Өнеркәсіп географиясы


Электрондық энергетикалық машина жасау



жүктеу 2,97 Mb.
бет54/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

7.2 Электрондық энергетикалық машина жасау
Электротехника және электроника. Өнеркәсіптің жеке саласы ретінде электротехника ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты. Ол кезде электротехника өнеркәсіптің ең озық және ғылымды көп қажет ететін салаларының қатарына жатты. Электротехника - ең жаңа салалардың бірі.
Электротехника өнеркәсібінің құрылымында өндірістердің екі тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топқа өнеркәсіптік мақсаттағы қымбат тұратын, өнім шығаратын өндірістер: электр қуатын шығаруға арналған жабдық (генераторлар) өндірісі, электр қуатын беруге (кабельдер) және электр қуатын түрлендіруге (трансформаторлар, түзеткіштер, электр моторлар) арналған жабдық өндірісі жатады. Сонымен қатар электрмен электрлік құрал-жабдықтар, металл қорытуға арналған электр пештер және т.с. шығару өндірістік мақсатқа ие. Бірінші топ салаларының барлық өндірістері түсті металдардың көп мөлшерін, болаттың арнайы сорттарын пайдаланатын материалды көп қажет етеді. Екінші топқа шаруашылық пен тұрмыста кеңінен қолдануға арналған арзан өнім шығаратындар кіреді. Оларға жарық-техника өнімдерін (электр лампалары), ажыратқыштар, розеткалар, аккумуляторлар, қоректендіру элементтерін (батарейкалар) және өзгелерін шығару жатады. Сонымен қатар ұзақ уақыт пайдаланатын тұрмыстық аппаратура – тоңазытқыштар, электр пештер, шаң сорғыштар, кір жуу машиналарын, микротолқынды пештер, шаңсорғыштар және т.б. шығару да өте маңызды болып саналады..
Электротехника өнеркәсібіндегі ең танымал трансұлттық корпорациялар ХІХ ғасырдың аяғында-ақ пайда болды. Олар «Дженерал электрикс» және «Вестингауз» (Америка Құрама Штаттары), «Сименс» (Германия) және т.б. Бұрынғы КСРО-да да қуатты электротехника өнеркәсібі құрылған болатын. Жапонияда сала дамуын тек ХХ ғасырдың аяғында ғана, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, ал азиялық «жаңа индустриалды елдерде» (Корей Республикасы, Сингапур, Тайвань және т.б.) тек соңғы онжылдықтарда ғана қолға алды.
Тұрмыстық электротехника өндірісі радионың ойлап табылуымен (ХІХ ғасырдың соңы) және сымсыз байланыстың ең қарапайым аппаратурасын шығаруды ұйымдастырумен басталды. ХХ ғасырдың ортасына қарай радиобайланыс құралдарының, ал кейінірек – тұрмыстық қабылдағыштар мен теледидарлардың өндірісі, ал 60- жылдардың басынан аудио және одан соң бейнеаппаратура өндірісі қалыптасты.
Өнім шығарудың өсуі өндірісті әлем аймақтары мен елдері арасында орналастырудағы айтарлықтай ілгерілеулермен ілесе жүрді. Мысалы, 50- жылы өнеркәсіп жағынан дамыған елдерге радиоқабылдағыштар шығарудың 92%-дан астамы (Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияға – осы көлемнің 90%-ы) келді, бірақ 70-жылдардан бастап-ақ тауарлардың осы түрін шығару негізінен алғанда Азияға орын ауыстырды. Дүниежүзіндегі радиоқабылдауыштарды ірі экспорттаушы елдер Қытай (Гонконгты қоса отырып), Малайзия, Мексика, Жапония, Америка Құрама Штаттары, Германия Федеративтік Республикасы, Португалия, Сингапур болып табылады.
Қазіргі уақытта Мексикада, Бразилияда, Малайзияда, Түркияда, Үндістанда теледидар шығару (олардың саны бойынша) көптеген дамыған елдердегіден асып түсті. Әлемдегі теледидарларды аса ірі экспорттаушы елдер қатарына Мексика, Жапония, Малайзия, Корей Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Қытай жатады.
Тұрмыстық электрониканың бүкіл өндірісі негізінен алғанда Батыс Еуропада, Солтүстік Америкада және Жапонияда шоғырланған. Қазіргі уақытта тек Азиялық «жаңа индустриалды елдер» ғана сала өнімдерін өндірудің үштен бірінен астамы келеді. Бірақ өнімнің аса ірі продуценті ретіндегі Жапонияның маңызы сақталып, АҚШ мен Батыс Еуропа мемлекеттерінің үлесі қысқарды. Алайда, ең күрделі, қымбат тұратын тұрмыстық электрондық өнімді жасап шығаруда көшбасшы орындарды бұрынғысынша дәл осы жоғары дамыған мемлекеттер алып отыр. Дәл осы экономикалық тұрғыдан жоғары дамыған елдерде өнімнің жаңа түрлері жасалынып шығарылады.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тұрмыстық аппаратура шығару бойынша көшбасшыларды атап көрсетейік. Тоңазытқыштар мен тұрмыстық салқындатқыштар шығару бойынша қазіргі таңда Қытай, АҚШ, Италия, Жапония, Корей Республикасы, Бразилия алдыңғы қатарлы елдер болып отыр. Бұл ретте көшбасшылар үштік өнімнің 50%-дан астамын шығарады. Шаңсорғыштар шығару бойынша АҚШ, Жапония, ГФР ерекшеленеді.
Өзінің 1991 жылы ыдырағанына дейін КСРО-ның да тоңазытқыштар, кір жуу машиналарын, шаңсорғыштар шығару бойынша әлемде 1-3 орын алған. Қазірде дайын өнім өндіру ТМД елдерінің барлық елдерінде қысқарып кетті.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау