|
Өнеркәсіп географиясыМинералды тыңайтқыштар өнеркәсібі
|
бет | 65/117 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 2,97 Mb. | | #44894 | түрі | Оқулық |
| Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы8.3. Минералды тыңайтқыштар өнеркәсібі
Минералды тыңайтқыштар өндіру. Бұл - химия өнеркәсібінің ауыл шаруашылығы үшін өнім өндіретін аса маңызды шағын саласы. Соңғы онжылдықтар ішінде өндірілетін тыңайтқыштардың құрылымында өте елеулі өзгерістер болды.
Минералды тыңайтқыштар өндірісі көп жағдайда елдегі ауыл шаруашлығының даму дәрежесін анықтайды. Минералды тыңайтқыштар өндiрудiң негiзiнде ауыл шаруашылығын интенсивтендiру, халықты тұтыну заттарымен толық қамтамасыз етуге жағдай туғызады.
Соңғы онжылдықтарда кешенді тыңайтқыштар: күрделі (шикізат пен реагенттердің химиялық өзара әрекеттесуінің нәтижесінде алынатын) және аралас (тыңайтқыштардың алуан түрлерін механикалық араластырудың көмегімен алынатын) тыңайтқыштар өндіру тарала бастады. Тыңайтқыштардың осы түрлерінде пайдалы заттың үлесі ең жоғары және теңдестірілген. Олардың ішіндегі ең танымалдары аммофос, нитрофос және карбоаммофос болып табылады.
8.3.1. Азот тыңайтқышы
Азот тыңайтқыштарын (аммоний сульфаты, аммиак селитрасы, мочевина немесе карбамид) өндіру үшін негізгі шикізат болып бүгінде оларды алуға арналған бастапқы заттың – аммиактың негізгі көзі деп табиғи газды атауға болады. Азот тыңайтқышы ауылшаруашылықта кеңінен қолданылады.
Саланың даму тарихы қызғылықты. ХХ ғасырдың басында Чили натрий селитрасын (табиғи шығу тегі бар) өнеркәсіптік өндіру азот тыңайтқыштарына деген әлемдік қажеттіліктің жартысынан астамын қамтамасыз етті (Чилиден экспорттау). Басқа бір бөлігін (аммоний сульфаты түрінде) Батыс Еуропа елдерінің кокс-химия зауыттары жеткізіп отырды. Бұрын аммиак селитрасын әскери мақсаттар үшін (жарылғыш зат ретінде) пайдаланса, қазіргі кезде ауыл шаруашылығында азот тыңайтқышы ретінде қолдана бастады.
Ауылшаруашылығындағы ғылыми жетістіктердің әсерінен азот тыңайтқыштарының құрылымына өзгерістер енгізіле бастады. Карбамид (немесе мочевина) өндіру көлемі соңғы 50 жылда мың есе артты, ал оның өндірілетін тыңайтқыштар құрылымындағы үлесі 0,7%-дан 50%-ға дейін өсті. Азот тыңайтқыштарын немесе оның негізінде жартылай өнімдер алу үшін (оның ішінде кешенді тыңайтқыштар өндіру кезінде) іс жүзінде жалғыз ғана құрамдас бөлік болып табылатын аммиак өндірісі артты және қатты арзандады. Ал қазіргі уақытта аммиак алу үшін негізгі көз болып табиғи газ қолданылады. Дәл соның негізінде бүгінде азот тыңайтқыштарының 9/10 бөлігінен астамы алынады.
Бүгінде азот тыңайтқыштарының ең көп мөлшерін шығаратын аймақ Азия елдері болып отыр. Азия елдерінде саланың бәрінен де кеш қалыптасуы оларда тыңайтқыштың ең тиімді түрін - карбамид шығаруды бірден бастауға мүмкіндік берді. Азия аймағы елдеріне дүниежүзіндегі карбамидтің біршама үлесі (60%-дан аса) тиесілі. Азия елдерінің күрделі тыңайтқыштар алудағы үлесі де зор (1/3-ге жуық). Оларды өндіру бойынша аталған аймақ Солтүстік Америкаға ғана жол береді. Қытай бүгінде азот тыңайтқыштарын АҚШ-нан көбірек шығарады, ал Үндістан Батыс Еуропа елдерінің бәрі қосыла шығаратын көлемде азот тыңайтқыштарын өндіреді. Пәкістан азот тыңайтқыштарын Францияға, ГФР немесе Нидерландияға қарағанда көбірек мөлшерде шығаруда. Жалпы алғанда тек Қытай мен Үндістанға ғана дүниежүзінде шығарылатын азот тыңайтқыштарының 40%-ына жуығы тиесілі.
Қазіргі уақытта азот тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар газ кәсіптеріне жақын жерде орналастырылады немесе толық циклдағы қара металлургия кәсіпорындарымен үйлестірілген. Азот тыңайтқыштарын өндіретін жаңа кәсіпорындар магистральды газ құбырларының бойына орналастырылады.
Азот тыңайтқыштарына сұраныстың өсуіне байланысты оның өндірісі ауылшаруашылықты аймақтарда (Азия, Солтүстік Америка мен Шығыс Еуропа) шоғырланған. Қытай, АҚШ және Үндістанда тыңайтқыштың бұл түрінің жартысынан астамы өндіріледі. Тыңайтқыштың басқа түрлерін (фосфор, калий) өндіруге арнайы шикізат қажет болғандықтан, олардың өндірісінің орналасуы шикізат көзімен тығыз байланысты.
Азот тыңайтқыштарын өндіруші аса ірі елдер Қытай (әлемдік өндірістің 30%-ға жуығы), Үндістан, Америка Құрама Штаттары, Ресей, Канада, Индонезия болып табылады. Соңғы жылдары ірі өндірушілер қатарына сонымен қатар мұнайға және табиғи газға бай Парсы шығанағы елдері де кіреді.
Азот тыңайтқыштарын өндіру географиясының өзгеруі өнімді тұтыну географиясына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Өндіріс сала өнімдерін тұтыну аймақтарына жақындады. Ауылшаруашылығы басым елдерде азот тыңайтқыштарына деген сұраныс өсуде. Азот тыңайтқыштарын тұтыну бойынша әлемдік көшбасшылар Қытай, Үндістан, АҚШ болып саналады.
Азот тыңайтқыштарын аса ірі экспорттаушылар Ресей, АҚШ, Канада, Украина, Бельгия, Люксембург, Сауд Арабиясы, Нидерланды. Дамыған елдер негізінен алғанда қымбат тұратын кешенді тыңайтқыштар мен карбамид шығарады.
8.3.2. Фосфор тыңайтқышы
Фосфат (фосфор) тыңайтқыштарын (қарапайым және қосарланған суперфосфат) өндіру үшін табиғи шикізаттың екі түрі – фосфориттер мен апатиттер пайдаланылады. Шикізат ретінде фосфориттерді пайдаланатын және фосфорит ұнын шығаратын кәсіпорындар пайдалы қазбалардың осы түрін шығаратын орындарда орналастырылады.
Фосфор тыңайтқыштарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшылар АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей, Бразилия. Фосфор тыңайтқыштарының әлемдік өндірісі – жылына 35 млн тоннаға жуық. Бұл ретте тыңайтқыштың осы түрін өндіру мен тұтыну деңгейінен Азия елдері алда келеді. Аймақта тұтыну әзірге тыңайтқыштар өндіруден асып түсуде (бұл өнімді импорттауға себепкер болып та отыр). Керісінше, Солтүстік Америкада фосфор тыңайтқыштарын өндіру оларды тұтынудан екі еседен аса артып отыр және шығарылатын өнімнің бір бөлігі әлемдік нарыққа келіп түсуде. Шығыс Еуропа аймағы сала өнімдерін ірі экспорттаушы болып келеді.
Жекелеген елдер мен аймақтардың шикізат шығаруға, одан жартылай өнімдер мен дайын фосфор тыңайтқыштарын алуға мамандануы сала өнімдерінің экспорттылығының өсуіне себепкер болып отыр. Экспортқа фосфор шикізатының 1/3 бөлігінен 1/5 бөлігіне дейін жеткізіліп отырады.. Фосфор тыңайтқыштарын экспорттаушы АҚШ, Ресей, Марокко, Тунис, Қытай, Иордания, Израиль болып табылады.
Шикiзат қорының молдығы мен сапасы жағынан Қаратау фосфорит алабы дүниежүзiндегi ең iрi кен орындарының бiрi. АҚШ, Тунис, Мароккодағы атақты фософорит кен орындарының қатарына жатады.
Қазақстанда жергілікті шикізат негізінде өндірілетін фосфор тыңайтқыштары басқаларына қарағанда басымырақ. ХХ ғасырдың соңында оның көлемі 26 мың т-ға жетсе, азот тыңайтқыштары бар болғаны 10 мың т шамасында өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|