221
Бұл тек өткен оқу жылындағы жетістіктеріміз. 2014 жылы республикалық «Үздік
педагог» байқауынан жүлделі орынды №38 мектеп- лицейінің мұғалімі Таскарина Г.Ү. алып
қайтты.
«Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» немесе «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген ұлағатты
сөздер текке айтылмасы анық. Шеберлігі шыңдалған, нағыз маман иелерінен үлгі алып, жан-
жақты біліммен қаруланған оқушылар да жеткілікті. Қалалық өткізілген «Мұқағали
оқулары», «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «І.Жансүгіров оқулары», «Мағжан
оқулары» және «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында жүлделі орын алған
оқушыларымыз Республикалық кезеңнен де олжалы оралып отыр.
Республикалық пән олимпиадасынан
2013-2014 оқу жылы
2014- 2015 оқу жылы
2015- 2016 оқу жылы
№27 Ф-М орта мектеп
Зайнуллиева
Айда
11-сынып
оқушысы жолданып, ІІІ орын
алып қайтты.
№27 Ф-М МЛ Қадим Қымбат 10-
сынып
оқушысы-
ІІІ
орын,
Зайнуллиева
Айда
11-сынып
оқушысы , №35 МЛ Потап Дарья
10-сынып, Ширявскова Мария
11-сынып
оқушылары
-
Сертификат
№38 МЛ оқушылары Ерғалиқызы
Дана 10-кл. ІІ орын;
Меңдігереева Гүлзаман 11-кл. ІІ
орын
Ғиззат Анель 11- кл.
ІІІ орын
2016 жылдың 22-24 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында
өткен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің
иегері Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Халықаралық олимпиадасында:
2013-2014 оқу жылы
2014- 2015 оқу жылы
2015- 2016 оқу жылы
№ 35 МЛ 9-сынып оқушысы
Пищулина Анастасия – ІІІ орын,
Таипова
Эллина
10-сынып
оқушысы – ІV орын, №38 МЛ 10-
сынып Жасқайратова Айгүл – ІІІ
орын, Қылышбай Гүлстан 10-
сынып- Алғыс хат
№27ЖОББМ 10-сынып оқушысы
Зайнуллиева Аида – ІІ орын, 9-
сынып оқушысы Қадем Қымбат-
Алғыс хат, №35МЛ 9-сынып
Муксенова Милана- ІІІ орын,
Доля
Анастасия
9-сынып
оқушысы- Алғыс хат
№38 МЛ Ғиззат Әнел Алғыс хат,
№34 МГ Лұқпанова Аружан 9 в –
ІІІ орын, №34 МГ Сапарғалиева
Әсем 11а «Үздік әдебиетші»
номинациясы (сертификат), №44
ЖОББМ
Сүлейменқызы
Дельфина Грамота;
Петропавл қаласында өткен Республика Мағжан оқулары Зағыпар Оралхан,
Тулегенов Елшат - III орын, Қазақ әдебиет пәнінен ғылыми жобадан Ерғалиқызы Дана ,
Тулегенов Елшат - III орын иеленді .
Сонымен қатар, Республикалық іс-тәжірибе таратуда пән мұғалімдерінің саны
жылдан- жылға артып келеді. Ашық сабақ, сыныптан тыс шаралары мен мақалалар
жарияланды.
2013- 2014 оқу жылында
2014- 2015 оқу жылында
2015- 2016 оқу жылында
47
63
68
Бүгінгі таңда, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің
гүлденуі негізгі үш фактордан тұрады.
Олар мыналар:
- Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеру;
- Білімнің деңгейін көтеру;
- Мамандардың кәсіби білімі мен білігі.
Олай болса, әдіскер де ұстаздардың аталған факторлардың барлық сатысынан өтуіне
бірден- бір ықпал етеді. Құрамындағы әрбір ұстаздың уақытылы біліктілігін арттыру
курсынан өтіп, жаңа технологияны меңгеруіне, өз ісіне қолдана білуіне жөн сілтеп, керек
жерінде шығармашыл өсуіне демеу көрсетіп отырады. Әдіскерлік қызмет әрқашан өзіңді
222
жетілдіріп отыру деген сөз. Бұл қызметтегі адамдар ешқашан «Мен өзімді жетілдіріп
болдым» деп айта алмайды, үнемі «Мен өзімді жетілдіріп жатырмын» деуі керек.
Қазір «Интернет» жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық
мектептер компьютерленген. Ендеше, сол компьютерлерде пән мұғалімдері тек сабақ
үрдісінде пайдаланып немесе жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап,
білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынып, мұғалімдердің пән бойынша
электрондық көмекші құралдар мен әдістемелік құралдары жарық көруде. Бұл уақыт талабы,
ғаламдану талабы. Компьютер қызметін жетік білетін ұстаз ғана оқушылардың ақпараттық
техниканың мүмкіндіктерін тиімді қолдануына көмек көрсете алады. Осы тұста әдіскердің
тағы бір қызметі ақпараттық- коммуникативтік технологиялық курстардан білім алған,
сертификатталған ұстаздармен бірлесіп қалалық, облыстық деңгейде оқыту-семинарларын
ұйымдастырып жұмыс жасауына жағдай тудырады. Бұл бағыттағы жұмыстар:
- интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану ;
- DVD –дискілер, бейнероликтер, аудиокассеталар жұмыс жүргізу дағдыларын
жетілдіру;
- Ғаламтор мүмкіндіктерін қолдануға , Веб-сайттан кез келген ақпарат іздеуді үйрету ;
- Түрлі бағдарламаларды, қосалқы ақпараттық желілерді пайдалануға көмек көрсету;
т.с.с.
Әрине, бұл жерден ұстаздар бірден біліп кетуі мүмкін емес, дегенмен сабақ үрдісінде
пайдалану арқылы үйрене бастайды. Ұстаздардың жан-жақты дамып, ғылыми жетілуіне,
шығармашыл өсуіне мұғалімнің өзінің қатысуы арқылы жүзеге асатын түрлі сайыстардың
берері мол. Әлемде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтан құры қалмай, үйрене білуге,
үйрене жүріп үйрете білуге әрқайсымыз дайын болуымыз қажет. Сондықтан да ұстаз
алдындағы басты міндет - ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті
танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең,
білімі жоғары, құқықтық, құжаттық мәдениетті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған
заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Жақсы мұғалім – маған әр уақытта қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» - деп
ағартушы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі – жақсы мұғалім. Кез
келген мұғалім өзін жақсы жағынан көрсету үшін жан – жақты, ұйымшыл, ізденімпаз және
сауатты болуы шарт. Себебі, адамның өзі білмегенін немесе толық түсінбегенін біреуге
айтып жеткізуі мүмкін емес нәрсе.
Сондықтан өз қарамағымдағы ұстаздарға: - әрбір берілген тапсырмаға
жауапкершілікпен қарауды үйреніңіздер; - қай нәрсеге де болмасын жан – жақтылық
көрсетуге талпыныңыздар дегенді айтқым келеді.
Әдіскер ретінде ағымдағы жаңалықтан, өзгеріс толқынымен бірге ағу - менің
ұстанымым. Сондықтан барлық уақытта ізденіс үстінде жүремін. Облыс көлемінде бірнеше
әдістемелік жинақ, мақала жарық көрсе, «Үздік әдіскер» байқауына қатысып , 2011 жылы 2-
орын, 2014 жылы «Зерттеуші әдіскер» номинациясын иелендім.
Қорытындылай келе, белгілі педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі
де жойылады» - деген екен. Олай болса, үйретуші, жаңалықты дәріптеуші әдіскер ретінде
жаңадан басталған желілік қоғамдастық жұмысын нәтижеге бағыттауды жоспарлап
отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: |