38
Мұғалімдердің кәсіби қалыптасуына басшылық ету келесі міндеттерді іске асыруды
талап етеді.
І кезең – мотивациялық – мұғалімдерді зерттеушілік іс-әрекетке тарту.
ІІ кезең – ұйымдастырушылық – педагогтарды инновациялық технологияларға оқыту.
ІІІ кезең – рефлексивті - алған іс-тәжірибелерін жинақтап, таратуға мүмкіншілік беру.
Мектептің даму жоспарын дұрыс жасау арнайы ұйымдасқан орта қалыптасуына,
зерттеушілік жұмыстарға бағыттау, педагогтардың білімін жетілдіру жүйесінің қалыптасуы
нәтижесінде мұғалімнің өзінің жеке беделінің артуына әкеледі.
І. «Мен өзім жасай аламын» кезеңінде басқарушылық іс-әрекеттер мұғалімдерді бір
мақсатты көздейтін, біріккен жұмысқа ұйымдаса алатын ұжымға топтастыру болып
табылады. Олардың алға басуының бір шарты әр түрлі жерлерден ақпарат алу, өзі
тәжірибелеріне сүйену және әріптестерімен ақылдасып, пікірлесу болады.
ІІ. «Басқалармен бірге жасай аламын» кезеңінде мұғалімдер өзін-өзі басқару,
жұмысын жетілдіругеүйрену арқылы жеке белсенді іс-әрекет жасауға бағытталады.
Мұғалімдердің тақырып бойынша табысты жұмыс жасауына мектептегі ғылыми-әдістемелік
жұмыс жүйесі, әдістемелік бірлестікте, шығармашылық топтардағы ізденушілік,
шығармашылық жұмыстары әсер етеді. Бір пән мұғалімдері, деңгейлік бағдарлама бойынша
біліктілігін арттырған мұғалімдер топтары бірігіп сабақтарын жүйелі түрде жоспарлайды,
зерттейді, талдайды, іс-тәжірибелерімен алмасады.
Қорытынды «Басқалары үшін істей аламын» кезеңінде міндеттері болып табылатыны:
тақырып бойынша меңгерген технологияларымен, жинақталған тәжірибелерімен бөлісу,
оларды басқаларға үйрету, тарату.
Біздің моделіміз бойынша ұйымдастырған жұмыс нәтижесінде келесі қорытындылар
жасауға болады.
1. Педагогтардың кәсіби өсуіндегі маңызды мәселе –ол қажеттіліктің туындауы, оң
қызығушылықтың пайда болуы, өз іс-әрекетінің мақсатын анықтай алатыны. (Мен өзім
жасай аламын, сондықтан мен осы тақырыпты зерттеймін...)
2. Белсенді инновациялық іс-әрекетте жұмыс жасауы тұлғаның өзін-өзі дамытуына
әкеледі. (Басқалармен бірге жасай аламын, өзара қарым-қатынаста тәжірибе жинақтай
аламын).
3. Өз тәжірибесін жинақтау, талдау, алмасу, кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытуға әкеледі
(Басқалар үшін жасай аламын, сонда өзім үнемі кәсіби жетілемін, өсемін).
39
Қазіргі таңда «Сәулет» мектеп-лицейінде 46 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде
75% жоғары және бірінші санатты мұғалімдер. Мектеп аудан мұғалімдері үшін әдістемелік
орталық болып саналады. Себебі, мектеп педагогтары өз іс-тәжірибелерімен облыс, аудан,
мұғалімдерімен үнемі алмасуда. Мектепте мұғалімдер үшін тақырыптардың берілуі, есептер
шығару жолдары, сабақтарды ұтымды ұйымдастыру, қосымша білім беруді ұйымдастыру,
жаңа технологияларды тиімді пайдалану, оқушыларды олимпиадаларға, интеллектуалдық
байқауларға дайындау бойынша шеберлік кластары, оқыту семинарлары, конференциялар
аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылып, өткізіледі.
Мектеп мұғалімдері облыс, республикалық деңгейде шығармашылық кәсіби
байқаулар мен сайыстарда, олимпиадаларда, регаталарда жүлделі орындарға иеленуде.
Сонымен қатар, мұғалімдердің іс-тәжірибелері халықаралық, республика, облыс, аудан
көлемінде таралуда.
Мұғалім ізденімпаз болса, оқушы білімпаз болады. Мектеп оқушылары жүйелі түрде
халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалар, ғылыми жобалар,
интеллектуалдық, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары аталуда.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,
халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін
дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда
еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен
жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы
жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің,
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті
мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты –
мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге
қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге
бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Введенский В.Н. Моделирование профессиональной компетентности педагога //
Педагогика. – 2003. – №10. – С. 51-55.
2. Кучугурова Н.Д. Формирование профессиональной компетентности будущего специалиста
// Проблемы и перспективы педагогического образования в XXI веке. – М., 2000. – С. 360-362.
3. ҚұрманалинаШ.Х.жәнет.б. Педагогика. Астана-2007. 274-307 бет
4. Компетенции в образовании: опыт проектирования : сб. науч. тр. / под ред. А.В.Хуторского.
– М.: Научно-внедренческое предприятие «ИНЭК», 2007. - 327 с.
Жаңартылған білім беру мазмұны – болашаққа бағдарлану негізі
Достарыңызбен бөлісу: |