«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет93/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   146

 
 
191 
 
Мектепке  дейінгі  жаста  бала  толыққанды  дамуы  үшін  ойын  мен  өндірістік  іс-
әрекеттің  алғашқы  сатылары  аса  маңызды.  Құрастыру  –  қызықты,  тартымды,  пайдалы  іс-
әрекет.  Ол  шынайы  нәрселер  мен  балалардың  ойдан  құрастырған  нысандарын  моделдеуге 
бағытталған  өндірістік  іс-әрекеттің  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  ең  маңыздысы. 
Балаларға арналған құрастырғыштар немесе LEGO – құрастыруды пайдаланудың мақсаты – 
бастапқы  техникалық  құрастыру  дағдыларын  меңгерту,  инженерлік  ой-өрісін  дамыту,  ұсақ 
моторикасын  жетілдіру,  «көз-қол»  координациясын  жүргізу,  құрылым  түсінігін  және  оның 
негізгі қасиеттерін (қаттылығын, беріктігін, тұрақтылығын) зерттеуге мүмкіндік жасау, топта 
әрекеттесу дағыдыларын қалыптастыру. 
Lego  интерактивті  құрастырғышы  немесе  басқа  да  құрастыру  заттарыбалаларға  жас 
зерттеушілер, инженерлер, математиктер ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  
Жеке,  жұптасып  немесе  топтасып  жұмыстана  отырып,  балалар  моделдерді  
мұғалімнің  көмегімен  жасақтап,  зерттеп,  осы  жұмыс  барысында  туындайтын  идеяларды 
талқылайды.  Мұндай  жұмысқа  қажеттісі:  ноутбук  (компьютер),  LegoEducationWeDo9580 
интерактивті құрастырғышы, оның бағдарламалық қамтамасыздандыруы. 
«Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  құрастырушылық  іс-әрекеті  мен  техникалық 
шығармашылығын  түрлі  құрастырғыштармен  мен  LEGO-құрастыру  робототехника  арқылы 
дамыту» білім беру бағдарламасы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып есептелген. 
Бағдарламаның мақсаттары: 
1.  Түрлі  құрастырғыштар  заттар  немесе  LEGO-құрастыру  мен  робототехниканы 
мектепке  дейінгі  ұйымдарға  енгізіп,  құрастырғыштардың  (конструкторлардың)  технология 
мүмкіндіктерімен таныстыру; 
2.  мектепке 
дейінгі 
жастағы 
балалардың 
ақпараттық 
технологияларға 
қызығушылықтарын арттыру; 
3.  педагогтың  тұлғасын  шығармашылық  тұрғыдан  дамыту,  жалпы  ойлау-
коммуникативтік қабілеттерін дамыту. 
Аталмыш бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытуға арналған. 
1.Ортаңғы  топтары үшін – оқу іс-әрекеттер 25-30 минуттан; 
       2.Ересек топтары үшін – оқу іс-әрекеттер 30-35 минуттан ; 
Практикалық  бөлім:  «Конструкторды  құрастыру-ойын  мақсаттарында  пайдалану». 
Жұмалап  жасалынатын  ұшақтар  мен  кемелердің  үлгілері,  төзімділікті  талап  етеді.  Түрлі 
конструкторлар  мен LEGO –құрылымдарынан бүлдіршіндеріміз түрлі кеме, ұшақ, робот сынды 
техникалардың  үлгілерін  құрастырады.  балалар  сюжеттік-ролдік  ойындарда  пайдаланады. 
Толыққанды  құрастырушылық  шығармашылықты  дамыту  үшін  бала  алдын  ала  ойланып, 
ойындағысын  жүзеге  асыруға,  моделдеуге  үйренуі  керек.  Құрылымдарда  жүзеге  асырылатын 
ойларды балалар қоршаған ортадан алады. Сондықтан, оларды қоршаған орта туралы әсерлері 
қаншалықты  ашық,  тұтас,  әсерлі  болса,  соншалықты  оларды  құрылымдары  қызық  және  түрлі 
бола түседі. Және керісінше, құрастырғыштар заттар мен LEGO әлемді барлық оның түстерімен 
көруге мүмкіндік беріп, баланың дамуына ықпал етеді. 
Шығармашылық қабілеттердің бір көрінісі – таныс элементтерді жаңаша жинақтау білігі. 
Құрастырғыштар  заттар  мен  LEGO  -құрастырғышпен  жұмыс  әр  баланың  потенциалды 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытып,  оны  жасампаздық  пен  бұзуға  үйретеді,  агрессимен 
бұзуға емес, жаңа нысанды жасау мақсатында бұзуға. 
Құрастырылған  моделдерді  дамуы  тежелген  балаларға  өте  ұнайтын  театрализация-
ойындарда  пайдалануға  болады,  олардың  тілінің,  шығармашылығының  дамуына  ықпал  етіп, 
эмоционалды ортасына әсер етеді. 
Құрастырғыштар  заттар    мен  LEGO-элементтер  дидактикалық  ойындар  мен 
жаттығуларда пайдаланылады («Ғажайып қап» ойынында балаларды тактильдік қабылдауы мен 
тілі  дамиды,  «есте  сақтап,  қайтала»  ойыны  жады  коррекциясы  мен  ойлау  қабілетін  дамытуға 
бағытталған).   
Оқу іс-әрекеттерді  өткізудің негізгі формасы – практикум. 


 
 
192 
 
Оқу іс-әрекеттерді  бастапқы техникалық моделдеумен қызығушылықты қолдау үшін оқу 
іс-әрекеттерді  өткізуде түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылады: 
- әңгіме – одан балалар моделдеу нысандары туралы ақпарат алады; 
- үлгі бойынша жұмыс жасау – балалар берілген үлгі бойынша жұмыс жасайды; 
- өз бетімен жобалау – теориялық білімдерін бекітіп, өз бетімен ұмытылмас жетістіктерге 
жету үшін; 
- ұжымдық жұмыстар – балалар жұптасып, топтасып, барлығы бірге жұмыстана алады. 
Жұмысты  ұйымдастырғанда  ойын,  еңбек,  оқуды  біріктіруге  тырысу  қажет,  бұл 
танымдық,  практикалық,  ойын  міндеттерін  бірегей  шешуге  көмектеседі.  Ойын  тәсілдері, 
жұмбақтар, санауықтар, жаңылтпаштар, тақырыптық сұрақтар да шығармашылық жұмысқа оң 
әсерін береді. 
Құрастырудың шарты немесе түпкі ойы бойынша үш негізгі түрі бар: 
1.  үлгі  бойынша  –  құрастырылатын  заттың  алдын-ала  үлгісі  берілгенде  (мысалы, 
суреті немесе сызбасы); 
2.  шарты  бойынша  –  үлгісі  берілмей,  тек  құрастырылатын  нысанға  қойылатын 
талаптар,  шарттар  берілгенде  (мысалы,  күшіктің  үйі  шағын  болуы  тиіс,  ал  кұлыншақтікі  - 
үлкен); 
3.  түпкі  ойы  бойынша  –  құрастырылатын  нысан  бала  өз  ойына  сай,  ешқандай 
шектеусіз,  қол  астындағы  материалға  сай  жасақталады,  мұнда  шығармашылық  қабілеттер 
басқаларына қарағанда жақсырақ дамиды. 
 Бағдарламаны жүзеге асыруда пайдаланылатын формалар мен әдістер 
1.  Көрнекілік  (мультипликациялық  және  оқу  фильмдерінің  үзінділерін,  оқыту 
презентацияларын  көрсету,  сызбалар,  кестелер,  иллюстрацияларды  талдау,  дидактикалық 
ойындар, көрмелерді ұйымдастыру, үлкендердің жеке үлгісі); 
 2. Сөздік (көркем әдебиетті оқу, жұмбақтар шешу, мақал-мәтелдермен жұмыс, әңгіме, 
пікірталас, жағдаяттарды моделдеу); 
3.Практикалық  (жобалар,  ойын  жағдаяттары,  қарапайым  ізденіс  әрекеті 
(құрылымдармен  тәжірибелер),  құрылымдарды  түрліше  сынау,  жағдаяттарды  моделдеу, 
сайыстар, сергіту сәттері). 
Күтілетін нәтиже 
Балалар біледі: 
- түрлі  құрастырғыш  заттар  немесе  LEGO-құрастырғыштың  негізгі  бөлшектерін 
(қызметін, ерекшеліктері); 
- механиканың 
қарапайым 
негіздерін 
(құрылымдардың 
тұрақтылығын, 
жалғанулардың беріктігін); 
- құрылымдардың  түрлерін  –  жазық,  көлемді,  бөлшектердің  қозғалмалы  және 
қозғалыссыз жалғануы; 
- күрделі емес құрылымдардың дайындалуының технологиялық ретін.  
Балалардың қолынан келеді: 
- құрастыруға қажетті бөлшектерді таңдау; 
- бұйымның жасалуының сатылық нұсқаулығына сүйене отырып құрастыру; 
- үлгі бойынша құрастыру; 
- тәрбиешінің көмегімен талдау, келер практикалық жұмысты жоспарлау; 
- моделдер құрылымындағы бөлшектердің санын өз бетімен анықтау; 
Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  санау,  пішін,  симметрия,  құрылымдардың 
беріктігі,  тұрақтылығы  жөнінде  білімдері  мен  дағдылары  қалыптасады,  қиялдау  мен 
шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйренеді. 
Бағдарламаны жүзеге асыруды қорытындылау мен іс-әрекетті бақылау формалары: 
- балалардың іс-әрекетін бақылау; 
- балалардың жобалық іс-әрекетке қатынасуы; 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау