Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР
Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2017 жылдың маусымында ағымдағы жылдың өткен аймен салыстарғанда 100,6%, 2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 106,6% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 101,1% сәйкесінше 109,3% құрап отыр.
2017 жылғы маусымда облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,0%-ға өсті.
Үстіміздегі жылғы маусымда азық-түлік тауарларының баға индексі 101,1% құрады. Ет және ет өнімдерінің бағасы - 3,5%-ға, сүт өнімдері 1%-ға, көкөністер - 3,4%-ға, жемістер-0,5%-ға, қант -3,9%-ға қымбаттады. Картоп бағасы 11,7%-ға, пияз бағасы 11,5%-ға өсті. Жұмыртқа бағасы – 14,4%-ға, күнбағыс майы-4,1%-ға, жармалар 3,1%-ға арзандады.
Үстіміздегі жылғы маусымда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,2%-ға өсті, бұл киім және аяқ киім бағасы - 0,6%-ға, үйге қажетті заттар бағасы 1,3%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдар бағасы – 0,5%, жуғыш және тазалағыш құралдар -0,3%-ға өсуімен белгіленген. Дизель отыны -2,3%-ға, бензин 0,2%-ға қымбаттады.
2017 жылғы маусымда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,2%-ға өсті, бұл теміржол қызметтері бағасы – 2,5%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметтері бағасы-2,0%-ға өсуімен белгіленген.
Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ
млн. теңге
И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ
Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 27156,2 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдан 47 пайызға артып отыр.
Соның ішінде: республикалық бюджет арқылы- 4189,2 млн.теңге құрады(қаңтар-маусым 2016 жыл -571,2 млн теңге).
Жергілікті бюджет қаражат арқылы- 1490,2 млн.теңге құрады (қаңтар-маусым 2016 жыл -1940,1 млн теңге).
Шетел инвестициясы қоса ұйымдар мен кәсіпорындардың есебінен– 18008,2 млн.теңге (қаңтар-маусым 2016 жыл -12783,5 млн теңге).
Басқа да қарыз қаражаты есебінен – 3468,6 млн. теңге (қаңтар-маусым 2016 жыл -2469 млн теңге).
Негізгі капиталға инвестиция құйылуының негізгі көздері болып жеке инвестиция-70% және бюджеттік инвестиция -30% болып отыр.
Бюджеттік қаражат арқылы коммуналдық шаруашылық және сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, коммуналдық және несиелік үйлердің құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы, денсаулық сақтау мен білім беруге қатысты обьектілерді салуға, жол салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпорындардың және жұртшылық қаражаты өндіріс, көлік және байланыс, үй салу салаларына жұмсалып отыр.
Қаланың негізгі апиталға тартылған инвестицияның құрамы келесідей:
ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары -74% немесе 20152,9 млн. теңге;
машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар-23% немесе 6315,9 млн. теңге;
өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар-3% немесе 687,4 млн теңге.
Батыс Қазақстан облысының негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі Орал қаласының үлес салмағы- 21% құрап отыр.( Бөрлі және Зеленов аудандардан кейін-3 орында).
Жеке қаражаты есебінен жалпы құны 1567,8 млн. теңгені құрайтын 30 нысана іске қосылды, соның ішінде: 1 кеңсе, 11 шагынмаркет, 1 асхана, 2 кафе, 1 жеміс-жидек өндеу цехы, құс сойатын цех, 1 шаштараз, 4 қойма,1 гараж, 1 сауда үйі,1- жөндеу, сауда, қызмет көрсететін нысан т.б. нысандар.
Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі – 11981,1 млн. теңге құрады, былтырғы жылға 151% құрап отыр.
Орал қаласының экономикасы
Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 154,061 мың шаршы метр құрайтын 1513 пәтер іске қосылды, былтырғы жылдан 2,1 есе артып отыр.
Оның ішінде: жұртшылық есебінен – 772 пәтер немесе 85,825 мың. шаршы метр, былтырғы жылдан 2,7 есеге артып отыр.
Республикалық бюджет есебінен жалпы ауматы 7,5 мың ш.м.құрайтын бір үй тапсырылды(Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер ТЖЖ-сы жаңа шағынауданындағы Дақ№13 бес қабатты 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы).
Одан басқа үйымдар мен кәсіпорындар және жұртшылық қаражаты есебінен 6 коппәтерлі үй, жалпы аланы 54,3 мың ш.м. үйлер тапсырылды( онын ішінде: АО «Байтерек» арқылы салынған жалпы алаңы 19,5 мың ш.м.324 пәтерлі 2 үй(№35ДАҚ және №4 ДАҚ) және 596 жеке үйлер.
Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 12793,4 млн.теңге бағытталды (былтырғы жылға-193%) соның ішінде: бюджеттік қаражат есебінен 1466 млн. теңге, жеке меншік 8579,8 млн. теңге, қарыз қаражаты есебінен- 2747,4 млн теңге.
Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 88,8 мың теңге құрады (былтырғы жылға 101,3%). Соның ішінде: жұртшылық есебінен – 85,9 мың теңге құрады (былтырғы жылға 105,3%).
Орал қаласының экономикасы
БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге
Достарыңызбен бөлісу: |