53
моделіндегі білім жетілдіру курстарының жаңа бағыттары» тақырыбында он-лайн семинар
көрсетті.
Ізденіс пен шығармашылықты басты орынға қойған бірнеше колледждеріміз Дүние
жүзілік даму банкінің арнайы жобасына қатысып, әр түрлі мамандықтар бойынша грант
иегерлері атанған. Сол жобалардың негізінде Дүние жүзілік банк есебінен 147 модульдік
білім беру бағдарламалары әзірленген болатын. Алматы экономикалық колледжі жобаның 2
кезеңі бойынша грантты ұтып алып, CISCO желілік академиясының жоғары технологиялық
құрылғыларын иеленгендіктен, академияның оқу ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік
алды. Бағдарламаның біреуін Алматы экономикалық колледжі «Ақпараттық жүйелер»
мамандығы бойынша эксперименттік оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын Беларусь
Республикасының кәсіптік білім институтымен бірлесіп даярлап, Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігімен бекітті. Алдағы оқу жылында оқытушыларға
ұйымдастырылатын біліктілік арттыру курстарын қашықтықтан оқытуды жоспарлап
отырмыз. Бұл оқу үрдісінің үзілмеуіне, оқытушылардың уақытын үнемдеуіне, қаражат
шығынын азайтуға және білімді тұрақты жетілдірудің мүмкіндіктерін туындатпақ.
Жаңашылдықтарды сапалы ендірудің талаптары күннен-күнге артып отырған тұста
2020 жылдан бастап, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын халықаралық
аккредиттеуден өту жобасы енгізіліп жатқаны баршаға аян. Осыған орай, 2020 жылға дейін
колледждердің аккредитациядан өту кестесі бекітілген. Қазіргі таңда әр мамандықтықтың
толыққанды мүмкіншіліктерін заманауи құрылғылармен жабдықтау мәселесі колледждерге
үлкен ауқымды жұмыстарды қойып отыр. Десек те, Талдықорған медициналық колледжі 3
мамандық бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтіп,
Финляндияның JAMK ғылыми қолданбалы университетімен отырған келісімшарты
негізінде болашақ мамандарға «Медбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат
біліктілігін алуға мүмкіндік тудырды. Ендігі кезекте әдістемелік кабинет колледж базасында
оқу ісінің орынбасарлары мен әдіскерлеріне 2 күндік оқу семинарын ұйымдастырмақпыз.
Әлеуметтік әріптестік-кәсіби дайындық сапасын арттырудың шарты болғандықтан,
біздің серіктестігіміз Өрлеу» БАҰО, ЖОО-мен, педагогикалық шеберлік орталықтарымен,
Өңіраралық интеграция, РҒӘО, Кәсіпкерлер палатасы, ҚРКҒА тұрақты қалыптасқан.
Сондықтан облыстық әдістемелік кабинетінің әріптестігі Сіздермен одан әрі жалғасын
табады деп сенемін.
Жаңа білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты болашақта арнайы модульдерді
қысқа мерзімде, қайта даярлауға және біліктілікті арттыру үшін қолдану мүмкіндіктерін
туындату арқылы автономды және белігіл нәтижеге (құзырет) жету болып келеді. [3] Біздің
барлық іс-шараларымыз «Ұлт жоспары-100 нақты қадамды», «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын
және мемлекетімізді жаңа тұрпатта дамытуға бағытталғандықтан, кәсіптік білімнің беделін
арттыру басты міндетіміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2016
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Халқына
Жолдауы Астана. 30.11.2015 el.kz/m/articles/view/
3.Бөрібеков Қ.Қ., Далабаев Ж.Қ. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жаңа білім беру
бағдарламаларын әзірлеу және енгізу/ әдістемелік құрал. – Астана: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ,
2015. - 108 б.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік
қызметті мақсатты ұйымдастыру сапа кепілі