Орфографияны оқытудың дидактикалық ЖӘНЕ



жүктеу 434,88 Kb.
бет3/3
Дата07.02.2018
өлшемі434,88 Kb.
#8978
1   2   3

ҚОРЫТЫНДЫ
Орфография – біртұтас жазу жүйесі болғандықтан ол міндетті түрде тілдердің рухани және материалдық мәдениетінің өркендеуіне белгілі дәрежеде ықпал етеді. Өйткені көптеген мәдениет қайраткерлері жазудың сауатты болуын және оқырманның мәтінді жеңіл түсінуін талап етті. Мәселен, 18 ғасырда-ақ А.П.Сумароков орфографиялық заңдылықтарда осы оқырманға түсінікті болу шартының сақталмағанына қарсылық білдіріп, оны білімсіздіктің ең төменгі дәрежесі деп есептегені белгілі.

Жазу – адамдардың қарым-қатынастарының бір түрі болғандықтан, жазбаша қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі бар. Жазбаша сөйлеу (сауатты жазу) – тілдік тұлғалардың графикалық, фонетикалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдық мазмұны мен формасын қамтитын адамдардың ұзақ мерзімді қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.

Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы жүзеге асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылу құбылысында сөйлесу әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болар еді; бесіншіден, жазылып қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.

Орфографияны оқытуда грамматикалық ережелердің ролі туралы айтқанда грамматикалық ережені қолданудың тәртібі Я.А. Коменскийге дейін былайша жүйеленген. Алдымен ереже айтылып, одан соң мысал келтіріп, ең соңында жаттығу жүргізілетін. Коменский бұл схемаға өзгеріс енгізіп, бірінші орынға мысалдарды, екінші орынға ережені қойды.

Бұл тәртіп бойынша, оқушылар сол ережеге жаңадан мысал ойланады немесе ережені қалай қолданудың жолын қарастырады. Мұндай процестер арқылы тек мысалдар таңдалынып қоймай, ережеге бірнеше дүркін қайта оралуға мүмкіндік туады, сөйтіп ережені саналы түрде меңгеруге қолайлы жағдай жасалады. Дидактикалық бұл схеманы жүзеге асыру оқу процесінде оқушылардың ережені догматикалық, механикалық жаттап алудан арылып, тіл заңдылығын саналы түрде игеруіне жағдай жасайды.

Коменский ереже жөнінде мынадай талаптар қояды: 1) әрбір ғылым өте тұжырымды, дәл ереже арқылы берілуі тиіс. 2) әрбәр ереже қысқа бірақ өте айқын сөздермен баяндалуы тиіс. 3) әрбір ереже түсінікті болып оны әртүрлі жолмен пайдалана алатын болуы үшін көптеген мысалдар берілуі керек.

Жаңа материалды түсіндіру алдында оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру тиімді. Өтілетін материалдың тақырыбын тақтаға жазу әзірлік жұмысының бір түрі болып табылады. Алайда, бұл істі барлық мұғалім әр уақытта орындап отырмайды. Өтілетін материал тақырыбын тек ауызша айтып қана қою оқушылар зейінін аудара алмайды. Ал егер «Біз бүгін ү әрпінің жазылу емлесін оқимыз. Сендер ү әрпі і әрпімен ауысып жазылатындығына назар аударыңдар» деген түрде алдын ала ескерту жасалып отырса, оқушы бүгінгі сабақ мақсатын түсінетін болады. Сабақты өтпей тұрғанда, оқушы ү мен і әрпінің алмасып жазылатындығына күмән келтіруі мүмкін. Алайда, ү мен і үнемі алмаса бермейтіндігін оқушылар есте ұстаулары керек. Санаулы сөздерде ғана сөйлемнің соңғы буынында ү әрпі жазылатындығы жөнінде орфографиялық ережені мұғалім түсіндіріп, сөздер көрнекі құрал арқылы немесе тақтаға жазылып көрсетіледі.

Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы өтілетін материалға лайықты мысалдарға талдау жасата отырып, орфографиялық ережені оқушылардың өздеріне айтқызуда грамматикалық ережені білгізу жолындағы жұмыс тәсілдерінің тиімді варианты болып саналады. Мұндай жұмыс кезінде оқулықты пайдалануға да болады. Оқулықтағы орфографиялық ережені бір оқушы оқиды да, екі, үш оқушы оны қайталап айтып шығады. Озат мұғалімдер жаңа материалды өту кезінде грамматика оқулығында берілген анықтама, ережелер мен түсініктемелерді кітаптан оқытып, оларға түсіндірмелі талдау жасап отырады. Мектеп грамматикасы тілдік мәселенің тек негізін қалайды, ғылыми-практикалық дерек береді, ол деректер тұжырымды баяндалады. Тұжырымдалған грамматикалық анықтама ережеде әдеби тілдің нормасы сақталады, ол орфографияны меңгеруде сол ережелердің дұрыс сақталуы аса қажет.

Ереже, әдетте, жазуда орфографиялық нормаға түсірудің құралы болып есептеледі. Тіпті кейде жеке бір сөзді жазудың да өзіндік ережесі болады.

Ережелерді меңгеру нәтижесінде қалыптасатын орфографиялық дағды да жинақтық ұғымға ие болады.

Қазақ орфографиясын қалыптасытыру және оны игеруде оның принциптерін жетік игерудің маңызы зор. Орфографияны оқытудың принциптерін игеруде табысқа жету көп жағдайда оқушылардың қабылдауын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Осыдан келіп қабылдаудың айқындылығы оқытудың бірінші принципін құрайды.

Көптеген тілдердің орфографиясына көбінесе екі-үш түрлі принцип негіз болады, олар: морфологиялық және фонетикалық принциптер.

Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады.

Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектері айтылуынша, естілуінше жазылады.

Орфографияда бұлардан басқа дәстүрлік немесе тарихи принцип те бар. Дәстүрлі принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне естілуінше сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті болып жеткен жазылу түрі сақталады.

Қазақ орфографиясының негізі морфологиялық принциптерге сүйенеді.

Қазақ тіліндегі сөздердің басым көпшілігінің негізгі түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы, жұмыс, іс, аш деген түбірлерге –шы, -шең, -са қосымшалары жалғанғанда олардың естілуі (айтылуы) жұмыс, жұмышщы, ісшең, іщшең, ашса, ашша түрінде жазылады.

Сондай-ақ қашан+ғы, түн+гі, бұрын+ғы, күн+ге, мұрын+ға деген сөздер мен қосымшалардың естілуі (айтылуы) қашаң+ғы, түң+гі, бұрың+ғы, күң+ге, мұрың+ға болады. Бірақ бұлардың айтылуы есепке алынбай, сөздердің түбір тұлғалары сақталынып қашанғы, түнгі, бұрынғы, күнге, мұрынға болып табылады. Біріккен сөздер мен қос сөздер, негізінен, морфологиялық принцип бойынша жазылады: қара+күйе (құрт), қара+құйрық (жануар), өгіз+шағала (құс), жар+қабақ, орын-басар, шек+ара, алма+кезек, көзбе+көз, қиян-кескі деген сөздер біріккенде не қосарланғанда, айтылуы қарагүйе , қарағұйрық, өгішшағала, жарғабақ, орымбасар, шегара, алмагезек, көзбегөз, қиянгескі болады. Бірақ бір сөздің түбір тұлғасы сақталып қаракүйе, қара құйрық, өгізшағала, жарқабақ, орынбасар, шекара, алмакезек, көзбекөз, қиян-кескі түрінде жазылады. Сөйлем ішіндегі сөздерді жазуда да аралықтарындағы бір – біріне тигізетін дыбыстық ықпалдары еске алынбай, жеке сөздің тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы, Торат қарагер атқа қарағанда ласалау. Дұрыс жазылуы – Торы ат қара кер атқа қарағанда аласалау. Айтылуы Балалар доб лақтырыб ойнаб жүр. Жазылуы Балалар доп лақтырып ойнап жүр.

Қазақ тілінде фонетикалық принциптің де орны ерекше. Мысалы, 1) қазақ тілінде септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары сондай-ақ, жұрнақтардың көпшілігі сөздіғң соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай және соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады. Қала+лар, көше+лер, қала+ның, көше+нің, қаз+дың, хат+тың, сүт+тің, қалам+ым, дәптер+ім жалғаулары естілуінше жазылады. 2) қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда қатаң дыбыстар ұяң естіледі. Кітап+ым=кітабым, тарақ+ы=тарағы, күрек+ің=күрегің; 3) қазақ тілінде п дыбысына аяқталатын етісмтіктерге көсемшінің –ып, -іп жұрнақтары жалғанғанда, қос п қатар айтылған немесе алғашқысы ұяңдалмай, у дыбысына айналып кетеді және сол естілуінше жазылады: кеп+іп=кеуіп (кепіп, кебіп емес), жап+ып=жауып (жапып, жабып емес). Ал, -пы, -пі дыбыстарына аяқталатын етістіктерге п жұрнағы жалғанғанда алдыңғы ережеге бағынбай екі п дыбысы араларына ы, і дыбыстарын салып қатар естіледі. Мысалы: күпі, лепі сияқты сирек қолданылатын етістіктердің көсемше түрі: күпі+п= күпіп (отыр), лепі+п= лепіп (отыр); 4) бірсыпыра біріккен сөздер әр сыңарының түбір тұлғасын сақтамай естілуінше жазылады: белбеу (бел+беу), қолғабыс (қол+қабыс), қолғап (қол+қап), алабота (ала+бота). Бұлардың бірсыпырасында жеке дыбыстарының өзгеруі ғана емес, тұтас түбірдің өзгеруі еске алынады: бүгін (бұл күн), биыл (бұл+жыл), жаздыгүні (жаздың+күні), әпер (алып+бер), әкет (алып+кет), апар (алып+бар), өйткені (олай+еткені), сөйтіп (солай+етіп), Өмірзақ (Өмірі+ұзақ), Ұлбосын (Ұл+болсын).

Бұл сияқты фонетикалық принциппен жазылатын біріккен сөздердің саны морфологикалық принциппен жазылатындарына қарағанда, әлдеқайда аз. Сондықтан кез-келген біріккен сөзді естілуінше жазуға тырысудан сақ болу керек.

Дәстүрлілік принципі бойынша жазылатын сөздер қазақ тілінде кемде-кем. Оған хат, халық, хабар, хал, хан-хана сияқты сөздердің х әрпі арқылы жазылатындығын мысал етуге болады. Бұл сөздердегі х әрпі сөздің түбірін сақтау үшін немесе естілуінше жазылып тұрған жоқ. Бұлардың кейде айтылуы – қалық, қабар, қал, қан-қана. Бірақ 1940 жылы қазақ қазақ тілінің жаңа алфавиті мен орфография ережелері қабалдағандығы бірқатар сөздерде х әрпі жазылады деген ереже алынды да, содан бері жазу практикамызда бұл сөздердің х арқылы таңбалануы үйреншікті болып, дәстүрге айналып кетті.

Орыс тілінен ертеректе еніп, дыбысталуы жағынан өзгеріп қолданылып кеткен бірқатар сөздер дағды бойынша сол қалпында жазылады самаурын (самовар емес), пәуеске (повозка емес), шайнек (яайник емес), облыс (область емес). Бұл сөздердің жазылуы да дәстүрлік принципке сүйенген.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Б. Құлмағанбетова. Қазақ тілінг оқыту методикасы. А., 1982ж.

  2. С. Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1991ж.

  3. Ф. Оразбаева. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. А., 2003ж

  4. С. Қазыбаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 1998ж.

  5. Х. Арғынов. Қазақ тілі методикасы. А., 1974ж.

  6. К. Бозжанова. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру. А., 1989ж.

  7. Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. А., 1999.

  8. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.

  9. Рахметова С., Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. А., 1998.

  10. Уәйісова Г., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. А., 1999.

  11. Бейсенбаева З. Сөзжасамды оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздері. А., 1998

  12. Қазақ тілі бағдарламасы (2,3,4, - сыныптар). А., 2003.

  13. Б. Құлмағанбетова. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А., 1992ж

  14. С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992ж.

  15. К. Қадашева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2006ж.

  16. Б. Ысқақ. Сыныптан тыс жұмыстар. А., 2002ж.

  17. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. - Алматы: «Қазақ тілі», 1988

  18. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. – Астана: «Зерде», 1995

  19. Жолымбетов Қ. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері. - Алматы, 1989


жүктеу 434,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау