«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет91/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146

 
 
187 
 
технологияларды қолданудың тиімділігі 
 
Унгалиева С. М. 
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,  
М.Әуезов жалпы орта мектебінің  
химия пәні мұғалімі 
 
 Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  айтқандай:  «Болашақта  өркениетті  дамыған  елдердің 
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына 
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің 
алдында  оқыту  үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әртүрлі 
технологиялары  сарапталып,  жаңашыл  педагогтардың  іс  –  тәжірибесі  зерттеліп,  мектеп 
өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан  – жақты, білімі қажет.Қазіргі 
мұғалім: 
 Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; 
 Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; 
 Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 
 Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; 
 Білімді, іскер, шебер болу керек; 
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері  – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны 
жан  –жақты  дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық 
идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, 
ал  қазіргі  оқушы  –  өздігінен  білім  іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне  ерекше  мән  беруіміз 
керек.Қазіргі оқушы: 
 Дүниетаным қабілеті жоғары; 
 Дарынды, өнерпаз; 
 Іздемпаз, талапты: 
 Өз алдына мақсат қоя білу керек; 
Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде 
осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігіне қарай жүзеге асады.[1] 
  Қазіргі  таңда  дәстүрлі  оқыту  әдістемесінің  заман  талабына  сай  толық  білім  беруге, 
меңгертуге  кепілдік  бермейтіндігін  мектеп  тәжірибесі  көрсетіп  отыр.  Сондықтан 
жаңартылған  әдістемелік  жүйенің  оқыту  үрдісінде  іске  асу  үшін  оны  технологияландыру 
қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік 
технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту 
мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу  -  тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі 
мен  сапасын  жоғарылатуды  көздейді.  Қазақстан  Республикасы  да  ғылыми  -  техникалық 
прогрестің  негізгі  белгісі  –  қоғамды  ақпараттандыру  болатын  жаңа  кезеңіне  енді.[2] 
Ақпараттық  –коммуникативтік  технология  электрондық  есептеуіш  техникасымен  жұмыс 
істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды, 
интерактивті  тақтаны  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  оқыту 
бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникативтік 
байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. [3] 
Ақпараттық  –  коммуникативтік  технологиялардың  келешек  ұрпақтың  жан-жақты 
білім  алуына,  іскер  әрі  талантты,  шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын 
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.Ақпараттық - 
коммуникативтік технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:  
  үйренушінің  шығармашылық  әлеуметін  дамыту;  коммуникативтік  әрекеттерге 
қабілетті болуды дамыту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі 
мәдениетін дамыту;  


 
 
188 
 
  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерін  қарқындандыру,  оның  тиімділігі  мен 
сапасын арттыру;  
  қазіргі  қоғамның  ақпараттануымен  байланысты  пайда  болатын  әлеуметтік 
тапсырысты өткізу.  
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, 
дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асырады.  «Қазіргі  заманда  жастарға 
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте 
қажет»  деп,  Елбасы  атап  көрсеткендей  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық 
технологияны  яғни  компьютерді  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін  арттырудың 
маңызы зор.[4]  
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 
сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп  Елбасы  атап  көрсеткендей,  жас  ұрпаққа  білім 
беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісіне  оңтайландыру  мен  тиімділігін 
арттырудың  маңызы  өте  зор.Қазір  бұрынғы  кезең  емес,  кейде  баланың  пәнге,  ол  туралы 
ақпараттарға қызығушылық деңгейі,  сұранысы мұғалім білімінен де жоғары болуы  мүмкін, 
электрондық  оқулық,  компьютер,  интернет  арқылы  өз  бетімен  қажет  білімін  өзі  алатын 
оқушылар  көбейіп  келеді.  «Баланың  даму  аймағы»  әлде  қайда  кеңіді,  яғни  толыссыз  өсіп 
келе  жатқан  ақпараттар  ағыны  мен  ақпараттар  көздерінің  көбеюі  жас  баланың  ойлауының 
жетілуіне үлкен әсер етеді.[5] 
Келтірілген мәліметтерден түйетініміз: 
 ●  Ақпараттық технология негіздері еліміздің қарыштап дамуының         
       кепілі 
 ●   Заман талабына сай терең біліктілік,сауаттылық 
 ●  Жаңалықты дер кезінде сезініп,шығармашылықпен жұмыс істей   
        білу 
             ●    Оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгеру 
            Бұл  технoлогия-  жан-жақты  білім,  тәрбие  беретін,  өміртанытқыш  қызмет 
атқаратын  құрал.Ұлт  болашағы,  өркениетті  елдер  қатарына  жету  үшін  білім  алу,  жас 
тұлғаның  ғылымды  игеруге,  имандылыққа,  адамгершілікке,  өнерлі  болуға  тәрбиелейді.  Әр 
адамда  өзіндік  ұстаным  болу  керек  және  сол  жолда  арымай,  талмай  еңбек  ету  керек,  сол 
еңбектің жемісін көрсе, жеке тұлға жан-жақты дамып қалыптасады. Әр тұлғада болу керек:  
     Мақсат      Әрекет      Нәтиже        Жаңа мақсат... 
Күтілетін нәтиже:  
   ─   жеке тұлға қалыптасып ақпараттық мәдениеті дамиды, кең ауқымды ақпараттар 
мен  пайдалы  мәліметтер  алады,  өзінің  жеке  болашағына  бағыт  –  бағдар  жасайды, 
сауаттылығы артады; 
   ─ жаңалықты меңгереді, жаңа шешімдер табуға дағдыланады, дүниетанымы еңейіп, 
өз  бетімен  білім  алуға  және  ойлауға  үйренеді,  оқушының  қабілеті  дамып,  өз  бейімділігін 
таниды; 
   ─   ұстаз бен дара тұлға арасындағы байланыс ынтымақтастығы артады. [6] 
Жеке тұлғаның ақпараттық- коммуникативтік технология негіздерінен сауаттылығын 
арттыру арқылы химия пәнінен алған білімі не үшін керек: 
 
Пәнге қызығушылығы артады,құлшыныс,жігерін оятады. 
 
Шығармашылық қабілеттері артады. 
 
Өз күш-жігеріне сенімділік,шырақтық пайда болады. 
 
Жылдам ойлауға машықтанады. 
 
Білім сапасы артады. 
 
Экологиялық сауатты болуға үйретеді. 
 
Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. 
 
Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.[7] 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау