208
байланыс алынып, оқушылардың сол сабақ туралы пікірлерін біліп, келесі сабақтың
жоспарын жасау барысында айтылған ұсыныстарын ескеріп отырдым.
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үрдісініңбарлық аспектілеріне белсенді
қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес
береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент
жасайды және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.
[М.А.Н.30-бет]
Оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырдым. Оқушылар өз
пікірлерін, көзқарастарын еркін түрде білдіруіне жағдай туғызуға тырыстым.Оқушы өз
пікірін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса,
онда мұғалімнің биік шыңға қол жеткізгені болмақ.
Жаңа технологияны оқушы бойына сіңіру – теориялық білім мен практикалық
дағдыны шебер үйлестіруді талап етеді.
Қазіргі ұстаз қандай болуы керек?
Қазіргі заман мұғалімі
:
- оқыту мен тәрбиелеу технологияларының қыр- сырын меңгерген
-
шығармашыл
- мақсат қойып,
оны шеше білетін
- балаларды және өз мамандығын сүйетін
- Өз ісіне берілген
-
Біліктілігін көтеріп, оқып- үйренуден талмайтын
- Шыншыл,
адамгершілігі мол, тәртіпті
- Салауатты
өмір салтын ұстанатын
Қорыта келегенде мұғалім ретінде алға қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық
педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін
арттыру. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп , алға қадам бастап
келеді. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты
ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс
жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге
үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың
абыройлы борышы деп ойлаймын. Роддоктың зерттеуінше «оқушы үні» анық, айқын, Карл
Роджерстің өзіндік «мені» қалыптасқан, Абрам Маслоудың иерархиясының ең жоғарғы
сатысына көтерілген, өзін-өзі таныта білетін шәкірттеріңіз көп болсын демекпін. «Мектеп
жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронг айтқандай,
өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсінетін ұстаз болайық.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. М.: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ,
2016
Мектепке дейінгі ұйымдағы озық тәжірибе
209
Елешова А.И.
БҚО Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны,
І санатты әдіскер;
Каженова Н. Г.
БҚО Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны,
жоғары санатты орыс тілі мұғалімі;
Елешова М.И.
БҚО Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны,
ІІ санатты ағылшын тілі мұғалімі.
Білім берудің алғашқы деңгейлері мектепке дейінгі ұйымдардан басталады. Кішкене
бүлдіршіндердің жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың шығармашыл да
сауатты болуы өте маңызды. Педагог жүргізген тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас
тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала – тұлға, өзінше бір
әлем, ал әр педагогтың міндеті - әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде
барлық ұстаздардың алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді,
шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. Халықтың
болашағы – ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. Елімізде отаншыл, патриотты жаңа жас
ұрпақ өсіп келеді. Бұлар – тәуелсіздіктің балалары. Міне, Елбасы осы ұрпаққа айрықша үміт
артады. Елдің ертеңі осылар деп қарайды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін осы ұрпақпен
тікелей байланыстырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде сапалы білім мен саналы
тәрбие жүргізуге жағдай жасауда.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы №34 «Балбұлақ» бөбекжайы 2008жылы
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылып, тәрбиелеу мен оқыту
жұмысын үш тілде жүргізіп келе жатырған ұйым. Бөбекжайда барлығы 35 педагог маман
қызмет атқарады. Олардың жоғары санаттысы – 8 (23%), І санатты- 13 (37%), ІІ санаттысы-
12(34%), санатсызы-2 (6%). Педагогтардың барлығының мектепке дейінгі білімі бар, түрлі
деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары.
Жүйелі жүргізілген жұмыс нәтижесінде, бөбекжайдың іс-тәжірибесі қала, облыс
көлемінде ғана емес, республика көлеміндегі байқауларға қатыстырылып, жүлделі
орындардан көрінуде.
Бөбекжай 2014 жылдың 1-қыркүйегінен Орал қалалық білім беру бөлімінің №604-Ө
бұйрығына сәйкес, «Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін интеллектуалды ойындар
арқылы үш тілде дамыту» тақырыбындағы тәжірибе алаңында және 2015 жылдың 20
қаңтарынан ҚР Білім және ғылым министрлігінің №408 бұйрығы негізінде «Жаңа
технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мектепке дейінгі ұйымда
апробациядан өткізу» тақырыбындағы республикалық тәжірибе алаңында жұмыстанады.
Жаңа заман баласын қалыптастыру барысында, тұлғаның дүниесі мен оның қыр-сырын
анықтап, мүмкіндіктері мен қабілеттерінің дамуы үшін бөбекжайымызда бар жағдай
туғызылған. Мектепке дейінгі жастағы балалардың білім алуына бірдей бастапқы
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық
технологиялар (АКТ, дамыту оқыту, ойын технологиясы, т.б.) және интерактивті құралдар
(«Ақылды балапан» интерактивті оқу-танымдық кешені, Фантазёры МУЛЬТИтворчество
бағдарламалы-әдістемелік кешені, Крошка кролик танымдық кешені, электронды қазақ үйі,
Smartboard интерактивті тақтасы, т.б.) тиімді пайланылуда.
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігі әдістемелік нұсқаулар, оқу
үрдісіне енгізілетін әдістемелік сипаттағы мақалалардан көрінуде. Бөбекжайпедагогтары
үздіксіз ізденіспен, жоба жұмыстарын, әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, бағдарламалар