«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет108/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   146

 
 
223 
 
Оқыту тәжірибесін қадағалау – білім сапасын арттыруға  
бағытталған негізгі қадам 
 
Мұңайтбас Ө. О.,  
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы,  
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы 
 директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар  
жөніндегі орынбасары. 
 
Бүгінгі таңдағы мектеп – жаңалық шеңберіндегі қарбалас, пікірталас туындатқан және 
сол арқылы жаңаша жол іздеген, үздіксіз зерттеу үстіндегі білім ошағы. Заманауи мұғалім – 
шәкіртін  шиырлатқан  білім  жолына  бағыттай  білетін,  жаңадан  жаңаны  табуға  қабілетті,  әр 
ісіне шығармашылық тұрғыдан келетін тұлға. Жаңа заман шәкірті  – білімді  ізденіс арқылы 
табуға ниеттенген, коммуникативті білігін осы жолда шыңдай түскен саналы жастар. 
Жоғарыдағыдай  анықтама  бере  отырып,  мен  осындай  жан-жақты  дамыған  оқушыға 
білім  беретін  мұғалімнің  іс-тәжірибесін  қалай  зерттеу  керектігін,  олардың  құзыреттілігін 
қалай  анықтау  керектігін  үнемі  назардан  түсіргенім  жоқ.  Бұл  тарапта  маған  Lesson  Study 
зерттеуі  зор  көмегін  тигізетінін  білдім.  Сондықтан  директордың  орынбасары  ретінде  осы 
жұмысқа ерекше ден қойдым. 
Lesson  Study  зерттеуі  бірнеше  бағытта  жүзеге  асырылады.  Біріншіден,  «Оқыту 
дағдыларын дамыту», яғни, оқушының білім сапасын арттыруға бағытталған зерттеу ретінде 
қарастырамыз.  Екіншіден,  «Бақылау  дағдыларын  дамыту»  –  мұғалімнің  әдістемесін 
жетілдіруді  мақсат  ете  өткізілетін  зерттеу.  Үшіншіден,  «Бірыңғай  тақырыпқа  байланысты» 
мектептің  түрлі  зерттеулер  арқылы  анықтаған  проблемасын  шешуге  бағытталады.  Қай 
жағдайда да, алдыңғы кезекте білім сапасы тұрады және барлығында да А, В, С деңгейіндегі 
оқушылар зерттеу объектісі болады.  
Осылайша,  мен  өзіміздің  мектепте  әр  түрлі  сыныптарда  Lesson  Study  зерттеуін 
ұйымдастырып  жүрмін.  Сөзім  дәлелді  әрі  нақты  болу  үшін,  7-А  сыныбындағы  зерттеу 
бойынша ойымды әрі қарай өрбітсем. 
Алдымен,  осы  сыныпқа  сабақ  беретін  мұғалімдерді  жинап,  Lesson  Study  зерттеуі 
бойынша  коучинг  өткіздім.  Әрине,  коучингті  қазіргі  деңгейлік  курстарды  бітірген 
мұғалімдердің  өткізіп  жүргеніндей  шоу  түрінде  емес,  нақты  проблеманышешуге 
бағыттадым: сыныптың білім деңгейін қай мұғалім қалай түсінеді, сыныптағы оқушылардың 
білім алуына не кедергі келтіруі мүмкін, жалпы оқушылардағы ортақ проблема неде екенін 
түсінуге  тырыстым.  Бекболат  Тілеухановтың  «Адамға  баға  беру»  бейнебаянын  көрсете 
отырып,  оқушыны  қалай  бағалау  керектігімен  (қатысушылардан  сұрау  арқылы) 
байланыстырдым.  Lesson  Study-ді  қалай  өткізетініміз  жөнінде  мұғалімдермен  ақылдасып, 
проблеманы анықтап алдық, сабақ өткізетін мұғалімдер нақтыланды. Lesson Study зерттеуін 
өткізу бойынша комиссия құрылды. 
 
 
 
Алғашқы отырыс 


 
 
224 
 
Зерттеудің тақырыбы: «Серіктестікте жұмыс жасай отырып, оқушының сыни ойлауын 
дамыту арқылы оқу сапасын арттыру» болып белгіленді.  
 
р/с  Мұғалімі  
Пәні 
Тақырыбы  

Бексаинова А.Қ. 
География 
«Материктің  географиялық  орны.  Ашылу, 
зерттелу тарихы» 

Ашимова Г.Е. 
Орыс әдебиеті 
«Жизнь и творчество В.В.Путилиной» 

Сатыбалдиева Н.С. 
Алгебра  
«Рационал өрнекті түрлендіру» 
 
Географиядан,  орыс  әдебиетінен  және  алгебрадан  ашық  сабақ  берілетін  болып 
шешілді. Сабақ өткізетін пән мұғалімдеріне нұсқаулар берілді, сабақ жоспарларын алдын ала 
әзірлеп, талқыланатыны жөнінде ескертілді. Оқушыны бақылау парағы жасалынды. Әр сабақ 
сайын  отырыстар  жасалынып,  хаттама  жазылды.  Жалпы  ұйымдастыру  жұмыстары  талапқа 
сай өткізілді.  
Зерттеу  бізге  не  берді,  зерттеуден  біз  не  алдық?  Нені  үйрендік?  Проблема  қалай 
шешілді немесе шешілді ме? Енді осы сұрақтар төңірегінде ой қозғап көрейік.  
Сыныптағы  бақылау  бұл  әр  мұғалімнің  білім  беру  жүйесінің  маңызды  аспектілердің 
бірі болып табылады. Білім берудің тәсілдері зерттеу нәтижелеріне негізделеді. Жүргізілген 
зерттеуге 
сәйкес 
осындай 
білім 
беру 
тәсілдерінің  әр  компоненті  оқушының  оқу 
деңгейінің  артуына  әсер  етеді.  Мұғалімнің 
жоғары  деңгейдегі  әрекеттері  оқушылардың 
білімдерінің  жоғары  көрсеткіштеріне  жетуін 
қамтамасыз етеді.  
Алғашқы 
өткізілген 
география 
сабағында мұғалім сабақ мақсатын дұрыс қоя 
білді. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын аша 
алды.  Алайда  оқуды  бағалаудың  және  оқыту 
үшін 
бағалаудың 
өз 
деңгейінде 
өткізілмегендігі,  кері  байланыстың  әлсіздігі  сабақ  сапасына  кері  әсер  еткені  талқылау 
барысында ескертілді. Келесі орыс әдебиеті сабағында осы мәселелерге көңіл бөлу жөнінде 
пән мұғаліміне ұсыныс берілді.  
Сыныптағы  байқау  барысында  бақылаушылар 
онда не естігенін және не көргенін назарға алуы тиіс. 
Пікірлерге, 
интерпретацияларға 
немесе 
ағат 
пікірлілікке  көңіл  бөлмеу  және  нақты  дәйектемелер 
бойынша  дәлелдемелерді  жазу  өте  маңызды  болып 
табылады.  Бұл  жай  ғана  бір  мәселе  емес,  бұл 
мұғалімді  оқу  үрдісіне  жанама  шақыру  болып 
табылады. Сондықтан бақылаушыларға да, мұғалімге 
де ерекше талап қойылды.  
Сабақ  барысында  оқушылардың  сыни  ойлауын  дамытатын  тапсырмалар  берілді. 
Оқыту  әдістері  түрленіп  өткізілді.  Оқыту 
үшін  бағалау  сабақтың  әр  кезеңдерінде 
жүзеге  асырылғандықтан,  ол  оқушыларды 
ынталандырып,  белсенділіктерін  арттырып 
отырды.  
Дегенмен,  бақылаушы  мұғалімдердің 
көбі  сабақта  не  естігендері  мен  не 
көргендерін тізіп жазады немесе оқушы мен 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау