36
Акишева Роза Ізімқызы. Осы мұғалімдер мектепке математика, физика пәндеріне икемді
дарынды және талантты балаларды жинап,балаларға білім беруде барынша жоғары
жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысты. Креативті, дивергентті және
сын тұрғысынан ойлауорын тапты. Себебі оқушылар, ата-аналар, құрылтайшы, аудан
жұртшылығы алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Олардың сенімін қалай да ақтау және де
дәлелдеу керек болды. Соған байланысты бір мәселенің бірнеше шешімін тауып, оларға
өзгеше қарап, шығармашылықпен, ерекше тәсілдермен шешуге тура келді. Соның
нәтижесінде оқушыларда ерекше мектепке деген патриотизм сезімі пайда болды, қалайда
қиын есептерді шығаруға тырысу, облыс көлеміндегі өтетін жарыстарда орын алу, соның
арқасында мектепті танытуға ұмтылыс. 2003 жылы оқушылар облыстық математикалық
регатада орын ала бастады, содан кейін облыстық пәндік олимпиадада көрінді. Ғылыми
жобамен математикадан Республикалық деңгейіне қатысқан оқушы болды, 2004 ж.
Қалниязов Дархан «Құрамында модулі бар теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешу»
тақырыбымен. Интернет жүйесіне шығу, алғаш рет қашықтықтан оқыту сол жылдары алғаш
рет ауданда гимназияда жүзеге асты. Гимназияда оқушыларды өзгеше (критериалды) бағалау
жүйесі, яғни гимназиялық баға енгізілді. Мектепке мұғалімдер конкурс негізінде іріктелді,
аудан мектептеріндегі ең мықты мұғалімдер қабылданды. Университет бітірген жас ұстаздар
келді. Оларды ұжым ретінде, жас және тәжірибесі аз мұғалімдерді үйрету, педагог ретінде
қалыптастыру мектеп басшысы мен тәжірибелі мұғалімдерінің басты міндеттерінің бірі
болып саналды. Жаңа оқу орнын ұйымдастыруда, ондағы білім-тәрбие мазмұнын
айқындауда, әр алуан бағыттарды, идеяларды және өзіміздегі, жалпы білім беруіміздегі
дәстүрлі қалыптасқан кейбір тәжірибелерді негізге ала отырып, өз бағытымызды айқындау
міндеті тұрды. Ақырында нәтижеге бағытталған оқу-тәрбие үдерісі орнатылды.Білім беру
ұйымның беделі жылдар, кейбірде ғасыр өткен соң орнатылады. Егер мектептің беделі
жоғары болып орнатылса, ол айналасына энергияны шашып, «маховик» секілді жұмыс
жасай бастайды. Мектеп танымал және беделі жоғары болса, оның мүмкіншіліктері де
жоғарылай бастайды. «Сәулетте» жұмыс жасайтын мұғалім немесе «Сәулетті» бітірген
оқушы үлкен бренд болып әлі де саналады.
Мектепке оқушылар конкурс негізінде қабылданатын болғандықтан, келген
оқушының мотивациясы жоғары болады. Себебі ол жақсы білім аламын деп келеді.
Сондықтан да мектеп мұғалімдерін білім іздеп келген оқушылардың ниеті ынталандырады,
ізденіске итермелейді. Мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасу, бір-бірінің сабақтарына
бейресми түрде қатысуы, бірігіп сабақ берулері дәстүрге айналды. «Жақсы нәтижелерге
қалай жету керек?» деген сұрақ барлық мұғалімдерді толғандырады. Себебі білімінің
дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін үнемі ұстап
тұра алмайды, білімді үнемі жетілдіріп отыру керек. Ойшыл Плутарх кезінде былай
депті:“…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар
дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып
тынады”.
Біздің де оқушылар сияқты әр түрлі педагогикалық қабілеттеріміз бар. Педагогикалық
қабілеттер - функционалдық жүйе, сондықтан оның басты критерийі оқытудың нәтижесі
болып табылады. Қабілеттіліктен басқа кәсіби шеберлік мұғалімнің кәсіби құзыреттілігімен
байланысты. Қазір кез-келген проблеманы шешуде шығармашылық тұрғыда қарайтын,
салыстыра алатын, талдау жасайтын, зерттеушілік, кез-келген жағдайдан шыға алатын
педагог қажет. Сондықтан да біздер мектепте білім берудің жеке пікірі креативті, кәсіби
тұрғыда жоғары деңгейдегі маман тәрбиелеудегі іс-тәжірибемізді ұсынамыз. Педагогикалық
қабілеттер – бұл жүйе, сондықтан оның басты өлшемі қызметтің нәтижесі. Мұғалімнің
қабілеттері, кәсіби деңгейі оның кәсіби құзыреттілігімен байланысты. Педагогикалық ұжым
мүшелерінің кәсіби деңгейі бірден жоғары болып келмейді, нәтиже бірден болмайды. Бұл
педагогикалық ұжым қалыптасуы бірнеше жылғы мақсатталған үрдіс. Осыған сәйкес мектеп
жұмысын ұйымдастыруда ұжым болып проблемаларды анықтап, оның шешу жолдарын
37
талқылаймыз. Талдау барысында анықталған проблемалар бойынша педагогтардың өзін-өзі
кәсіби жетілдіруі үшін, оның теориялық негіздерін білу қажеттілігі туындайды. Осыдан
мектептің зерттеушілік тақырыбы анықталады. Зерттеушілік тақырыбы төңірегінде
мектептің әдістемелік тақырыбы және одан әр педагогтың жеке тақырыбы шығады. Тақырып
бойынша жұмыстардыңнегізі – әр педагогтың өзін-өзі зерттеу функциялары және кәсіби
жетілдіруі болып табылады.
Мұғалімнің осы бағытта нәтижелі жұмыстануы үшін:
- Мектепте әріптестер арасындағы толеранттық қарым-қатынас, өз іс-тәжірибесімен
алмасуға болатын ашық инновациялық орта қалыптасқан;
- Әріптестер арасында жан-жақты, бей ресми өзара белсенді қарым-қатынас
орнатылған;
- Мектептің дамуына әр педагог белсенді түрде өз шығармашылық жұмысымен үлесін
қосады.
Осы тақырыпты жүзеге асыру үшін келесі әдістер кешені пайдаланылады:
- Теориялық –жеке іс-әрекетінің жан-жақты талдауы, синтезтеу, абстракциялау,
нақтылау, модельдеу, педагогикалық тәжірибені талдау, талдаудан алынған эмпирикалық
деректер мен өз қызметін ретроспективті талдауын жинақтау.
- Эмпирикалық-тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, озық тәжірибені зерттеу және
талдау, бақылау, сауалнама, рейтинг, әңгімелесу, сұхбат алу, өзін-өзі бағалау, сараптамалық
бағалау жүргізу.
Тақырып бойынша жұмыс жүргізу барысында әр түрлі өлшем пайдаланылып,
талдаулар, ақпарат жинақтау, салыстыру қызметтері атқарылуда.
І кезеңде – тақырып бойынша мұғалімдердің теориялық дайындық деңгейі, қажетті
жағдайлардың болуы анықталады.
ІІ кезеңде – мұғалімдердің осы тақырып бойынша өзін-өзі кәсіби даму деңгейлерінің
критерийлері көрсеткіштері жасалады.
ІІІ кезең – зерттеу нәтижелерін талдау, сапалық және сандық нәтижелерін жинақтау.
Бағытталған, жүйелі жұмысты ұйымдастыру нәтижесінде әр мұғалім нақты өзінің
жеке даму траекториясын анықтау барысында жеке тұлға ретінде психологиялық, кәсіби
маман ретінде өзгереді және өзін-өзі тәрбиелейді. Бұның себебі зерттеушілік дағдыларын
дамыту барысында жаңа жолдар, бағыттар іздеуде мұғалімнің жаңа педагогикалық
құндылықтары пайда болады: өзіндік сана, өзін-өзі дамыту, креативті, коммуникативтік,
рефлексиялық және болжау қабілеттері.
Біздің мектеп мұғалімдерінің өзін-өзі кәсіби жетілдіруін қарқынды дамыту моделі
бағытта жүргізіледі.
Педагогтың өзін-өзі кәсіби жетілдіруін қарқынды дамыту моделі
1 – кезең
мотивациялық
2 – кезең
ұйымдастырушылық
3 – кезең
рефлексивті
ОРТА
Инновациялық орта
Мектептің
даму
жоспары,
ғылыми-әдістемелік
жұмыс
жүйесі
Толеранттық орта
Психологиялық орта, позитивті
қарым-қатынас,
демократиялық
тұрғыда
басқару,
әлеуметтік
педагогикалық қолдау, диалог
Ашық орта
Мектептен тыс кәсіби қарым-
қатынас, ақпараттық кеңістік,
тәжірибені жинақтау және
насихаттау жүйесі
НӘТИЖЕ
Өзім жасай аламын
(қызмет атқарушы субъект)
Басқалармен бірге жасай аламын
(әрекет етуші субъект)
Басқалар үшін істей аламын
(өзгеріске бейім субъект)
КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТ ДЕҢГЕЙІ
Репродуктивті
Әрекеттің
талапқа
сай
таңдаулы түрлерін меңгереді
Эвристикалық
Жеке жұмыс стилі қалыптасады
Креавтивтік
басқалармен қарым-қатынаста
жеке стилі қалыптасады
Достарыңызбен бөлісу: |