«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет88/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   146

 
 
181 
 
жақсы қасиеттердің қалыптасуы – мектепке дейінгі жастағы уақыт. Ертеңгі ел тізгінін ұстар 
ұрпағымызды  белі  бесіктен  шықпастан  бастап  жақсылыққа  баулу,  бойына  ізгілік  нұрын 
себуге, жан-жақты болуға тәрбиелейтін тәрбие тірегі  – ертегі. 
Балабақшада баланың ойлау, қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру  үшін халық 
ауыз әдебиетінің түрі – ертегіні кеңінен пайдаланады.  
Сонда болашақ ұрпағымызды тәрбиелейтін ертегіміздің маңызы неде?  
Ғасырлар бойы атадан балаға өсиет болып келе жатқан ертегілер баланы тал бесіктен 
бастап  біртіндеп  саналы  еңбекке  үйрету,  өтірік  айтпау,  мақтанбау,  шындықты  жақтау, 
көпшіл  болу,  туған  елін  сүю,  атамекенді  қастерлеу,  үлкенді  сыйлау  сияқты  тәрбиелік  мәні 
зор қасиеттерге баулиды. Адамгершілігі мол елге үлгілі азамат етіп өсіру мақсатын көздейді.  
Ертегі  арқылы  айнала  қоршалған  ортаны  барлай  алады,  табиғаттың  сиқырлы 
сырларын  сезіне  біледі,  халықтың  әдемілік  және  әдептілік  жайлы  ұғымдарын  бойына 
сіңіреді,  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  туралы  түсінік  алып,  адамгершілік  тәрбиесінің 
бастауларына ден қояды.  
Сонымен бірге ой-өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі 
де өнгелі болмақ. Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды 
түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі 
туындамайынша  оймен  шабыттанған  қуаныш  балаға  түсініксіз.«Жаста  берген  тәрбие  жас 
шыбықты  иегендей»,-  дейді  халық  даналығы.Балалар  халық  ертегілеріндегі  жағымды 
кейіпкерлерге  ұқсап,  сондай  адал,  еңбекқор  болып  өсуге  талаптанады.  Ал,  жағымсыз 
кейіпкерлерден аулақ немесе олардан жиренуге тырысады, оларға ұқсағысы келмейтіндерін 
айтып  жеткіздеі.  Ертегілер  арқылы  балалар,  сол  ертегі  кейіпкерлері  туралы  жұмбақтар, 
мақал-мәтел, жаңылтпаштар, күлдіргі әңгімелер құрастырады. Бұлар баланың жан дүниесіне 
әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытуға үлкен қызмет атқарады. Көркемдікті тани білуге, ертегіні 
сүйіп  қадірлеуге,  өз  бойына  әдепті  мінез-құлық  нышандарын  қалыптастыруға,  шымыр  да 
шыдамды, батыл да батыр болуға үйретеді. Тіл шеберлігі артады. Мұндай жақсы қасиеттер 
баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбек сүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балдарға  арналған  ертегілер  болашақ  ұрпаққа  жан-жақты 
берер  тәрбиесі  көп  деуге  әбден  болады.  Адалдыққа,  адамгершілікке,ізеттілікке,  сұлулыққа, 
еңбекке, жақсы азамат болып қалыптасуына ертегінің ролі зор. Олардың тақырыбы кең де әр 
алуан.  Ертегілер  арқылы  балаларды  олардың  өмірлік  тәжірибесінен  тыс  жатқан 
құбылыстарымен және оқиғалармен таныстыруға болады.  
Барлық оқу іс -  әрекетінде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр 
пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. 
Мектепке  дейінгі  мекемелерде  инновациялық  білім  беру  құралдарын  қолданудың  да 
маңызы  зор.  Инновациялық  білім  беру  құралдарына:  аудио,  видео  құралдар,  компьютер, 
интерактивті  тақта,  интернет,  мультимедиялық  құрал,  электрондық  оқулықтар,  мен  оқу 
әдістемелік кешендер және тағы басқалары жатады. 
Өмір  талабына  сай  жаңа  технологияларды  оқу  процесі  мен  тәрбие  аясында  шебер 
қолдана білу тәрбиешінің міндеті.  Ертегілерді  оқу іс  - әрекетінде өз ретімен қолдана білсе, 
тәрбиеленушілерді жан - жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. 
Ертегілерді  меңгертуде  инновациялық  әдістерді  қолдана  жүргізген  жұмыстарыма 
талдау жасасам: 
1. 
Ертегілерді  іріктеу  және  айлық  оқу  іс-әрекеті  тақырыптарына  сай  ертегі 
кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау. 
2. 
 Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер 
ретінде пайдалану.  
3. 
Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  ертегілерді  қолдану  арқылы  пәндік 
байланысты  іске  асыру.  Пәндердің  өзара  байланыс  деңгейі  балалардың  білімін  зерттеу, 
талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. 


 
 
182 
 
Балабақшада  ертегіні  тыңдату  және  әңгімелеп  беру  қатар  жүргізіледі.Сол  мақсатта 
ассоциация әдісі кеңінен пайдалынылады. 
Ассоциация әдісі – сол тыңдаған ертегі жайлы мәлімет. 
Мысалы:  «Бауырсақ»  ертегісін  алатын  болсақ,  ортаға  бауырсақ  жапсырылып, 
тармақтарына  көп  қиынды  суреттердің  ішінен  кемпір,  шал,  қоян,  үй,  қасқыр,  аю,  түлкіні 
балалар  жапсырады.  Мұндағы  мақсатымыз  балалардың  ойын  жинақтау,  ертегіні 
қорытындылап 
талдау. 
Ой қозғау  әдісі: Балаларға ертегілерге берілген жұмбақтарды жасыру; Сұрақтар  арқылы ой 
салу; 
СТО  -  ның  элементтерінің  бірі  –  Венн  диаграмманы  пайдалану  -  екі  ертегіні  салыстыру, 
ортақ белгісін табу, қорытындылау, нақтылау. 
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.  
Мысалға,    «Қарлығаш  пен  Дәуіт»  еретегі  кейіпкерін  салыстырмалы  түрде  талдап, 
олардың ортақ ерекшеліктері мен қасиеттерінтабу. 
Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен 
тәсілдер  жүйесі.Мнемотехника  -  оңай  жолдан  қиынына  қарай  құрылып,  мнемоквадраттан 
бастап  мнеможолдарға,  біртіндеп  мнемокестеге  өтуі  қажет.Мнемокестенің  мазмұны  –ол 
графикалық  немесе  жартылай  графикалық  ертегі  кейіпкерлерінің  бейнесінің,табиғат 
құбылысының кейбір іс-әрекетінің басты сюжеті. 
Мысалы:  «Тышқан  мен  Торғай»  ертегісінен  дәнді  тең  бөлісе  алмай  жанжалдасқаны 
мнемокестеде  көрсетіледі.Осы  ертегі  желісін  балалар  өз  қиялындағыдай  өрбітеді. 
Джигсо әдісіарқылы бала өздігінен білім ала отырып, топпен жұмыс істеу арқылы бірін-бірі 
үйретеді  және  өздері  де  үйренеді.  Жалпы  мәселені  алдымен  топта  кейін  ортада 
талқылайды.Мысалы, әр топқа ертегіден үзінді суреттер таратылады. Балалар бұл суретті топ 
болып  талқылайды,  кейіпкерлерді  атайды.    Ортаға  шығып  сурет  бойынша  әр  топ  өздеріне 
түскен  ертегіні  баяндап  береді.  Мұндағы  мақсат  баланы  еркіндікке,  ойлау  қабілетін 
дамытуға,  көшбасшылыққа  тәрбиелеу.    Өз  ойларын  көпшілік  алдында  айта  алмайтын  бала 
ашылып, басқалармен бірге сөйлей бастайды. 
Ертегінің  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетімен  сабақтастығын  айта  отырып  өз  іс 
тәжірибемнен  өткен  сабақтарымның  білімділік,  дамытушылық,  тәрбиелік  мақсатында 
жазылған сабағымды ұсынып отырмын.  
Таным білім беру саласымен  мен ертегінің сабақтастығы. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат». 
Мақсаты:  
А)  Білімділік:  Геометриялық  пішіндер,  айналадағы  заттардың  көлемін,  формасын 
тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар. 
Ә)  Дамытушылық:  Өздігімен  жұмыс  істеуге  машықтандыру,  ойнау  қабілетін, 
байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігінен талдау жасауға үйрету. 
Б)  Тәрбиелік:  Білім  мен  байланысын  түсіндіру,  ұжыммен  жұмыс  істеуге  тәрбиелеу, 
денсаулық шараларын дамыту. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Саяхат». 
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрініс, ертегі кейіпкерлерін жандандыру. 
Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  ертегілер  арқылы  жан-жақты  дамытып,  жеке  тұлға 
ретінде  тәрбиелеу,  тілін  дамыту  –  ең  бірінші  ата-ананың  міндеті.  Бүгінгі,  техникалық 
мүмкіндіктер  дамыған  заманда  ата-аналардың  да  мүмкіндіктері  кеңейді.  Оған  теледидар 
арқылы бірге көрген ертегілер, қойылымдар, ойындар, бағдарламалар септігін тигізеді. Бірақ, 
әрбір  ата-ана  өз  баласының  мүмкіндігін,  жас  ерекшелігіне  тән  сөздік  қорын  білуге  тиіс. 
Баланың тілі жас ерекшелігіне сәйкес дамуы үшін ата-аналар баланы тек теледидар алдына 
отырғызып қана қоймай, ертегілерді бірге көріп, не болмаса ертегіні ата-ана өзі оқып беріп, 
баланың  ертегіні  түсінгенін,  я  түсінбегенін  байқап,  сұрақтарына  жауап  беруге  тиісті. 
Күнделікті  ауыз-екі  сөйлесуде  баланың  сұрақтарына  жауап  беріп,  сөздерді  бұрмаламай, 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау