Орфографияны оқытудың дидактикалық ЖӘНЕ



жүктеу 434,88 Kb.
бет2/3
Дата07.02.2018
өлшемі434,88 Kb.
#8978
1   2   3

Саналылық принцип. Оқушылар материалдарлды саналы түсінулері үшін, мұғалім сабақтың қандай мақсат көздейтіндігімен алдын ала таныстырып отыруы керек. Бұл – оқушылар зейіні көзделген мақсатқа аударылып, материалды дұрыс қабылдауда, байқағыштық қабілетін арттыруда, сабақтың тиімді өтуінде өте маңызды әсер етеді.

Саналылық принципі білімді игеру барысында өзін - өзі бақылау қабілеттілігін қамтиды. өзін - өзі бақылау қабілеттілігі қоршаған өмірді жете тануға көмектеседі.

Саналылық принципі оқушылардың заттар мен құбылыстар арасындағы байланыс пен өз ара қатынастарын ашуға, оқылып отырған материал жөнінде өзінше ой қорытуға жеткізеді.

Белгілі мақсат көздеп, саналы түрде ой топшылай отырып түсінген материал жақсы нәтиже береді. Сол арқылы меңгерілген білімнің беріктігі қамтамасыз етіледі.

Меңгерілген білімнің саналылығы оны практикалық жұмыста дұрыс пайдалануға жағдай жасайды.

Мұғалім оқушыларға сабақ мақсатын, ондағы негізгі мәселе қайсы екенін айтып береді. Мұғалімнің түсінігі оқушылардың сөздік қорының мөлшеріне лайық құрылуы тиіс. Мұғалім материалды догмалы жолмен емес нақтылы дәлелдерге негіздеп, оқушыға сенімді түрде баяндауды көздеуі керек. Ғылыми материалды саналы түсінуі үшін, оқушылар фактілерді дұрыс ажыратуға, оларды топтастыра білуге, элементтері мен белгілерін таба білуге бастысы қайсысы екенін аңғаруға нендей заңдылыққа сүйенетін анық белгілеуге үйретіледі. Бұлар анализ және синтез деп аталатын логикалық операциялар көмегімен жүзеге асырылады. Айтарлық оқушылар үйде де, класста да грамматикалық ережені жақсы айтып береді, бірақ сол ережеге байланысты емлелік қате жібереді. Мұның басты себебі оқыту әдісінің жетілдірілмегендігінен, мұғалімнің формальды оқытқандығынан болады. Формальды түрде оқытуға кейбір жағдайда программалық материалдардың тазарды деп айтуға болады. Сабақ оқушылардың материалды саналы ұғынуына негіздей құрылады. Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс, тәсілдер қолданылады, көрнекі құралдар пайдаланылады, жаттығулар жүргізіліп, үнемі қайталанып отырады, оқушылардың өздігінен жұмыс істеу талап етіледі, олардың класта да, үйде де белгілі мақсатта жұмыс істеуі ұйымдастырылады [8, 16 б.].



Білімнің берік болу принципі. Білімді меңгеру және есте берік сақтау принцпі өтілетін материалды оқушының дәйекті түсініп, саналы меңгеруін талап етеді.

Білімді берік меңгертудің оқушыға дүние тану көзқарасын қалыптастыруда маңызы зор. Дүние тану адамның іс – әрекет сипатын белгілейді, оның қоғамдық бағыты мен мақсатын анықтайды.

Белгілі бір ережені қалай да жақсы түсініп, есте сақтаудың қажеттігін мұғалім оқушыға баса көрсетіп, арнайы ескеріп отырса, бұл материалдың аса қажет екендігін сезініп, оны берік меңгеруге тырысады. Оқылған материалдардарды тыңғылықты игеруге оқушының ынтасын аударудың маңызы зор. Бұл үшін мұғалімнің түсіндіруі мен баяндау тәсілдері шешуші орын алады. Неғұрлым оқушы сезіміне әсер ете түскен сайын, ол материал соғұрлым есте берік сақталады. Мұғалім түсіндірген материалдың мазмұнды болуымен бірге, оның баяндау шеберлігі, сөздің жатықтығы, көрнекілікті тиімді пайдалану, көркем сипаттама юеру, айқын салыстырулар, тартымды фразалар келтіру сияқты оқушыны қалай да үйіріліп аларлық жәйттерді ойластыруы тиіс.

Оқушы материалды саналы түрде игеріп, есінде берік сақтауға төселуі қажет. Онсыз олар құрғақ жаттауға әуес келеді.

Білімді берік меңгертуде материалдарды дұрыс жүйелеу шешуші орын алады. Түсіндірілетін материалдардан басқа басы артық еш нәрсе болмай, бәрі де өз орнында тұруы тиіс. өткен материал мен жаңа материал арасындағы сабақтастық, ішкі байланыс жүйесі сақталып отыруы керек. Сонддай – ақ оқу материалын оқушының жасы, білім дәрежесіне лайық мөлшерлей білуі де шешуші орын алады.

Меңгерілген білім ұмытылмау үшін арнайы жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ондай жұмыстың ең бастысы – қайталау. Қайталау үнемі жүргізілуі тиімді, білгенді ұмытып қалғаннан кейін жүргізілетін қайталаудың ешбір пайдасы болмақ емес. Қайталауда белгілі жүйе болуы, қай уақытта нені қайталау алдын ала жоспарлануы керек.

Оқушы білімнің қаншалықты беріктігін білуде олардың білімін есепке алып отырудың да маңызы бар. Үлгірімді есепке алып қою оқушы білімін қақылап қою үшін ғана емес, мұғалімнің оқыту әдістерінің қаншалықты дұрыс жолға қойылып жүргенін белгілеуге де көмектеседі. Егер көптеген оқушы біртектес қате жіберетін болса, онда мұғалімнің оқыту әдісінде кемшілік болғаны.

Білімнің беріктік принцпін жүзеге асыруда жаттығу жүргізу де маңызды фактор болып табылады. Жаттығу тек білімді бекітіп қана қоймай, сонымен бірге балада икемділік пен дағды қалыптасуына, білімді практикада қолдануға көмектеседі [9, 18 б.].



Шамаға лайықтау принципі. Оқыту жұмысы шамаға лайықталуы керек, онсыз оқытуда табыс та, саналылық та, белсенділік те, тәрбиелік те сипат болмайды. Оқушының табиғаты, даму ерекшелігі, жеке басының қаситеі ескеріліп отырылуы тиіс. Материалдардың шамаға лайықталуда мына жағдайлар ескеріледі: а) оқушылардың жас ерекшеліктері, ә) білім дәрежелері, б) программа аумағы.

Жоғарыда көрсетілгендерден басқа мұғалімнің оқыту шеберлігіне, оқытуды шамаға лайықтап құру ережесін дұрыс жүзеге асыра білуіне байланысты. Ондай ережелер мыналар: а) белгіліден белгісізге қарай оқыту, ә) оңайдан қиынға қарай оқыту, б) жақыннан алысқа қарай оқыту.



Белгіліден белгісізге қарай оқыту ережесі оқытудағы таным процесінің негізі болып табылады. Мысалыға, балаларға хат танытып, олардың дұрыс оқи және жаза алуын қамтамасыз етпей тұрып, грамматиканы оқыту мүмкін емес.

Оңайдан қиынға қарай оқыту да белгілі бір ізділікті көздейді. Балаға жазу үйрету жеке әріпті жаздырудан басталады да, одан буындап жаздыруға көшіріледі, сонан соң барып тұтас сөз жаздырылады.

Жақыннан алысқа қарай оқыту көбінесе материалдың орналастырылу тәртібі арқылы көрінеді. Мысалы, сөздің ең кіші бөлшегі, сөз құрайтын бөлшек, дыбыс болғандықтан, грамматикада ең бірінші болып фонетика оқытылады, одан кейін грамматиканың басқа салалары күрделілігіне қарай орналастырылады.

Төменгі класс оқушыларымен жүргізілетін сабақ әрбір шамалы уақыттан кейін басқа тәсілге ауыстырылып құбылып отырылса, яғни оқушыны жалықтырмау көзделсе, орта және жоғары кластарда оқыту әдісі басқаша жолмен құрылып, неғұрлым тиянақты білім мақсаты алға қойылады.

Төменгі класс оқушыларында өздеріне - өздері бақылау жағы жетіспейді, ал V – VIII класс оқушыларында өздеріне - өздері бақылау жасау, сын көзбен қарау қабілеті едәуір дамыған. Төменгі класты оқыту индуктивті сипатта құрылса, V – VIII класс және жоғары кластарда бірте – бірте дедуктивті тәсіл көбірек қолданыла бастайды. Жоғары класс оқушылары абстракт түрде ойлауға бет бұрады, ғылыми түсініктер мен логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса түседі. Жасы өскен сайын оқушы тілі байып, сөздік қорлары артады, ғылыми жаңа терминдерді игереді [10, 62 б.].

Шамаға лайықтау принцпінде кластағы жұмыстармен бірге үй жұмысын да реттеп отыру шешуші орын алады. Үйге берілген тапсырма оқушы шамасына лайықты болуы тиіс. Оқушы шамасына лайықтау дегеннен көбіне – көп материалды қиындатып жібермеу деген ұғым түсінілетін кездер де бар. Бұл, әрине, дұрыс түсінік емес. әсіресе үйге берген тапсырма өте жеңіл болса, ол – оқушыны ойландырмайды, оқушы оған ешбір ойлау процесін жұмсамайды. Ондай тапсырмалардын түсер пайда жоқ. Шамаға лайықтау дегеннен оқушының білім дәрежесінен ауыр да, жеңіл де материалдарды көп пайдаланбау керек деген түсінік туады.

Шамаға лайықтау принцпін жүзеге асыруда оқушының жеке – дара ерекшелігін де ескеріп отыру қажет. әрбір адамның дамуында, өмір тіршілігінде, мінез – құлқында, қабілетінде өзіндік сипат, ерекшелік қасиеті болады. Оқыту және тәрбиелеуде де біздер жеке индивидуммен істес боламыз. әр оқушыны сабақ үстінде де, мектептен тысқары да бақылап, әрқайсысының оқу қабілетіне, сөйлеу шеберлігі мен жазу сауатына, қандай жағдайда дұрыс түсініп, белгілі ұғымды меңгеретініне көңіл аударып отыру тиімді.

Жақсы оқитын оқушылар мен үлгерімі төмен оқушылардың оқу қабілеті де ескеріліп, әрқайсысына лайық қатынас жасаудың пайдасы мол. Әрине, нашар үлгіретін оқушыға көңілді көбірек бөлу қажет болатындығы түсінікті. Нашар үлгіретін оқушыға қамқорлықпен көмектесу керек. Бұл – үлгірімі төмен оқушыға қойылатын талапты төмендету жолымен емес, әр түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізу арқылы іске асырылуы тиіс.



Жүйелілік принципі. Жүйелілік принцпі негізінде құрылған программалық материалдарды бір – бірімен байланыстыра отырып, бұрын берілген материал мен келесі материалдың сабақтас болуын көздейді,

Материалды орналастырудың жүйелілігі оны оқытудың шамаға лайық болуын да ескеріп отырады. Оқу материалдарын жүйеге түсірген кезде шамаға лайықтаудың белгіліден белгісізге қарай, оңайдан қиынға қарай, жақыннан алысқа қарай оқыту ережелері сақталады.

Оқытудағы берік жүйелілік пен бір ізділік – ғылыми білім берудің кепілі.

Әрбір жеке пән бойынша материалды жүйелі орналастыру оқушыларды да жүйелі оқуға міндетті. Егер оқушы бірнеше сабақтан қалып қалған болса, оның білімінде олқылық пайда болып, одан кейінгі материалдарды түсінуге қиындық туғызады [10, 89 б.].



Білімнің ғылымға негізделу принципі. Совет мектебі оқыту жұмысының негізіне білімнің ғылымға негізделу принцпін алады. Демек, оқушы меңгерген білім ғылыми болуы керек деген сөз. Барлық пәндерден, соның ішінде қазақ тілі пәнінен жасалған программалар мен оқулықтар осы принцпті басшылыққа алады. Білімнің ғылымилығы ең маңызды принцп болып табылады. Тек ғылыми білім ғана диалектикалық материалистік көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Білімнің ғылымға негізделу принцпін жүзеге асырудың едәуір қиыншылық жақтары бар. әрбір мұғалім ғылыми критерийді жетік білуге, оның қағидаларын әр уақыт есінде сақтауға тиіс. Бұл – мұғалімдерді өзіне және өз біліміне сын көзбен қарауға, өзіне - өзі берік талаптар қойып отыруға міндеттейді.

Білімнің ғылымға негізделу принцпінің тәрбиелік те үлкен мәні бар. Совет елінде ғылым және ғылым негіздері халыққа қызмет етеді. Білім алу – совет халқына, коммунизм құрылысына пайдалы адам болу деген сөз. Совет мұғалімдері ғылыми білім бере отырып, жас ұрпақтарды коммунизм құруға даярлайды, бұл – аса саңызды, аса құрметті іс.

2. Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер


2.1. Оқыту әдістері
Оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографины оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады: 1) байқау әдісі, 2) баяндау әдісі, 3) әңгімелесу әдісі, 4) кітаппен жұмыс әдісі, 5) жаттығу әдісі, 6) талдау – жинақтау әдісі, 7) салыстырма әдіс, 8) индукция – дедукция т.б. [11, 199 б.]

Байқау әдісі. Нақты материалды меңгеруде байқау әдісі шешуші орын алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау жасайды. Байқау процесі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау арқылы қорытындыланып, абстракт ой туады. Байқау танымдық роль атқарады. Ол – шындық өмір құбылыстары туралы түйсінуді реттейді. Сөзді немесе сөйлемді байқай отырып, оқушы тіл заңдылығының ережесін үйренеді.

Байқау жұмыстары баланың жан – жақты дамуына көмектеседі, сезім күшін арттырады, қабылдаудың маңызын көтеріп, зейінді тәрбиелейді, есті жетілдіреді, ынта – тілекті арттырып көркемдік талғамды дамытады. Байқау жұмысы бір жақты жүргізілмейді, мұнда мұғалім де, оқушы да белгілі мақсат жолында әрекет етеді, мұғалім көрсетеді, ал оқушы бақылайды. Байқаудың алғашқы сатысы қабылдау мен түйсіну болып табылады. Жеке заттар мен құбылыстаржөніндегі түйсінулер нақты ұғымдар туғызуы тиіс, сонда ғана материалдар ретке келтіріледі, ал реттелген материалдар абстракт ойлау операцияларына беріледі.



Баяндау әдісі. Мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нұсқау түрінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің сөйлеуі, ойын көркем құрып баяндауы, тиісті дәлелдер келтіріп қорытындылауы тыңдаушыларға үлгі боларлық сипатта құрылуға тиіс. Бұл жағынан алып қарағанда, баяндау әдісінің тәрбиелік маңызы жоғары.

Мұғалімнің баяндауына оқушылардың тыңдау прорцесі үйлес келуі тиіс. Баяндауға қойылатын талап тыңдауға да қойылады. Баяндай отырып, оқушыларды тыңдай білуге баулиды. Баяндауды тыңдау ойлау қабілетін арттырады, әрекетке тікелей араластырып, оқушының көңіл сезімін оятады.

Баяндау әдісі басқа әдістер элементтерімен ұштастырылып отыруы тиімді. Баяндау барысында байқау, әңгімелесу және жазбаша жұмыстар қоса жүргізіліп, мұғалімнің сөзі өтіліп отырған объектіні көрсету, сұрау – жауаптар арқылы толықтырылып отырылса, оқушыжалықпайды. Көрнекі құрал пайдалану арқылы оқушының тікелей сезінуі және қабылдауы ұйымдастырылады.

Әңгімелесу әдісі. Оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі - әңгімелесу әдісі. Әңгімелесуді жаңа материалды түсіндіруге кірісу мақсатында да ұйымдастарып отыруға болады. Мұғалім сабақтың әрбір кезеңінде сыныпқа сұрақтар беріп, оқушылардың жауаптары арқалы сабаққа белсенді қатысуларын ұйымдастырып отырады. Баяндау әдісінің құрамына да әңгімелесу енгізіледі.

Баяндау әдісі сияқты, әңгімелесу әдісіндеде білім сөз арқылы, сөйлеу арқылы беріледі. Сөйлесу кезінде тек мұғалім ғана әрекет жасап қоймайды, оқушылар да белсенді қатынастырылады. Мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды белгілі бір мақсатқа бағыттайды, олар қойылған сұраққа жауап беру түрінде өз пікірлерін аша түседі. Сұрақ оқушыларға бұрыннан белгілі мәселелерден басталып, бірте – бірте күрделендіру жолымен жаңа білім алуға жетектерлік сипат алады. Сұрақты үнемі мұғалім қоя бермей, оқушылардың өздері де бір – біріне сұрақ қойып, өз ара әңгімелесу түрін ұйымдастыруға болады.

Әңгімелесу әдісін ұйымдастыруда оқушылардың бұрыннан білетін, олар меңгерген білімдері негіз болады. Мұғалім алдымен қайталау сұрақтарын қойып, соның ізінше әңгімелесу әдісіне көшуі де мүмкін немесе алдымен жаңа материал таныстырып алып, сол материалды әңгімелесу түрінде талқылауы да мүмкін. әңгімелесу барысында оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. әңгімелесу материалды жинақтаудың және логикалық ойлау мүмкіндігін жасаудыңтиімді әдісі болып табылады.

Оқушылар үшін әңгімелесу – коллективтік еңбек. Оқушыларды негізгі материалдармен алдын ала таныстыру, сұрақ – жауаптардың логикалық жүйесін дұрыс бергілеу, олардың кеңінен ойлау мүмкіндігін жасау, класты коллоктивті түрде қатыстыру, жауап беру кезінде оқушылардың еркін сезінуі, мұғалімнің бағыттаушы ролі мен оның қорытынды сөзі әңгімелесу әдісінің амалдары болып табылады.



Кітаппен жұмыс істеу әдісі. Оқушылар ең алдымен жұмыс істеуге үйретілуі тиіс. Оқулық нақтылы материалдарды меңгеріп, одан тиісті қорытындылар жасап отыруға көмектесетін, практикалық жұмыс икемділігіне нұсқайтын құрал болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға сөздіктер мен анықтама кітаптарды пайдалану тәртібі, көркем шығармалар мен ғылыми – көпшілік әдебиеттерді пайдалану жолдары үйретіледі.

Кітаппен жұмыс істеу әдісінің тәрбиелік сипаты мол. Кітап оқу – оқушылардың ынталылығы мен қабілетін арттырудың маңызды факторы. Оқу және оқығанын ұғынып түсіну бірден нәтижелі бола қоймайды. Бастауыш кластан бастап оқушылар оқыған тексін түсінуге үйретіледі. Оқуға ынтасы арта түскен оқушы кітапты көбірек оқи бастайды, мәнерлеп оқуға төселеді, оқығаннан түсінгендерін жазып үйренеді, бірте – бірте сөздіктер мен анықтамаларды, иллюстрацияларды дұрыс пайдалана алады.



Жаттығу әдісі. Жаттығу арқылы оқушы білімі беки түседі. Жаттығу әдісі көп жағдайда қайталаумен байланысты. Жаттығу арқылы теориялық білім қайталанады. Жаттығу күрделі психологиялық функцияларға негізделеді. Ол – оқушылардың сезіну мен түйсінуге тікелей байланысты. Жаттығу үстінде қашан белгілі бір дағды қалыптасқанша, оқушының ойлау жұмысы тоқтамайды. Жаттығу зейінді, есті және ерікті белгілі дәрежеде тәрбиелеуге көмектеседі.

Талдау – жинақтау әдісі. Зат және құбылыстарды тану үшін олардың жеке элементтерін ажырата білу, жеке бөліктердің атқаратын қызметі мен алатын орнын біле отырып, олардан тиісті логикалық қорытындылар жасап отыру – талдау – жинақтау әдісі бойынша жүзеге асырылады. Бүтінді бөлшекке бөлу – талдау, ал бөлшектен бүтін құру – жинақтау. Талдау мен жинақтау жеке – жеке емес, бірлікте қаралатын болғандықтан, талдау – жинақтау әдісі деп қосылып айтылады.

Тіл сабақтарында, сөйлем сөздерге, сөз буындарға, буын дыбыстарға жіктелетіндігі, керісінше, дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құралатындығы белгілі. Айталық, тұтас сөзді талдатып үйрету үшін, оқушылар «сөз», «буын», «дыбыс» деген грамматикалық терминдерді білуі керек. әсіресе бастауыш класс оқушылары сөйлемдегі жеке сөздерді оңай тауып атағанымен, сөзді жеке бөліктерге бөлуде көбірек қиналады. Сондықтан да мектеп практикасында фонетикалық талдауға жете мән беріліп отырылуы керек.

Грамматика тілдегі тіл формасы мен мағынасы жөніндегі ілім болғандықтан, жеке формалар даралай бөліп алып, оған мағыналық анализ жасайды, сөйтіп оны белгілі жүйеге келтіреді. Соның нәтижесінде сөз формалық жағынан да, мағыналық жағынан да саналы түрде жете танылады. Бұл –тілдік құбылыстарды оның табиғатына қарай синтетикалық тану болып табылады.

Салыстырмалы әдіс. Салыстырмалы әдіс оқушылар зейінін өтіліп отырған объектіге аударып, оны жақсы меңгеруге көмектеседі, оқушылардың саналы түрде логикалық ойлауын дамытып, алған білімін практикада саналы түрде қолдана білу мүмкіндігін жасайды, оқушылардың сөздері өз орнына қоглданып, тіл мәдениетін дамытады.

Грамматикалық ереже немесе емлені салыстыру кезінде грамматикалық категориялар мен формалар арасында қандай ұқсастық немесе қандай ажырым бар екендігі ашылады. Сөйте отырып, материал арасындағы бәріне ортақ ерекшелік аңғарылады.

Салыстьырма әдісті әр түрлі сипатта жүргізуге болады.

1. Сабақта орын алатын ақыл – ой жұмыстарының сипаты бойынша салыстыру екі түрлі мақсат көздейді: а) ұқсастық белгілерін анықтау, ә) ажырым белгілерін анықтау.

Объектінң көлемі бойынша бір ғана жолмен алыстырылатын жай салыстыру және әр түрлі жолмен салыстырылатын күрделі салыстыру жүргізіледі.

2. Салыстырылатын объектілер сипатына қарай:

а) емле ережелері салыстырылады;

ә) сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ұқсастықтары мен ажырымдары салыстырылады;

б) сөздердің лексикалық мағынасы салыстырылады;

в) сөздердің морфологиялық бөліктерінің ұқсастықтары мен ажырымдары салыстырылады;

г) грамматикалық категориялар мен олардың тұлғалары сипатталады т.б. [12, 56 б.]

2.2 Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі
Грамматикалық ереже қолдану тәртібі Я.А.Коменскийге дейін былайша жүйеленетін еді. Алдымен ереже айтылып, одан кейін мысал келтіріліп, ең соңында жаттығу жүргізілетін, Коменский бұл схемаға өзгеріс енгізіп, біріші орынға мысалдарды, екінші орынға ережені қойды.

Бұл тәртіп бойынша, оқушылар сол ережеге жаңадан мысал ойланады немесе ережені қалай қолданудың жолын қарастырады. Мұндай процестер арқылы тек мысалдар таңдалынып қоймай, ережеге бірнеше дүркін қайта оралуға мүмкіндік туады, сөйтіп ережені саналы түрде меңгеруге қолайлы жағдай жасалады. Дидактикалық бұл схеманы жүзеге асыру оқу процесінде оқушылардың ережені догматикалық, механикалық жаттап алудан арылып, тіл заңдылығын саналы меңгеруіне жағдай жасаайды.

«І. Әрбір ғылым өте тұжырымды, дәл ереже арқылы берілуі тиіс.

ІІ. Әрбір ереже қысқа, бірақ өте айқын сөздермен баяндалуы тиіс.

ІІІ. Әрбір ереже түсінікті болып, оны әр түрлі жолмен пайдалана алатын болуы үшін көптегенмысалдар берілуі керек. («Ұлы дидактика», ХVІІ тарау, § 24)».

Жаңа материалды түсіндіру алдында оған әзірлік жұмыстарын ұйымдастырған тиімді. Өтілетін материалдың тақырыбын тақтаға жазу әзірлік жұмысының бір түрі болып табылады. Алайда, бұл істі барлық мұғалім әр уақытта орындап отырмайды. өтілетін материал тақырыбын тек ауызша айтып қана қою оқушылар зейінін аудара алмайды. Ал егер «Біз бүгін ү әрпінің жазылу емлесін оқимыз. Сендер ү әрпі і әрпімен ауысып жазылатындығына назар аударыңдар» деген түрде алдын ала ескерту жасалып отырылса, оқушы бүгінгі сабақ мақсатын түсінетін болады. Сабақты өтпей тұрғанда, оқушы ү мен і әрпінің алмасып жазылатындығына күмән келтірілуі мүмкін. Алайда, ү мен і үнемі алмаса бермейтіндігін оқушылар есте ұстаулары керек. Санаулы сөздерге ғана сөйлемнің соңғы буынында ү әрпі жазылатындығы жөнінде орфографиялық ережені мұғалім түсіндіріп, сөздер көрнекі құрал арқылы немесе тақтаға жазылып көрсетіледі.

Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы өтілетін материалға лайықты талдау жасата отырып, орфографиялық ережені оқушылардың өздеріне айтқызу да грамматикалық ережені білгізу жолындағы жұмыс тәсілдерінің тиімді варианты болып саналады. Мұндай жұмыс кезінде оқулықты пайдалануға да болады. Оқулықтағы орфографиялық ережені бір оқушы оқиды да, 2 – 3 оқушы оны қайталап айтып шығады.

Озат мұғалімдер жаңа материалды өту кезінде грамматика оқулығында берілген анықтама ережелер мен түсініктемелерді кітаптан оқытып, оларға түсіндірмелі талдау жасап огтырады. Бұл – оқушы білімнің үстірт болмай, берік болуына мүмкіндік жасайды. Мектеп грамматикасы тілдік мәселенің тек негізін қалайды, ғылыми – практикалық дерек береді, ол деректер тұжырымды баяндалады. Тұжырымдалған грамматикалық анықтама ережеде әдеби тілдің нормасы сақталады, аз сөзбен көпті мегзейді. Міне, сондықтан да ықшамды жазылған тұжырымды анықтама ережені оқушыларға жаймалай түсіндіруге тура келеді, тілдің сөйлеу нормасы бойынша, ұғымның қарапайым баламасы ұсынылады. Сөйтіп, белгілі грамматикалық мағлұматты оқушылар мұғалімнің түсіндіруі арқылы да, оқулық арқылы да игереді. Оқулықтың білімдік те, тәрбиелік те мәні бар.

Мұғалімнің мақсаты – белгілі грамматикалық категорияларға байланысты оқулықта берілген анықтама ережені ғана бергізіп қою емес, сол ережеге сүйене отырып, тілдік материалды таныту, соның төңірегінде оқушыны ойланту, ақыл – ойын дамыту. Оқылған грамматикалық категорияны оқушы тани білуге, оны түрлендіруге, емлесін жазу практикасында мүлтіксіз қолданып отыруға тиіс. Бұл үшін материалды жақсы түсініп, берік меңгеруі керек. Бұл үшін материалды жақсы түсініп, берік меңгеруі керек. Мұғалім түсіндіру үстінде оқушылар назарын өзіне аудартады. Жалықтырмас үшін сұрақ – жауап арқылы оларға әңгімелетеді, сөйтіп сабаққа оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жаағдайда оқушылардыңғ оқулықпен өздігінен жұмыс жүргізуі материалды пысықтау немесе қайталау түрінде жүзеге тасырылады.

Ережеге, әдетте, жазуды орфографиялық нормаға түсірудің құралы болып табылады. Тіпті кейде жеке бір сөзді жазудың да өзіндік ережесі болады.

Ережелерді меңгеру нәтижесінде қалыптасатын орфографиялық дағды да жинақұтық ұғымға ие болады. Оқушылар белгілі ереже бойынша өздері таныс сөздерді ғана дұрыс жазумен шектелмейді, сол орфограммамен жазылатын өздеріне таныс емес сөздерді де қатесіз жазатын болады.

Жинақтық дағщды қалыптастыру үшін әр түрлі лексикалық, синтаксистік материалдарға негізделген жаттығу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Нақтылы материалдарға жаттыға отырып, абстракциялау да шешуші роль атқарады. Бір вариантты ереже белгілі фонетикалық немесе грамматикалық ситуациялардың жазылуын бір түрде ғана сипаттаса, көп вариантты ереже олардың жазылуын кемінде екі жолмен көрсетеді.

Мектепте білім беру жұмысында сабақ шешуші роль атқарады. Қандай да болмасын сабақ жүйесінде оқушыларды сабаққа әзірлеу, олардың зейінін аудару, жаңа білім беру жолында тиісті әдіс – тәсілдер қолдану, практикалық жолмен жаттықтыру, білімдерін бекіте түсу үшін қайталау ұйымдастыру, үйге берілген тапсырманы орындау мүмкіндігін жасау сияқты әр түрлі сабақ буындары кіреді. Бұл буындарды сабақтың қай кезеңінде қалай пайдалану мұғалімнің оқыту шеберлігігне байланысты болмақ. өтілетін материалдың мазмұнына, ауыр – жеңілдігіне және оқушылардың білім дәрежесі мен даярлығына қарай сабақ сан алуани жолмен ұйымдастырылады. Сабақты белгілі мақсатқа бейімдеп, оны тиімді ұйымдастыру үшін сабақ материалдары күн ілгері нақтылануы тиіс.

Орфографияны үйрету сауат ашудан басталатындығы белгілі. Сауат ашу әліппені оқыту арқылы жүзеге асырылады. Шын мәнінде, оқушының жазу сауаттылығының түп қазығы - әліппені жүйелі оқыту. Қазақ совет мектебі тарихында бұл мәселеге ең басты көңіл бөлініп келеді. Латын жазуы негізінде жасалған әліппелерді оқыту жөнінде жазылған мақалалар мен Ә.Сәдуақасовтың 1940 жылы шыққан «Сауат ашу методикасы» еңбегін айтпағанның өзінде, оқуды өмірімен байланыстыру жөніндегі партия мен үкімет қаулыларынан кейінгі жалдар ішінде әліппені оқытуға байланысты елеулі ғылыми – методикалық жұмыстар жүргізілді. Көрнекі педагогикамыз Ә.Сытдықов, тіл ғалымы Ә.Ермеков, практик – мұғалім әрі методист Ж.Жолаевтар бірлесіп, әліппені орқыту жөнінде методикалық еңбек жазды. Олар сауат ашудың дыбыс жүйелі талдау – жинақтау әдісін ұсына отырып, оны былайша нақтылай түсті.

«Бірінші әдіс – әріп әдісі немесе әріп жинақтау әдісі. Мысалы, ма буынын оқыту үшін м дыбысын созыңқырап, а дыбысына жалғастырады.

Екінші әдіс – оқуға, жазуға үйретудің дыбыс жүйелі әдісі.

Жазу (әріп) сөйлну тілінің өрнегі болғандықтан, алдымен сөйлеу тілінің дыбыстарын ажыратып үйрену керек делінеді.

Үшінші әдіс – буын жүйелі әдіс: жеке әріпті не жеке дыбысты тек сөйлеу тілінде естілуінше, айтылуынша буынға бөлгізіп үйрету. Сондықтан жеке дыбыс, әріп буыннан ажыратылады.

Төртінші әдіс – бүтін сөз әдісі: бұл әдіс жеке сөздердің айтылуын, таңбаланудағы айырмашылығын негіз етіп алады. Шынында, бұл біз атап өткен төрт әдістің өзгертілген, толықтырылған, жақасартылған түрлері әлі де көп» [13, 99 б.].

Сауат ашу мәселесін арнайы зерттеген практик – мұғалім, қазірде педагогика ғылымының кандидаты, методист, М.Жұбанов сауат ашу методикасының мазмұны мен негізін ғылыми және практикалық тұрғыдан терең зерттей отырып, «Әліппе» оқулығының құрылысына түбірлі өзгеріс енгізді және сауат ашудың жаңа жүйесі мен тиімді әдістерін ұсынады.

«Жаңа жүйенің жаңалығы сол, – деп көрсетеді М.Жұбанова, – біз, ең алдымен, қазақ тілі фонетика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, жеке дыбыстардың қасиеттеріне ерекше көңіл бөлдік. Мысалы, дауыстылардың ашығын қысаңынан бұрын өткіздік. Жуанын жіңішкесінен бұрын өткіздік. Бұл жерде, бір жағынан, олардың сөз ішінен естілуіне қарасақ, екінші жағынан, дауысты мен дауыссыздардың сөз ішіндегі бір – біріне тигізетін әсеріне де қарадық. Дәлірек айтқанда, жуан буындағы дауысты мен дауыссыздщы қосып, сөзді тұтас артикуляциялау жіңішкелерден бұрын өткізуді ұсындық...

Жаңа жүйеде біз дыбыстарымыздың қосарланып келетінін ескеріп, оларды салыстыру арқылы таныттық. Мысалы, жуан дауыстылар жіңішке сыңарларымен салыстырылды, қатаң дауыссыздар ұяң сыңарларымен салыстырылды. Қорыта айтқанда, біз бұрынғы оқушылар тек көру сезіміне әсер етуді ғана көздеген, дыбыс сөздің басында келсе ғана таныту оңай болады деген қағидадан ауытқып, сауат ашу жүйесін, сонымен қатар балалардың есту сезіміне де әсер ететіндей етіп, яғни дыбысты ең анық естілетін позициядан бастап танытып алып, біртіндеп барлық позициядан да таныту керек деген пікірді қостадық».

Фонетиканы оқыту барысында ой құру жөніндегі дыбыстың роліне, орфоэпиялық және орфографиялық дағды қалыптастыруға, оқушылардың логикалық ойлауы мен сөйлеу тілінің дамуына басты назар аударылуы тиіс. Фонетикалық материалдар лексика және грамматикамен тығыз байланыста оқытылады. өйткені дыбыс сөздің мән – мағынасын ажырату мүмкіндігін береді (ән – өн, мен – сен, тек – төк т.б). дыбыссыз сөз құрылысындағы өзгерістерді байқау да мүмкін емес, сөзге жалғанатын қосымшалар белгілі дыбыстық жүйе арқылы сараланып отырылмақ.

Фонетиканы оқи отырып оқушылар әдеби тілдің орфоэпиялық нормаларымен танысады. Бұған дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар, олардың жуан, жіңішке, үнді, ұяң, қатаң түрлері негіз болады.

Орфоэпиялық кемшілік сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алмаушылықтан, өте шапшаң немесе өте баяу сөйлеуден, белгілі бір дыбысты айта алмағандықтан болады. Бала көбінесе р, л, ш, ж, ч, щ, с, ц, э дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Соның әсері жазуға да тиіп, бар сөзін бал, жоқ сөзін тсоқ деп қате жазады.

Сөйлеудегі кемшілікті жою үшін оқушы әрбір дыбыстың пайда болу процесін, қандай дыбыстау мүшелері қатысатынын ұғыну қажет. Бұл үшін сөйлеу аппараттарының дыбыс жасаудағы қалпын (қызметін) көрсететін кесіндіні мұғалім оқушыларға таныстыруы тиіс. Сөйте отырып, белгілі бір дыбысты айтқызып, олардың өздеріне байқау жасату тиімді. Тек байқау нәтижесінде ғана оқушылар дыбыстың жасалу процесіне көз жеткізіп, дыбыстау мүшелерінің қызметімен танысады. Осындай жолмен мұғалім оқушылардың орфоэпиялық кемшіліктерін жоюға көмектеседі [14, 99 б.].

Кейбір диалектілік сөйлеу ерекшелігі бар оқушылармен орфоэпиялық жұмысты байланысты жүргізуді есте ұстау керек. Оқушылардың сөзіндегі диалектілік қатерлерді түзету үшін мына сияқты жұмыстар жүргізуге болар еді:

1. Оқушылардың неғұрлым көбірек қате жіберетін сөздерін таблицаға түсіріп, класқа іліп қою қажет. Таблицадағы сөздермен танысып, дұрыс айтуға төселу керектігі оқушыларға алдын ала ескертіледі.

2. Дыбыстық алмасу кездесетін сөздерді оқушыларға жаздырып, алмасып естілетін дыбыстардың асты сыздырылады.

3. таблицаға я тақтаға диалектілік варианттары бар сөз жазып, қайсысы әдеби нұсқаға жататынын айтқызып және дәптерлеріне жаздырылады.

4. Көркем әдебиет шығармаларынан арнаулы текстер оқып, қажетті дегендерін жаттады.

5. Көркем сөз шеберлерінен жазылып алынған грампластинкалар мен магнитофон тыңдалады.

Фонетиканы оқыту барысында орфографияны үйрету елеулі орын алады. Орфографияны берік меңгеру оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен әріпт ара қатынастарын аша білуіне негізделеді. Тілде әр түрлі фонетикалық құбылыстар болады. Тілдік қызметті атқару барысында фонемалар өзінің естілу ерекшелік сипатын сақтауы да, түрлі өзгерістерге ұшырауы да мүмкін.


жүктеу 434,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау