Қажетті құрал - жабдықтар және реактивтер:
1.Фотоколориметрия ФЭК - М ( ФЭК -- 56М, КФК - 2 немесе басқасы).
2.Өлшемі бар, сыйымдылығы 50 мл колба
3.Сыйымдылығы 10 мл градуирленген пипетка
4.Сыйымдылығы 25 мл өлшемі бар цилиндр
5.5% аммиактын судағы ерітіндісі (NH4ОН)
6.Мыстың стандарттық ерітіндісін (0,5 мг/мл ) дайындау.
1,9635 мыс сульфатын (СuSO4 * 5Н2О) дистильденген суда ерітеді де оған 5 мл Н2SО4 қосып, оны өлшемі бар сыйымдылығы 1 литрлік колбаның таңбасына дейін дистильденген сумен толтырып араластырады.
Жумыстын орындалуы
Құрамы 2.5; 3,0; 3,5; 4,0; 4,5 мг- дың мыстың 50 мл-дегі бес стандарттың ерітіндісін дайындайды. Бұл сыйымдылығы 50 мл бес өлшемі бар колбаға кезекпен 5, 6, 7, 8, 9 мл мыстың стандарттық ерітінділерін құяды. Оған яғни әр колбаға 15 мл 5%-тін аммиак ерітіндісін құяды және таңбаға дейін дистильденген сумен толтырып, жақсылап араластырады. Лаборанттан сыйымдылығы 50 мл 6-шы өлшемі бар колбаға құятын әсепті (мыстың ионын құрайтын ерітінді) алып, оған 15мл 5%-тік аммиак ерітіндісін құяды және оны таңбаға дейін дистильденген сумен толтырады. 10 минуттан соң фотоколориметрде өлшеуге кірісеміз. Колориметрде қызыл жарық фильтрін орнатамыз. Демек, кезекпен стандарттың ерітінділерді және анықталатын ерітіндіні салыстыру ерітіндісіне (су) қатысты фотометрлейді.
Абсорбцияны өлщеу нәтижелерін
34-кесте
Ерітіндінің №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
өлшеу шамалары
|
|
|
|
|
|
|
А (оптика) (тығыздығы)
|
|
|
|
|
|
|
С (Сu), мг/мл
|
|
|
|
|
|
|
Берілген нәтижелер бойынша калибрленген график тұрғызамыз. Стандарттық ерітінділердегі мыстың концентрациясынан (немесе массасынан) абсорбцияға /А/ байланысты және анықталатын ерітіндідегі мыстың концентрациясының график бойынша анықтаймыз.
Фотоэлектрлік концентрациялық колориметр КФК-2
КФК-2 диапазонының бөлек участкелеріндегі толқын ұзындығын 315-980 нм өлшеуге негізделген. Жарық сүзгілерінің көмегімен коэффициенттерді өткізу және ерітінді сұйықтарында оптикалық тығыздық және де ерітіндідегі заттардың концентрациясын анықтау әдісімен градирленген графиктерді тұрғызады.
Фотоколориметр КФК-2 принциалды оптикалық қүрымысы:
1-ток көзі; 2-жылыны қорғау жарық сұзгіші; 3-бейтарапты жарық сүзгіші; 4-түсті жарық сүзгіші;5-зертелетін зат қүйылатын және салыстырмалы ерітіндіні қүятын кюветалар;6-ағынды жарық сәулесін бөлетін пластинасы;7-фотодиод;8-фотоэлемент.
Достарыңызбен бөлісу: |