«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет89/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   146

 
 
183 
 
дұрыс айтуын бақылау ата-ана парызы десек те болады. Сондықтан да ата-аналар арасында 
«Өнегелі  отбасы»  тақырыбында  сайыс  өткізілді.  Ондағы  мақсатымыз  ата-аналармен 
балаларды  сайысқа  қатыстыра  отырып  халықтық  ертегілері  туралы  танымын 
анықтау.Өзімнің      іс-тәжірибемді  бөлісу  мақсатында  әріптестерімнің  арасында  «Ертегілер 
бала  тәрбиесінде»  атты  семинар  өткізілді.  Басты  міндетім:  ұйымдастырылған  оқу  іс-
әрекетінде  ертегіні  кеңінен  пайдалануға  оның  бала  өмірінде  маңызы  зор  екендігін  айта 
отырып баланың сөздік қорын байытуға және шығармашылық шеберліктерін дамыту. 
Өз  жұмысымда  жаңашылдыққа  ұмтылып,  білім  мен  тәрбиедегі  ұтымды,  нәтижелі 
әдіс-тәсілдерді  пайдалану  негізінде  ертегіні  бала  өмірінде      жан-жақты  тәрбиелеу  арқылы 
рухани жылылықты бүлдіршіндеріміздің бойына сіңіру мақсатында жүрегі таза саналы ұрпақ 
қалыптасады.  
Күтілетін нәтиже: 
1. Ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстатады, өмірді таниды, сезімді кеңейтеді. 
2. Адамгершілік сапаны жетілдіреді. 
3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. 
4. Эстетикалық талғамы жоғарлайды. 
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
6. Шыншылдық, инабаттылық пен әдептілікті дамытады. 
7. Табиғатты аялауға тәрбиелейді. 
8. Таныс ертегілерді айтып береді, ойыншықтарға қарап, шағын хикаялар құрайды; 
9. Сахналық қойылым жасауға қатысады.  
10. Отансүйгіштік, ата-ананы қадірлеу қасиеттері қалыптасады. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. «Отбасы және балабақша» журналы.   
2. «Бала тәрбиесі» журналы.      
3. «Ертегілер»    А.Айдашев – Алматы, «Жазушы», 1989ж. 
4. «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы» - А., «Мектеп» 1981 
5. «Қазақ ертегілері» - Алматы 1999 
6. «Ақылды ертегілер» - Алматы «Аруна» баспасы, 2008 
 
 
 
 
 
 
Мектепке дейінгі ұйымдарда жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру 
 
Уразалина С.Б. 
Атырау қаласы, № 4 «Бәйтерек» 
 бөбекжай -балабақша әдіскері 
 
Бүгінгі  Қазақстанның  басты  мақсаты  -  экономикасы  дамыған,  бәсекелестікке 
қабілетті, 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін 
ұлы бастама.  «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің 
кемел  келбеті.  Мәңгілік  Ел  біздің  өз  қолымызда.  Ол  үшін  өзімізді  үнемі  қамшылап,  ұдайы 
алға ұмтылуымыз керек. Биылғы жылы азат еліміз үшін айтулы мерекелерге толы. Тамыры 
тереңде жатырған тарихымызға, хандық дәуірімізге 550 жыл толса, елімізде егемендік орнап, 
тәуелсіздік  таңы  атқанына  25  жыл  болып  отыр.  Мәңгілік  ел  болып  қалыптасу  жолында 
ұрпаққа  берілетін  тәрбие  елбасымыздан  бастап  ойландырып-толғандыратын  өзекті 
мәселелердің  бірі  екенін  ешкім  жоққа  шығармайды.  Білім  мен  тәрбие  беретін  орындарда 
жаңашылдық  пен  заманауилықты  ұштастыра  отырып,  ел  ертеңін  тәрбиелеуге  үлкен 


 
 
184 
 
жауапкершілік  танытылады.  Ел  есінде  бір  жыл  қалғың  келсе-ас  бер,  он  жыл  қалғың  келсе-
ағаш  отырғыз,  ал  мәңгі  қалғың  келсе-бала  тәрбиеле»  дейді  дана  халқымыз.  Баланың  ой-
өрісін  дамытуға,  олардың  қиялына  қанат  бітіріп,  тіл  байлықтарының  молаюына  біздің 
тәрбиешілердің  сіңірер  еңбегі  орасан.  Сондықтан  да  Сөзіміз-түзу,  Еңсеміз-биік,  Рухымыз-
мықты  болсын  десек,  бірегей  тәрбиеші  мамандығын  ұлықтай  білейік.  Ұрпағымыздың 
тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық. Заманауи прогрессте мақсатқа 
жету  үшін  жас  мамандарды  үйрете  отырып,  заман  талабына  сай  болу  үшін  білімі  жоғары, 
мәдениетті,  өзіне  деген  сенімі  мықты,  азаматтық  айқындамасы  орнықты,  кәсіптік  деңгейі 
жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын тәрбиеші болуға дайындау.  
Жас  маманның  қоғамдық  өмірге  даярлығын  бақылау  арқылы  өзін-өзі  тәрбиелеуге, 
бейімділіктерін  дамытуға  үйрету,  рухани  адамгершілікке  тәрбиелеу,  жаңа  технологияны 
үйренуге,  меңгеруге  баулу,  мотивациясын  арттыру  тәлімгердің  міндеті.  Осы  бағытта  жас 
маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарымның құрылымы үш кезеңнен тұрады: 
1.  Бейімделу  кезеңі  (жас  маман  үшін  және  ұжым  үшін  де  бірінші  жыл  ең  қиын 
кезең) 
2.  Кәсіби  деңгейінің  қалыптасуы  кезеңі  (үш  жылда  жас  маман  ұжымдық  ортаға 
бейімделіп,  жұмыс  бағытын  түсініп,  ата-анамен  байланыс  жұмыстарын,  баламен  қарым-
қатынасын алдыңғы қатарлы тәрбиешілерден тәжірибе жинақтайды. 
3.  Даму  кезеңі  (бес  жылда  әр  жас  маманның  даму  кезеңінде    педгогикалық 
тәжірибені жинақтау, анықтау, оқып-үйрену, тарату және ұйым арасында тәжірибе алмасуы 
қалыптасады).  
Бейімделу кезеңінде жас маманмен жұмыс: 
- Балабақша жарғысы, ережесі, ішкі еңбек тәртібі, ұжыммен жас маманды таныстыру 
- Жас  маманның  жан  дүниесіне,  мінезіне,  көңіл-күйіне  қарай  отырып,  оның 
икемділігін анықтау 
- Күнделікті жұмыс түрлеріне қатысу арқылы бақылау 
- Тәжірибелі мамандардың оқу қызметіне, ертеңгіліктерне, шараларына қатыстыру 
- Кәсіби жұмыс бағыты туралы кеңес беру, көмек көрсету 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жас маманның ең қиын 
кезеңнен өтуі үшін жүргізілетін 
жұмыс формалары
 
Сауалнамалар 
Жеке парақшасын 
дайындау 
Кеңестер 
Тренинг 
Дөңгелек үстел 
Сұхбат 
Семинар 
Диагностика, 
мониторинг 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау