Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет53/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Машина жасаудың негізгі аудандары мен орталықтары
Дүние жүзінің экономикалық картасынан жалпы алғанда машина жасайтын төрт аймақты бөліп көрсетуге болады. Бірінші аймақ - Солтүстік Америка, мұнда іс жүзінде күрделілік дәрежесі бойынша ең жоғарыдан орташа және төменгі дейінгі машина жасау өнімдерінің барлық түрлері өндіріледі. Екінші аймақЕуропа негізінен алғанда жаппай машина жасау өнімдерін шығарады, бірақ кейбір ең жаңа салаларда өзінің басты бағыттарын ұстайды. Үшінші аймақ Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, мұнда жаппай машина жасау өнімдерін шығаруды ең жоғары технология бұйымдарын өндірумен ұштастыратын Жапония алда келеді. Төртінші аймақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД елдері). Бұл аймақтарға кіретін елдердің көпшілігі үшін машина жасау - халықаралық маманданудың басты саласы, бұл оның халықаралық саудада алатын айрықша орнын да белгілейді.
Дамушы елдер дүниежүзілік машина жасау өнімдерінің 1/10-іне дейін ғана өндіреді. Олардың машина жасаудағы артта қалуы басқа ешқандай салада осыншама күшті байқалмайды. Сонымен қатар, бұларда құрастыратын зауыттар да аз емес. Олар машиналардың детальдарын АҚШ-тан, Батыс Еуропа мен Жапониядан алады. Соңғы кезде Бразилияда, Үндістанда, Аргентинада, Мексикада машина жасау айтарлықтай жоғарғы деңгейге жетті. Мұның Азиядағы «Жаңа индустриялық елдерге» қатысы бұдан да зор. Бірақ оларда салынған кәсіпорындардың көбі батыс фирмаларының филиалдары болып табылады.
Машина жасау өнеркәсібі - өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36-40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау - 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллонмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі «Дженерал Моторс», «Форд Моторс», «Дженерал Электрик» (АҚШ), «Даймлер-Крайслер», «Сименс» (ГФР), «Мицуи», «Мицубиси», «Тойота Мотор» (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс стейді.
Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі қоғам қажеттілігімен және ҒТР жетістіктерімен, көптеген өнімдерді (тұрмыстық техника, автомобиль, электрондық техника) тұтынудың жаппай сипат алуымен анықталады. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы бастапқыда металға бағдарланса, соңғы онжылдықтарда маман жұмыс күшіне, кейбір салаларының ғылыми-зерттеу орталықтарына, инфрақұрылымы дамыған ірі қалаларға шоғырлануы байқалады. Бірте-бірте бұл сала кәсіпорындары барлық жерде орналасатын болады.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылаған сайын өндірістің құрылымы да күрделеніп, жеке салалардың арасалмағы өзгеруде. Қазіргі кезде өнімнің құны бойынша электр техникасын жасау дәстүрлі салаларды артқа тастады. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. АҚШ қарапайым құрал-жабдықтар шығарудан гөрі күрделі, қымбат техника өндірісіне маманданған. Азия елдері жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық электроника, ал Батыс Еуропа елдері байланыс құралдары мен медициналық, өндірістік және ғылыми құрал-жабдықтар шығаруға бағдарланған.
Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары – Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония. Аймақтар арасында басты орын (өнімнің 1/3-ін береді) алатын Батыс Еуропаның өндірісі экспортқа бағдарланған, шығарылған өнімнің 75%-ы экспортталады.
Жеке елдер арасында АҚШ пен Жапония өндіріс көлемі жөнінен жетекші орын алады, олардың әрқайсысы жылына, шамамен, 9-10 млн автомобиль шығарады. Автомобиль жасау күшті монополияланып, дүниежүзі бойынша бұл сала өнімінің 80%-ы аса ірі он автомобиль компаниясыны үлесіне тиесілі. Әдетте, әр елдің өзіндік «втомобиль астанасы» бар; олардың қатарына өндіріс шоғырлануымен көзге түсетін Детройт (АҚШ), Вольфсбург (ГФР), Турин (Италия), Төменгі Новгород (Ресей), Нагоя-Токио (Жапония) жатады. Көлік машиналарының автомобильден басқа түрлерін (кеме, теміржол көлігі, ұшақтар) жасау да көрнекті орын алады. Кеме жасаудан Жапония, Корея Республикасы, Германия, Қытай жетекші орында. Қазіргі кезде сұйық өнімдер таситын танкерлерге, контейнер тасымалдаушы және кемелерге сұраныс артып отыр. Ұшақ өндірісінде Сиэтл мен Лос-Анджелес қалаларындағы (АҚШ) «Боинг» зауыттарының тобы және Тулузадағы (Франция) «Конкорд» зауыты көзге түседі.
Құрылымы жағынан машина жасау – дүниежүзілік өнеркәсіптің ең күрделі, көп тармақты ежелгі салалардың бірі. Машина жасау экспорты АҚШ, Германия ½, Жапонияда 2/3 құрап отыр. 250 автомобиль компаниялары автомобиль шығарады, бірақ әлемдік өндірістегі 95%-ы әуелгі 20 фирманың үлесіне тиеді. 57,5 %-ы «Дженерал Моторс» (АҚШ), 12,9%-ы «Тойота» (Жапония), 9%-ы «Фольксваген» (Германия), 7,9%-ы «Даймлер-Крайслер» (Германия/АҚШ), 7,4%-ы «Фиат» (Италия), 5,2%-ы «Ниссан» (Жапония), т.б. Яғни, алдыңғы қатарлы 10 автомобиль компаниялары (5 елдегі) дүниежүзілік автомобиль өндірісінің 80%ын құрап отыр.
Кеме жасау өндірісіндегі жетекші орынды Жапония, Корея Республикасы, Еуропа елдері, Қытай алады. Авиазымыран жасау, ғарыштық құрал мен аспаптар өндірісіндегі басты жетекшілер - Ресей, АҚШ, Еуропалық Одақ. Электротехникалық өндірістің ішінен электронды индустрия бөлініп жеке сала болып отыр (АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа, Оңтүстік Азия елдері).
Экскаватор зауыты – электр станциялары үшін қажет жабдықтар жасайды. Арнайы мұнай және газ өндіру өнеркәсіптерінің құрал-жабдықтары зауыттарда жасалынады.
Алып пресс-автоматтар шығаратын зауыт басқарушы құрылғылары мен автоматты желілері бар жоғары дәрежедегі автоматтандырылған станоктар жасайды. Зауыт өнімін дүниежүзінің көптеген елдеріне (Аргентина, Канада, Бразилия, Уругвай) шығарады. Шымкент пресс-автомат зауытының станоктары халықаралық стандарт деңгейіне сай.

Машина жасау зауыттары (моторлар, приборлар, тетіктер, қосалқы заттар)


Қара металлургия зауыттары (құймалар)




Түсті металлургия зауыты (қорытпалар, прокаттар, кабельдер)







Электротехникалық кәсіпорын (электроаппараттар)




Автомобиль
з ауыты




Тоқыма маталар
фабрикалары



















































Құрал-жабдықтар
З ауыттары (саймандар)




Химия
Зауыттары
( пластмассалар, резиналар, лак, бояулар)




Былғары зауыты
(былғары заттары)








Метиз зауыты (метиаздар, қалпақша, бұранда, тойтарма)




Әйнек зауыты (шыны заттары)




сызба. Автомобиль зауытының өндірістік байланыстары


Автомобиль құрастырушы кәсіпорындар жүк тасымалдайтын машиналарды, кішігірім автобустарды құрастырады.
Дүниежүзі машина жасау өндiрiсiнде АҚШ, Германия және Жапония үздiк елдер қатарында келеді. Осы үздiк елдер тобына бұрынғы аграрлы елдер Испания, Грекия, Бразилия, Аргентинаны да жатқызуға болады. Дүниежүзінде машина жасауда Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнiң рөлi артуда. Бұл саланың осы аймаққа ауысуының негiзгi себебі “арзан” еңбек күшінің болуы.
Бiрақ, бұл елдерде бәсекеге қабiлеттi және ғылымды көп қажет етпейтiн жаңа машина жасау өнiмдерiн әзiрлеу және шығару басты орын алады. Осы жағдайда, әртүрлi елдердегi машина жасаудың даму деңгейiн анықтау өте күрделi.
Машина шығаратын елдердің басты ерекшеліктері:

  • машина жасау өндiрiсiнiң толық түрлерi шығарлатын елдер (АҚШ, Германия, Жапония);

  • белгілі бір өнім шығаруға негізделген елдер (Англия);

  • машина жасау құрылымында елеулi проблемалармен әйгiлi (Италия)

  • машина жасау құрылымы саласының бiркелкi дамыған машинаны экспорттау импорттау үлесінің жартысынан астамын беретін елдер (Канада, Бразилия).

Мұндай типке бөлу әлемдiк машина жасаудың орналасуы және жеке аймақтардың рөлiн анықтау, ғаламдық экономикалық жүйенi аймақтандыру үшiн қажет.
Солтүстiк Америка аймағына (АҚШ, Мексика, Канада) әлемдiк машина жасау өндiрiсiнiң 4/3 бөлігі тиесілі. Бұл аймақтар әлемдiк саудада өте күрделi жоғары өнiмдердi, ауыр машина жасауда және ғылымды көп қажет ететiн салалар өнiмiн экспорттауда жетекшi орын алады.
“Батыс Еуропа” аймағына әлемдiк машина жасау өнiмiнiң 20-30%-ы, “Шығыс және Оңтүстiк Шығыс Азия” аймағына, машина жасау өнiмiнiң 20%-ы келеді. Негiзгi жетекшi ел Жапония болып табылады. Бразилияда әлемдiк машина жасаудың 4 аймағы қалыптасқан.
Арзан еңбек күшi бар елдер, шикiзат ресурсы бар елдерге қарағанда, қолайлы жағдайға ие болуда.
Дамушы елдермен салыстырғанда дамыған елдерде машина жасаудың толық құрылымының болуы және электротехника үлесiнiң артуы, өнiм сапасының жоғары болуымен ерекшеленеді. Ол жоғары сапалы машина жасаудың күрделігімен айқындалынады. (Жапония —64%, АҚШ және Германия —48%, Канада 42%, Швецияда —44%).
Жалпы машина жасау өндірісі дамыған және дамушы елдерде бiркелкi емес. 1-топта станок жасау, ауыр машина жасау, және жабдықтар шығару басым болса, екiншiсiнде — ауылшаруашылық машиналары алдыңғы орындарда.
Станок шығару бойынша жетекшi орынды ФРГ, АҚШ, Италия, Жапония, Швеция алады. Барлық дамушы елдер тобына станок жасау ісінің 6%-ы келедi.
Электротехникалық өнеркәсiпте электронды индустрия басым. Электрондық өнеркәсiбiнiң екi сала тобы: әскери-өнеркәсiптiк және тұмыстық электроника көрінеді.
Соңғы жылдары машина жасауда өндiрiстiк процестiң белгілі бір орталықтары дамуда. Бұл процесс негiзiнде машина жасау қорының 9/10 шоғырланған өнеркәсiптiк дамыған елдер арасында жүзеге асуда. Машина жасауда икемдi автоматтандырылған өндiрiсті жобалау жүйелерi енгiзiлуде. Бұл жүйелер үшiн жабдықтар шығаруда Жапония және АКШ жетекшi көлiктiк машина жасау құрамы өзгерiске ұшырады; кеме жасау және атомобиль жасау қарқынды дамуда.
Канаданың машина жасау кәсіпорындары негізінен көлік құралдары мен ауылшаруашылық машиналарын жасауға маманданған. Бұл сала өндіруші өнеркәсіп өнімінің 30% береді, бұл жоғары дамыған басқа елдерге қарағанда әлдеқайда төмен.
Автомобиль зауыттары негізінен Вольфссбург маңына шоғырланған. Бұл қаланы АҚШ-тағы Детройт тәрізді “автомобиль астанасы” деп те атайды. Германия жеңіл автомобильдерін Қазақстандықтар жиі сатып алады, 2000 жылы олар елдегі шетелдік жеңіл көліктердің 30%-дан астамын құрады. Кеме жасау да дәстүрлі өнеркәсіп салаларының бірі. Кеме жасаудан (жүк сыйымдылығы бойынша) Жапония, Корея Республикасы алдыңғы орында.
Станок, автомобиль жасау кәсіпорындары Бирмингем ауданында, тоқыма өнеркәсібі жабдықтарын жасау Манчестер маңында, ал кеме жасау кәсіпорындары Глазгода орналасқан. Әлемдегі алғашқы ірі танкер “Глюкауф” 1886 жылы Ұлыбританияда жасалған. Оның ұзындығы 91,4 м, ені 11,3 м болатын және 2300 т жүк көтере алатын. Қазіргі кездегі әлемдегі аса ірі танкерлердің жүк көтерімділігі бұдан 250 еседей артық, ал ұзындықтары 400 м-ден асады. Машина жасау өнеркәсібі әскери техника, қару-жарақтар шығарудан да көзге түседі. Қазіргі кезде әлемдік нарықта жапон жеңіл автомобильдерінің үлесі артуына байланысты Ұлыбританияда жеңіл көлік жасау қарқыны бәсеңдеген. Елде АҚШ-тың “Крайслер” және “Форд мотор” автомобиль компанияларының бірнеше зауыттары бар. Жеңіл автомобильдер Ланкашир қаласында орналасқан “Роллс-ройс” фирмасының заводтарында да жасалынады. Автомобиль заводтары соңғы жылдары шағын қалаларда да салына бастады.
Дүниежүзілік автомобиль өндірісінің дамуында елдің айрықша орны бар. 1898 жылы ағайынды Рено негізін салған фирма алғашқы автомобилін жасап шығарған болатын, арада 15 жыл өткен соң бұл шағын кәсіпорын алуан түрлі машина шығаратын аса ірі концернге айналды. Қазіргі кезде бұл концерн мемлекеттік болып саналады. Мұнда жүк автомобильдері, автобустар, ауылшаруашылық машиналары, сондай ақ кемелер мен ұшақтардың двигательдері жасалады. Франция жылына 3,5 - 4 млн. автомобиль шығарса, соның 9/10 бөлігі жеңіл көлік болып табылады. Қазіргі кезде жеңіл автомобильдер негізінен “Рено” кәсіпорыны мен жекеменшік “Пежо-Ситроен” концернінде жасалады. Француз компаниялары дүниежүзінің 30 елінде автомобиль тетіктерін жинайтын зауыттар ашқан. Елде жасалған автомобильдердің 60% шетке шығарылады. Көбінесе, француз жеңіл көліктерін Португалия, Испания, Бразилия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері сатып алады.
Әсіресе, Чехияда машина жасау өнеркәсіптің маманданған жетекші саласы. Сыртқа машина жасау өнімдерінен прокат стандары, ұста-пресс, кәсіпорындарға қажетті құрал-жабдықтар, есептеу техникалары, тұрмысқа қажетті техника түрлерін көптеп шығарады. Ірі орталықтары - Прага, Пльзень және Броно қалалары. Пльзеньде аса ірі Шкода комбинаты орналасқан. Польша ауыр машина түрлерін, станоктар, жолаушы және жүк вагондары, кеме, электронды жабдықтар (ірі орталықтары Варшава, Познань, Вроцлав, Гданьск); ал Румыния тракторлар мен комбайндар, электровоз, автомобиль, мұнай өнеркәсібіне қажетті бұрғылау қондырғыларын (ірі орталықтары Бухарест пен Брашов); Венгрия электровоз, жолаушы вагонын, өзен кемелерін, дизельді пойыз, автобус (Икарус), электротехникалық және электронды есептеуіш машиналар жасауға маманданған. Болгарияда әртүрлі машиналар жасау орталығы - София, кеме жасау - Варна, ауылшаруашылық машиналарын жасау Русе қаласында орналасқан. Балтық бойы елдері электротехника, тұрмысқа қажетті техникалық бұйымдар шығаруға маманданған.
Өнеркәсіп өндірісінде ауыр индустрия басым, оның басты саласы - машина жасау. Бұл сала өңдеуші өнеркәсіп өнімінің 1/4 береді және жұмыс істейтіндер саны жөнінен (2 млн. адам) 1- орын алады. Машина жасау өнеркәсібі елдің машинаға деген сұранысын толығымен дерлік қамтамасыз ете алады. Әсіресе, автомобиль жасау жақсы дамыған. Италия - дүниежүзілік нарықтағы аса ірі автомобиль шығарушы ел болып саналады. Бұл саладағы жетекші орынды Италиядағы ең қуатты жекеменшік фирма болып есептелетін “Фиат” концерні алады. Дүниежүзіндегі аса ірі компаниялар қатарына жататын бұл автомобиль концернінің зауыттары елдің барлық аумақтарында орналасқан. Мұнда жеңіл автомобильдермен қатар, жүк машиналары, автобустар, электровоздар, трамвай, троллейбустар, тракторлар жасалады. Еуропаның автомобиль нарығының 13%-на бақылау жасайтын “Фиат” кәсіпорындары негізінен Турин қаласы мен оның маңында шоғырланған. Милан, Турин, Больцано, Моден қалаларында, Неаполь маңында “Феррари”, “Мазерати”, “Ланча” автомобиль фирмаларының зауыттары орналасқан. Италияда жылына 1,5 млн. жеңіл автомобиль жасалынады. Бірқатар тарихи-географиялық себептерге байланысты бұл елде кеме жасау жақсы дамыған. Бұл саладағы монополист - “Италкантьери” компаниясы, оның үлесіне өндірістің 90%-ы шоғырланған. Кеме жасау кәсіпорындары Адриат теңізі жағалауында (Триест, Венеция, Анкона), Лигурия жағалауында (Генуя, Мессине, Ливорно) және Неаполь, Таранто, Палермода орналасқан.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау