20
жүзеге асыру қолға алынуда. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға
жаңа міндеттер жүктейді. Оның бірден-бір көрінісі мұғалім шығармашылығы мен кәсіби
құзыреттілігі.
Мұғалімді шығармашылыққа ынталандыратын факторлардың бастысы-өзінің
ғылымына, яғни оқытатын пәніне деген шығармашылық көзқарас, пәндік материалдың
дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктерін көре білу. Егер тәжірибе ғылыми білімдермен
нәрлендірілсе , оның жаңашылдық деңгейі жоғарылайды, ғылыми шығармашылық
қалыптасады. Шығармашыл мұғалім –белгілі бір позиция мен әлеуметтік мәртебені
иеленген, өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытуға, педагогикалық ақиқатқа жаңашылдық
түрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндігі бар, өзінің кәсіби мәнділігін жүзеге асыра алатын
маман. Ондай мұғалім қоғам талап етіп отырған дамушы шығарашыл тұлғаны
қалыптастырады. Мұғалімнің шығармашылық еңбегі оның кәсіби әрекетінің биігіне
шығаратын сапа деуге болады.
Педагог шығармашылығының негізгі белгілері:
1) ғылыми талдаулар мен жинақтауларды меңгеру;
2) ғылыми ойларды практикаға енгізе білуі;
3) енгізудің ғылыми-практикалық әдістерін жасау;
4) жоғары кәсіптілікпен көрініп жүрген алдыңғы қатарлы педагогтардың ойларын
көре білу;
5) өз қызметінде озық тәжірибелерді қолдану;
6) педагогикалық еңбекте икемділік көрсету,нақты жағдайларда ыңғайлы шешім
қабылдау біліктілігі;
7) жаңашылдыққа ұмтылуы,қабілеттілікті дамыту,т.б.
Ал бұның бәрі мұғалімнің кәсіби қызметін меңгеруіне байланысты болмақ. Ол:
біріншіден өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке
жетуі, екіншіден практикалық қызметте педагогтың сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі.
Бұл шебер-педагогтың, шығармашыл-педагогтың өз қызметіне, оның нәтижесіне талдау
жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда: Неге жеттім?,
Неге ұмтыламын?, Не кедергі жасайды? Сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен
жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер
жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!»деген сөзі педагог қауымға жүктелер міндетті көрсетеді
[3]. Яғни қоғамның талабы оқушы шығармашылығын дамытудағы мұғалімнің қайталанбас
нәтижелік қызметін дамыту.
Оқушыларға Мәңгілік ел құндылықтарын негізінде сапалы білім беру мен саналы
тәрбиелеудің мәні педагогтардың шығармашылық еңбегі десек, ал ол мектептегі әдістемелік
қызметтің ұйымдастырылуына тікелей байланысты екендігі анық. Мұғалімдер мен
оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырудың көзі- әдістемелік шараларды
ұйымдастырудағы білім беру ұйымы басшыларының кәсіби деңгейі. Яғни өзінің қызмет
жасайтын мекемесіне деген шығармашылық көзқарас, ондағы мамандардың жасұрпақты
оқыту, дамыту және тәрбиелу мүмкіндіктерін көре білу, мақсатты түрде кәсіптік деңгейінің
үздіксіз өсуіне жағдай жасау, көмек көрсету, кәсіптілігінін табысты дамытудағы
жауапкершілікті, сезінушілікті ұйымдастыруға ықпал жасау.
Әдістемелік қызметтіңбасты міндеттері:
-мамандардың шығармашылық қызмет қасиеттері мен креативтік қабілеттерін дамыту
үшін педагогикалық жағдайлар жасау;
-шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру;
-білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі талап деңгейіне көтеру;
-мектепте мотивациялық (құлықтандыру)-оқытушылық орта құру;
-мамандарды жаңалыққа ынталандыру;
- ынта-ықыласты ояту;
21
- мұғалімнің жұмысын байыту;
- жеке ынталандыру;
- тұрақты жаңғырту ;
-ауытқушылықты түзету;
-нәтижелілікті қамтамасыз ету.
Осыдан шығармашыл мұғалімнің бойында сабақ беру өнері, шеберлік, жаңашылдық,
бала табиғатын түсіне білу, педагогикалық такт, артистік, оқушының балалық қылығын
бағалай білу, қызықты, ынталандыратын, бірегей сұрақтар қою, өз білімін жетілдіруге, өз
бетінше жұмыс істеуге ұмтылушылық, ойды түрлендіре білуге қабілеттілік және т.б.
қасиеттер қалыптасатынын байқауға болады. Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы
даярлығы бар мұғалімдермен айқындалады.
Мектепішілік әдістемелікқызметқағидалары:
1) жариялылық қағидасы:білім беру ұйымының мақсатына жету үшін барлық ұжым
мүшесі қамтылады;
2) зерттеушілік қағидасы: оқушыларға сапалы білім беруде мұғалімдердің
шығармашылық белсенділігін қалыптастырады;
3) құзырлылық қағидасы: әдістемелік кәсіби жағынан барлық деңгейдегі қойылатын
талаптың бірте-бірте өсуін пайымдайды.
Қазіргі талапқа сай білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет–педагогты
жеке, авторлық, педагогикалық-дидактикалық, тәрбиелік, әдістемелік жүйелерді құруға
ынталандыратын, өздігінен дамуға көмектесетін шарттардың тұлғаға-бағытталған жүйесі.
Менеджменттің құзыреттілік амалдарына сүйенсек, мектепішілік әдістемелік
қызметте қажетті қабілеттер төмендегідей болуы тиіс:
1.Диагностикалау қабілеті: ұйымдағы ағымды жағдайда түсініп, содан соң мақсатты
деңгей мен ағымдағы мақсаттар, міндеттер деңгейін салыстырып, олардың арасындағы
айырмашылықтарды жою.
2. Бейімдеу қабілеті: заманауи өзгерістер мен жаңа талаптарға сәйкес қызмет
түрлерін және тиімді ресурстарды күтпеген жағдайларға бейімдеу.
3.Қатынас жасау қабілеті: педагогикалық ұжым арасында мақсат-міндеттерді бөлісіп,
солар тарапынан келісім мен ынтымақтастыққа қол жеткізу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832
қаулысымен бекітілген Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында: «Білім беру
нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикалық қызметте
пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау
негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады»
делінген [4]. Осыған орай Мәңгілік ел құндылықтары негізінде тұлғалар қызметін
ұйымдастыруда әдістемелік қызмет барысында жүзеге асырылатын принциптер:
- демократияландыру, яғни оқу-тәрбие үдерісінің барлық мүшелеріне құқықтық,
өкілеттілік және жауапкершілікті бөліп беру;
- гуманизациялау – ізгілендіру, әрбір тұлғаға бірдей қолайлы білім алу бағытын,
дәрежесін, тәсілдерін және формасын таңдау, әр адамның жеке ерекшеліктері,
құндылықтарына сай мәдени - білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
- гуманитаризациялау, білім беру бағдарламаларының ізгілігі, яғни, білім берудің
жалпы адамзаттық құндылықтарға, біртұтастык, бірізділік, сабақтастық және озық сипатта
бола отырып, оқу пәндері мен ақпараттық, дидактикалық әдіс-тәсілдер, технологиялардың
сондай үйлесімді ара қатынаста болуы.
- дифференциялау, бұл принцип білім ұйымдарындағы бағдарламалардың көп
сатылығы, көпсалалығы. Мұндай принцип балалардың, жасөспірімдердің есеюіне,
әлеуметтік қалыптасуына, өз жолын анықтау мүмкіндігін "көлденеңінен" (білім алуда
сынып, сала, бағыт бойынша ауыстыру), сондай-ақ "тігінен" (білім мекемесінің ауысымын,
Достарыңызбен бөлісу: |