«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/146
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16728
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   146

 
 
34 
 
Мұғалімнің өз еркімен өткізіледі 
Жоспарлы, міндетті түрде өткізіледі 
Мұғалімді бақылайды 
Оқушыны бақылайды 
Жоспарды жеке өзі жасайды 
Жоспарды бірігіп, ақылдасып жасайды 
 
Ал  Lesson  Study  кезінде    мұғалім  ең  бастысы    оқушыларды  дамытуға,  оқу  ортасын 
құруға  назар  аударады.  Сонда  ғана  оқушылар  ақпаратты  енжар  қабылдамай,  оқу  үдерісіне 
белсенді қатысатын болады.  
Сабақты зерттеудің мынадай артықшылықтары бар: 
1.  Сабақты зерттеу белгілі бір мақсатқа бағытталады; 
2.  Кәсіби біліктілікті арттырудың бір тәсілі 
3.  Әріптестер арасындағы өзара қарым-қатынас орнатады; 
4.  Мектепте білім берудің жаңа бағыты 
5.  Кері байланыс, өз жұмысын талдау 
 Lesson Study-ді, яғни сабақты зерттеу мынадай қадамдардан тұрады: 
1.Бір пәннен сабақ беретін пән мұғалімдері немесе бастауыш сыныптың 4-6 мұғалімі 
бірігіп  топ  құрады.    Мұғалімдер  белгілі  бір  нәтижеге  жетуді  көздейтін,  өзара  сыйластыққа 
құрылған талаптарды  құрастырып алады. 
2.Топтағы  мұғалімдер  сабақты  зерттеудегі  басты  мәселені  анықтап  алады,  мысалы 
«А»  деген  баланың  оқуын  жақсарту  үшін  «Х»  тәсілді  біз  қалай  тиімді  пайдалана  аламыз?
 
3.
Топ мұғалімдері қандай сыныпқа зерттеу сабағын ұйымдастыратынын және қай оқушыны 
зерттейтінін  алдын-ала  ақылдасып  анықтап  алады.  Сыныпта  оқитын  оқушылардың  ішінен 
жоғары,  орта,  төмен  көрсеткіштері  бар    үш  оқушыны  (А,Б,В)  таңдап  алады.  Lesson  Study-
діңаяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетіні туралы қысқа жазып қояды. 
4.Топ  мұғалімдері  бірігіп  зерттеу  сабағының  жоспарын  жасайды.  Жоспар  жасау 
барысында  зерттелетін    үш  оқушының  деңгейіне  қарай  тапсырмаларды  іріктеп  алады.
 
5. Топтың ішінен  бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді де, қалған  мұғалімдер зерттелетін 
оқушыны ерекше назарға алып, байқағандарын жазып отырады.
 
6.  Сабақтан  кейін  мұғалім  бірнеше  оқушыдан  зерттеу  сабағы  туралы  пікірлерін 
тыңдайды. 
7. Сабақ бітісімен топ мұғалімдері сабақты талдауға кіріседі. 
Сабақты талдау төмендегі құрылым бойынша жүргізіледі: 
- бақылауға  алынған  оқушылардың  оқу  нәтижесі  жоспарлау  кезінде  алдын-ала 
жасаған болжамға сәйкес келген-келмегенін салыстырады. 
- сыныптың жаппай сабаққа қатысу деңгейі тексеріледі; 
- зерттеу  сабағының  барысы  мен  оқыту  үдерісі  қалай  ұйымдастырылғаны 
анықталады; 
- зерттеу  сабағында  қойылған  оқу  мақсатының  нәтижеге    жеткен-жетпегені 
анықталады; 
- зерттеу  барысында  анықталған  мәселелердің  негізінде  келесі  сабақтың  сабақ  
мақсаты қойылады;  

топ мұғалімдері келесі зерттеу сабағының жоспарын бірігіп жасайды.
 
Lesson  Study-дің  2-3  циклінен  кейін  топ  оқу  мен  оқытуға  өзгерту  енгізу  жөнінде 
ақылдасып, шешім қабылдайды. 
Мектепте  шағын  топ  құрып,  сабақты  зерттеу  жұмысына  мектептің  әкімшілігін  де 
қатыстырған  дұрыс.  Себебі  бұл  жерде  ұстанатын  негізгі  қағида  тек  сол  сабақтың  табысты 
болуы ғана емес, мектепте оқытудың жалпы сапасын жақсартуға бағытталады. Lesson Study-
ді  жүргізуді  мектептің  оқу  жоспарына  енгізіп,  оны  жүргізу  мұғалімдерге  міндеттелген 
жағдайда  ғана  бұл  әдіс  табысты  болады.  Сондай-ақ  әрбір  сабақты  жоспарлауға  кеткен 
мұғалімдердің уақытын да есептемеуге болмайды. Сондықтан мұғалімнің еңбегіне төленетін 
жалақы  мәселесі  де  дұрыс  шешімін  табуы  керек,  себебі  Lesson  Study  жүйелі  түрде  үздіксіз 
жүргізілетін, ұзақ уақытты қажет етеді. 


 
 
35 
 
Сабақты  зерттеу  кезінде    мұғалімнің  іс-әрекеті  ғана  емес,  оқушылардың  оқу  әрекеті 
бақыланады.  
Көп  жағдайда  мектепте  жүргізілген    академиялық  зерттеулер  шынайы  болмайды,  
онда  өмірден  тыс  қалған  ақпарат  басым  келеді.  Ал  егер  мұғалімдер  Lesson  Study  арқылы, 
яғни нақты сабақ беру тәжірибесі  (практика) арқылы зерттеу сабағын жүргізумен айналысса 
мектептегі  оқытуды  жақсартуға  мүмкіндік  ашылар  еді.  Сондықтан  да  аудандық  немесе 
облыстық  оқу-әдістемелік камтамасыз ету  бөлімінің мамандары мұғалімдердің кәсіби және 
ғылыми  біліктілігін  арттыру  мақсатында  осы  әдісті  қолдану  мүмкіндігін  мұғалімдерге 
түсіндіріп,  оны  ұйымдастыруға  көшбасшы  болса,  онда  Lesson  Study  тәсіліне  деген 
қызығушылық артып, оның құндылығы кеңінен мойындалар еді.  
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
 
1. 
Пит Дадли. Lesson Study: нұсқаулық. Астана 2015. 
2. 
Асхат Әлімов.  Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. Алматы, 2015ж. 
 
 
Білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтың кәсіби  
қалыптасу моделін жүзеге асыру 
 
Бисалиева А.Т
«Сәулет» мектеп-лицейінің 
 оқу ісінің меңгерушісі 
 
Бәсекеге  қабілеттілік  деңгейін  айқындайтын   негізгі  өлшемдердің   бастылары    білім 
саласымен тікелей байланысты. Қазіргі таңда білімнің өзектілігі күннен-күнге өсе түсуде. 
Әлемдегі ең жақсы мектеп жүйелерінің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, білім сапасын 
арттыруға  себеп  болатын  үш  фактор  анықталған:  1)мектепте  мұғалім  тұлғасына    лайық, 
икемі бар адам жұмыс жасау керек;  
2) ұстаздарды оқытудың тиімділігі арттыратындай дайындықтан өткізу;  
3) әр оқушы сапалы білім алуына жағдай туғызу.  
 «Мектептің  жаны  –  ол  ұстаз»  -ұлы    сөздер.    Жалпы    жоғары  тиімді  мектеп 
жүйелерінің  құрылысымен  және  оқыту  мазмұнымен  ерекшеленетін  болса  да,  барлығы 
мұғалімнің  жұмыс  сапасын  басты  назарда  ұстайды.  Кезінде  Германия  канцлері  Бисмарк 
франко-пруссия  соғысын  прусс  солдаты  емес,  прусс  офицерін,  фельдфебельді,  инженерін 
және солдатын тәрбиелеген прусс ұстазы жеңіп алды деген. 1961 ж 12 сәуірде Юрий Гагарин 
алғаш  рет  космосқа  ұшқан  кезде  АҚШ  президенті  Джон  Кеннеди  «Космостан  орыстарға 
мектеп партасында ұтылып қалдық» деген екен. Сондықтан да мектеп жұмысы мен оқушы 
жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. 
  Қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесінде    белсенді  түрде  инновациялық 
технологиялар  енгізілуде.  Сол  өзгерістерге  сай  мұғалімдердің  білімі  мен  біліктеріне  қатар 
олардың кәсіби даму деңгейіне де талаптар күшейді. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  1996  жылғы  «Дарынды  балаларға  арналған 
мектептерге  мемлекеттік  қолдау  көрсету  мен  дамыту»  туралы  Жарлығына  сәйкес  талантты 
жастарды  қолдау  мен  дамыту  мақсатында  2002  жылы  2  қыркүйекте  Тасқала  ауданында 
жаратылыстану-математика  бағытында  «Сәулет»  мектеп-гимназиясы    ашылды.  2002  жылы 
28  тамызда  Батыс  Қазақстан  облысы  әкімиятының  №273  қаулысы  негізінде  құрылған, 
құрылтайшысы  Тасқала  аудандық  білім  бөлімі  болып  табылады.  Бірінші  уақытта  аз  ғана 
оқушымен, кішкентай ғимаратта.  Мектеп-гимназияның ашылуының басты себепкері болған 
кәсіби  шеберлігі  жоғары,  өз  ісініне  жоғары  жауапкершілікпен  қарайтын,  энтузиаст,  облыс 
көлемінде  танымал  математика  пәні  мұғалімдері  болғаны.  Олар  Тасмағамбетов  Бақтығұл 
Жұмажанұлы  (мектеп  басшысы  болып  тағайындалды),  Кабдешов  Досымғали  Қабдешұлы, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау