«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет109/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   146

 
 
225 
 
мұғалімнің  қарым-қатынасына,  оқушылардың  сабаққа  белсене  араласқанына  көңіл  бөледі. 
Бұның  бәрі  мұғалімнің  құзыреттілігін,  оның  кәсіби  шеберлігін  толық  көрсете  алмайды. 
Сондай-ақ  оқушының  да  сабақ  барысында  білім-білігінің  артқанын,  өсу  динамикасын 
көрсетпейді. Сондықтан алгебра сабағында оқушылардың формулаларды дұрыс пайдаланып, 
есептерді саналы шешкені емес, соған барар жолды қалай өткені маңызды деп ойлаймын. Ол 
мұғалімнің  кәсіптік  деңгейінің  жоғары  екендігін  растайды.  Өйткені,  ол  осы  формулаларды 
дұрыс қолданып, оқушыларды оған сәйкес есеп шығаруға үйретті.  
Осылайша,  Lesson  Study  зерттеуі  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігінің  артуына  игі 
ықпал  етті  деп  тұжырым  жасауға  әбден  болады.  Себебі  олар  сабақты  қалай  бақылау 
керектігін, бақылау барысында неге көңіл аударуы қажеттігін үйренді. Міне, әрбір істелген 
жұмыстың нәтижесі бар екенін осыдан байқауға болады. 
Оқушыларда  да  үлкен  өзгеріс  болғаны  –  мұғалімдердің  көңіліне  сенім  ұялатты.  А 
деңгейіндегі  оқушының  көшбасшылық  қабілеті  ашылып,  өзіне  сенімділігі  ұлғайды.  В 
деңгейіндегі  оқушы  А  деңгейіне  көтерілді.  Ал  С  деңгейіндегі  оқушы  осы  үш  пәннен 
қанағаттанарлық  бағалар  алып  жүрген.  Мұғалімдердің  ерекше  ықыласынан,  көңіл  бөле 
қарағанынан  ол  тоқсан  соңында  екпінділер  қатарына  қосылды.  Кейбір  мұғалімдер  ол 
оқушының  бойындағы  қабілеттерді  аңғармай  жүргендігі  анықталды.  Бұдан  шығатын 
қорытынды:  әр  мұғалім  алдында  отырған  оқушыға  мұқият  қарап,  оның  бойындағы  ерекше 
қасиеттер  мен  қабілеттерін  ашуға,  білім  алуға  деген  ынтасының  не  себептен  бәсеңдегенін 
түсінуге тырысуы керек екендігіне пән мұғалімдерінің көзі жетті. 
Әр  сабақтан  кейінгі  кері  байланыста  да  оқушылардың  өздеріне  деген  сенімдерінің 
артқанын, оқуға деген ынтасының ұлғайғанын аңғарып отырдық. 
Білім берудегі бүгінгі таңдағы жаңашылдықтың әлі ашылмай жатқан, бірақ ашылуға 
тиісті  қыр-сырларын  меңгеру  үшін  ерінбей,  шығармашылықпен  еңбек  етуіміз  керек.  Сонда 
ғана мұғалім деген мәртебелі мамандықтың абыройын арттырып, өскелең ұрпақтың сапалы 
да терең білім алуына жол ашамыз.  
 
 
Білім  беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтің  
кәсіби өсуіндегі әдістемелік қызметтің рөлі 
 
Алтынбаева А.А
Жамбыл облысы, Меркі ауданы әкімдігі  
 білім бөлімінің  № 5 Ақарал орта мектебі  
директорының  оқу- әдістемелік 
 ісі жөніндегі орынбасары 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесі  жаңа  белеске  көтерілу  үшін  әлемдік 
білім беру кеңістігінде ықпалдастық қарым – қатынаста болғаны абзал. Елбасы «ХХІ ғасыр 
жоғары технологиялар  дәуірі болады» деген  сөзіне лайық мамандар дайындау мәселесінде 
ауқымды  жұмыстар  жүргізілуде.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  проблема  –  әлеуметтік 
педагогикалық және ұйымдастыру  тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, 
жаңа  әдістерін  іздестіру,  оларды  жүзеге  асыра  алатын  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін 
арттыру. Қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. «Жаңа 
тұрпатты    мұғалім  –  жан-жақты  рухани  дамыған,  әлеуметтік  тұрғыдан  кемеліне  келген 
шығармашыл тұлға, педагогикалық  әдіс-тәсілдерді кәсіби тұрғыдан жетік меңгерген, үнемі 
өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын құзіретті маман. Сондықтанда жаңа формация  мамандарын 
дамыту  мен  жетілдіруде    мектептегі  әдістемелік  қызметтің  маңызы  зор  болып  табылады. 
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша құру 
ұмтылысы мұғалімнің ииновациялық іс-әрекетіне байланысты болады.  


 
 
226 
 
Мектептің  әдістемелік  қызметтің  тақырыбы:  «Педагогтардың  теориялық  білімі  мен 
әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру және  оқытудың озық әдіс - тәсілдерімен қаруландыра 
отырып,  құзіретті, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту» деп белгіленді. 
Мақсаты:  Мұғалімнің  кәсіби  құзырлығын  арттыруға,  мұғалімдер  мен  оқушылардың 
шығармашылық  әлеуетін дамытуға әдістемелік жағдайлар жасау;  Күтілетін нәтижесі  оқыту 
мен оқуда білім беру мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру арқылы, жеке 
тұлғаның өздігінен ізденіп, ой – өрісінің жан – жақты дамуына жағдай жасалып білім сапасы 
артады.                
Әдістемелік жұмыс негізгі үш бағытта жұмыс жасайды: 
Инновациялық  бағыт:  жаңа  педагогикалық  технологияларды  меңгеру  және  ғылыми-
зерттеу әрекетін ұйымдастыру. 
Әдістемелік  бағыт:Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  енгізуде  кәсіби  қоғамдастық 
жұмысын үйлестіру; Әдістемелік конференциялар мен іс- тәжірибе алмасу семинарлары. 
Мұғалімдердің  тәжірибелерін  зерттеу  және  жалпылау  бағыты:  мұғалімдердің 
шығармашылық топтары, публикациялар, әдістемелік құралдарды енгізу. 
Жаңа  білім  беру  ортасын  қалыптастыруда  әдістемелік  қызмет  төмендегідей   
топтармен жұмыс атқарады. Олар «Кәсіби қоғамдастық», «Әдістемелік пәндік бірлестіктер», 
«Заманауи  технология  көшбасшылары»,  «Тәлімгерлер  мектебі»,    «Сабақты  зерттеушілер 
тобы», «Диагностика және мониторинг тобы», «Озық  тәжірибе мектебі». 
Педагогтардың  әдістемелік  деңгейін  көтеру  жүйесі  жоғары  кәсіби  деңгейге  жетудің 
жаңа  мүмкіндіктеріне  жол  аша  отырып,  өзгеріп  тұратын  білім  беру  жағдайын    тұрақты 
бейімдеу  мен  педагогикалық  әлеуетті  үздіксіз  дамыту  үшін  жаңа  білім  беру  ортасын 
қалыптастыруда  Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің деңгейлі бағдарламасы 
бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтіп келген мұғалімдер қатарынан   орта білім беру 
мазмұнын  жаңарту  жағдайында  деңгейлік  бағдарлама  идеяларын  жүзеге  асыруда  «Ақарал 
прогресс»  кәсіби  қоғамдастығы  жұмыс  жүргізеді.  Қоғамдастықтың  жұмыс  мақсаты: 
Сындарлы  оқыту  теориясына  негізделген    деңгейлі  бағдарлама  идеяларын  оқыту  мен  оқу 
тәжірибесіне  жеті модульді  ықпалдастыра отырып  коучинг, тәлімгерлік,   сабақты зерттеу   
үдерістері арқылы  жүйелі енгізу.Табысты кәсіби қоғамдастықтар реформа жүргізу жөніндегі 
көптеген  жұмыс  топтарын  құру    арқылы    жүзеге    асырылады.Олар  Басқарушы  тобы 
«Самғау»,  Үйлестіруші  тобы  «Шабыт»,    Дамытушы    тобы  «Зерде»  топтары  арқылы  іске 
асырылады. 
Басқарушы топтыңнегізігі жұмыс бағыты төмендегідей:  
•  Жаңа  білім  беру  мазмұнына  сай  іс-  әрекетті  жоспарлау  және  жоспардың 
орындалуына басшылық жасау; 
• Мектепте кездесетін проблеманы анықтауға зерттеу жүргізу; 
• Мектептегі инновациялық жұмыстың жай-күйі, тиімділігі және әсерлілігін бақылау; 
• Мұғалімдердің  теориялық  және  тәжірибелік    кәсіби  құзіреттілігінің  жоғары 
деңгейіне    жетуге  және  олардың    оқыту  мен  оқу  тәжірибесін  жетілдіруге  ықпал  ететін 
коучинг және тәлімгерлік үдерістерін іске асыру, басқару 
•  Білім сапасының  өсуіне  мониторинг жүргізу. 
•  Желілік қоғамдастық арқылы  тәжірибе алмасу; 
Үйлестіруші тобы:  
•  Мектептегі  барлық  оқушылардың  оқыту  тәжірибесін  жетілдіру  мақсатында іс-
әрекеттегі зерттеу жүргізу; 
• Мұғалімдерге  бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар 
топтамасын жоспарлауға көмектесу; 
•  Жиынтық  және  қалыптастырушы  бағалауды  пайдалану  тиімділігін  қамтамасыз 
етуде әріптестеріне көмек көрсету; 
• Мұғалімдерді    оқыту,    оларды    мектептегі    Сабақты  зерттеуге      тарту    мәселелері  
бойынша мұғалімдер тобымен кәсіби әңгімеге қатысу; 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау