартылған білім беру
бағдарламасымен
оқыту
Қазақстанның
білім
беру
жүйесін
реформалауға
айтарлықтайүлесқосуына жолашады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім
беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу
керектігін атап көрсетеді.
Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің
қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне
кіріктірумен сипатталады. Мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ
еңбектің негізінде берекелі қоғам құрып, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу үшін
де қол жеткізетін басымдықтардың бірі ол – білім [1].
Білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру
үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі.
Қазіргіуақытта тың жаңа идеялармен әр сабақты түрлендіріп, жан-жақты жаңаша
оқытудың тиімді жолдарымен оқыту – заман талабы.Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек[2].
Әлем бойынша білім беру жүйесінде келешек жастарға қандай білім беретіні туралы
мәселе туындауда. Осы мәселенің негізінде «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені
оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сауалдардың туындайтыны
рас. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге
асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты. Сондай-ақ,
оқушылар оқу арқылы мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан
даму мүмкіндігіне ие болады. Оқу оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне де, алған білімін
әрі қарай дамытуына мүмкіндік береді.
Неліктен
енгізілген
жүйе
тіл
мамандарынан
бастау
алды?
Жаңартылған білім беру бағдарламасы тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдау, айту,
оқу, жазу) аса назар аударылып отыр. Оқу кезеңінен жазба тілге дейінгі оқытудың
бірізділігін жүзеге асыруды көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы қарым-
қатынас құрудың маңызын түсіну және сабаққа арналған тілдік мақсаттарды белгілеу
көзделген. Тілдік мақсат үш тілде оқытудың коммуникативті дағдыларын дамытуды қолдау
болып табылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының іске асуы үшін:оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін енгізу арқылы білім беру саласындағыхалықаралық үрдістерді, білім беру
бағдарламасын
құру
теориясын,
оқыту
тәсілдерін
енгізуге
негізболатынтеориялықалғышарттарды қарастырады.
Жаңартылған
білім
беру
бағдарламасының
алға
қойған
мақсаты:оқу
бағдарламасыныңқұрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін,мазмұны
жәнемақсаттарымен танысып, педагогикалық тәсілдерді түсініп жәнеқолдана білу арқылы
оқу мақсаттарына қол жеткізуде критериалды бағалау жүйесін тиімді пайдалану арқылы,
оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру [3] .
Өз білімі мен мәдени деңгейін үздіксіз арттырып отыратын, өзіне және қоғамға пайда
келтіре алатын, табысты бола алатын жоғарыадамгершілікті, шығармашыл, сыни ойлайтын
тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту – заман талабы. Егер оқытудың дәстүрлі моделінде
41
берілген тапсырмаларды мезгілінде орындаған білім алушы жақсы оқушы деп есептелсе,
жаңарған білім мазмұнында алдыңғы орында жігерлілік тұрады, ол өмірде табыстылық,
ұтқырлық, түрлі мәселелерді шешу даярлығына кепіл бола алады. Білім мазмұнын жаңарту
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды, көпмәдениетті тәрбиені болжайды,
үштілді білім беру саясатын, мұғалімдердің кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды
пайдалануын ескереді [4] .
Елімізде білім жүйесінде жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейдегі
ұлттық мәндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламаларының, бағалаудың,
оқулықтардың және педагогиканың ұлттық стандарттарымен байланысты өзекті білім
берудегіқұндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жетістіктерін арттыруды,
сонымен қатар, инновациялар мен озық тәжірибелерге қол жеткізуді, ұлттық сәйкестікті
мектепбағдарламасы арқылы растау мен іске асыру үшін және барынша ауқымды
халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуі үшін қажетті дағдыларды дамытуды қамтиды.
Ғалым Андерес Шлейхердің: «ХХІ ғасыр мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста
және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып,
ұлттық және жаһандық пікір алуандылығының шынайылығын ұғынатын өзіндік дербестігі
мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек» деген пікіріне сүйенсек, Қазақстандағы
жаңартылған білім беру бағдарламасының нәтижесі оң әсерін беретіні сөзсіз. Ғылым
саласындағы мұндай елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға және табысты болу үшін әрбір
азаматқа қажетті білім мен дағдыға терең әсерін тигізеді», - деп оң бағасын берген [ 3].
Әсіресе,орыс
тіліндеоқытатынмектептерде
оқушыларға
қазақ
тілін
оқыту
барысындаоқылым, жазылым,айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту арқылы алған
білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-
қатынасжасаудатиімдіқолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Оқушылар қоғамда орын
алатын әр алуан жағдайларда табысты ынтымақтастық пен өзара түсіністік тудырып, қарым-
қатынасқа түсіп,сонымен қатар,тілдікдағдыларынжетілдіре алады.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарламанегізі тілдік бірліктерді және
олардың тіркесімділігі мен қолданылу ерекшеліктері туралы білімді меңгеруде үлкен қолдау
көрсетеді. Осының нәтижесінде мектеп оқушыларыңсөздік қорлары толығып, тілдік
дағдылары жетіледі,ұлттық құндылықтарды құрметтеуді,оны бағалауды үйренеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнында тілді меңгерту – мемлекеттік тілді сонымен
қатар туыстық, достық және бауырмалдыққа баулудың басты шарты болып табылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы қазақ тілін меңгертуде «қазақ тілі саласының
кеңею»фактілері ескерілді.Оқу бағдарламасы сындарлылық теориясына негізделе
отырып,дамыта оқытудың жәнемұғалімдердің көмегімен неге қол жеткізе алатыны
арасындағы айырмашылықты көрсететін жақын арадағы даму аймағы тұжырымдамасын
ескереді.Бұл – оқыту мен оқуда үдете оқытуды көздеу. Қазіргітаңда қазақ тілімен
қатар,орысжәне ағылшын тілдерінқатар үйрету арқылы тілді тез және оңай меңгертуге
болатынына болжамдар жасалып отыр. Тілдік дағдылардықалыптастыра отырып,сын
тұрғысынан ойлай алатын , ақпарат пен білімді енжар қабылдап қана қоймай,белсендітүрде
үйрене алатын жағдай жасау арқылы оқушылар үшін тиімді оқу ортасын бірлесіп құруға жол
ашатын тамаша іргетас.Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда оқушылардың тілдік
құзіреттіліктерін арттыруға көмектесу,тілдің руханиқұндылығын , ол еліміздің азаматтарына
жауапкершілікпен түсінушіліктіжүктейтінінжеткізебілуіміз керек.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру мазмұнын
жаңарту «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында»:«қазақ тілі өмірдің барлық салаларында көшбасшы
болады» дей келе, сонымен қатар жастар қазақ тілі сияқты жоғары деңгейде орыс тілі мен
ағылшын тілін тең үйренуін мақсат етеді. Үш тілді бірдей жоғары деңгейде үйрену үшін
жаңартылғанбілімберубағдарламасы аясында бірлесіп жұмыс істеуді көздейді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |