Машина жасау
к ешені
|
Энергетикалық металлургиялық және химиялық машина жасау, басқа да салалар үшін құрал-жабдықтар өндіру
|
-
Құрал-жабдықтар мен машиналарды жөндеу, металл бұйымдары өндрісі
|
|
Темір жол машиналарын, кеме жасау, автомобиль жасау, авиация және жол құрылысы машиналарын жасау
|
Сызба нұсқа Машина жасау кешенінің салалық құрамы
Бұл саланың даму деңгейi жекеленген елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының, әсiресе, өнеркәсiп дамуы деңгейiнiң көрсеткiшi бола алады.
Машина - энергияның бiр түрiн екiншiсiне айналдыруға немесе қандай да болмасын бiр ұтымды жұмысты атқаруға бағытталған белгiлi бiр қозғалыстарды жүзеге асыратын механизм немесе бiрнеше механизмдердiң үйлесуi.
Барлық машиналар екi үлкен топқа бөлiнедi: оның бiрiншiсi - энергияның бiр түрiн екiншiсiне айналдыруды жүзеге асыратын машина- двигателдер болса, екiншiсi- машина құрал немесе жұмыс машиналарының көмегiмен еңбек нысанының формасын, қасиетiн, жағдайын өзгертетiн машиналар.
Машина құралдары өздерiнiң өндiрiстiк қолдану сипатына карай технологиялық, транспорттық және тасымалдық деп бөлiнедi.
Технологиялық машиналарға белгiлi технологиялық процеске қатысатын машиналар, айталық металл өңдеушi, ағаш өңдеушi немесе есептеушi машиналар т.б. жатады.
Транспорттық және тасымалдық машиналар адамдар мен еңбек құралдарының қозғалысымен байланысты болады. Бұл козғалыс кезiнде транспорттық машиналардың өзi де қозғалады (локоматив, автомобиль, кеме, ұшақтар, т.б.), ал тасымалдық машиналар жүк пен адамдарды тасымалдай отырып, өзi сол жерде қалады немесе қозғалу радиусы шектеулі келеді (крандар, лифт, жүк көтергiш, тб.).
Машиналарды автоматтандыру еңбек өнiмдiлiгiн көтерудiң өндiрiстi жеңiлдету мен жетiлдiрудiң ең озық формасы болып саналады, мұндай машиналарда адам ауыр қол еңбегiнен босатылады. Екiншi жағынан, мұндай автоматты линиялар өндiретiн өнiмнiң жоғары сапасын, яғни олардың бiртектiлiгiн, дәлдiгiн жұмысшының қандай еңбек дағдысы болғанына қарамастан, қамтамасыз етедi.
Қазiргi ондаған, тiптi, жүздеген автоматты түрде басқарылатын жұмыс ұйымдарынан тұратын жұмыс орындарының маңызы зор.
Технологиялық операцияларды жоғары тәжiрбиелi мамандардың қолмен iстеуi жағдайында мүмкiндiгi келмейтiн жылдамдықта жүзеге асыратын машиналарды ҒТП-ның жетiстiктерiне сүйенiп, онан ары жетiлдiруде.
Машина жасау - әртүрлi болып келетiн машиналардың түрлерi мен олардың бөлшектерiн, басқа да құрал-жабдықтар мен бақылау есептеу құралдарын жасаумен айналысатын өнеркәсiптiң саласы.
40-тан астам iрi салалар мен 160-қа жуық кiшi салаларды қамтитын бұл сала өзiнiң өте күрделiлiгiмен ерекшеленедi. Соған қарамастан машина жасау зауыттарының технологиялық процестерiнде ортақ ерекшелiктер сақталады. Ол ең алдымен, машина өндiрiсінің өзiндiк сипатымен яғни көп жағдайда метал жеке бөлшектерінен жасалып, олардың машина құрастыруға қажеттi агрегаттар мен тораптарға жиналуымен түсiндiрiледi.
Машина жасау зауытының технологиялық процесi жабдықтар жасаудан, оны өңдеуден, машина құрастырудан және оны соңғы өңдеуден тұрады. Өндiрiстiк процестiң осындай кезектiлiгi барлық машина жасау зауаттарында сақталған. Машиналарға қажеттi әртүрлi тетiктердi дайындауда материалдар мен дайындамаларды өңдеудiң ортақ әдiсi қолданылады. Машина құрастыру iсiнде де ортақ ерекшелiктер сақталған, тек кей жағдайларда ғана осы әдiстердiң жетiлдiрiлген түрі өзгеше.
Қазiргi машина жасау зауытының технологиялық процестері осындағы цехтардың атына сәйкес келедi: құйма, ұста-пресс, механикалық және құрастыру. Осы негiзгi цехтардан бөлек машина жасау зауыттарында қосалқы цехтар да, атап айтқанда үлгiлер жасау цехы, қосалқы материалдарды, шала фабрикаттар мен дайын өнiмдердi сақтайтын қоймалар, аса iрi зауыттарда сонымен бiрге өзiндiк металлургиялық база - мартен пештерi, прокаттау қондырғылары, т.б. болады.
Өндiрiс көлемiне, басқа кәсiпорындармен құрамдастыру мүмкiндiктерiне және техникалық-экономикалық ерекшелiктерiне сай осындай зауыттар бір жағдайда технологиялық процестердiң барлық сатысын бiр өзi атқарады немесе басқа мамандандырылған кәсiпорындармен шартқа отырады. Осы тұрғыда дайындамалар мен көпшiлiктiк бөлшектер мен тетiктердi шығаруға маманданған кәсiпорындармен құрамдасқан тиiмдi, себебi мұндай кәсiпорындарда еңбек өнiмдiлiгi мен сапалы өнiмнiң үйлесуi жиi байқалады.
Ірi кара металлургия базасының жасалуы және әртүрлі түстi металдар өндiрiсiнiң қалыптасу құрылымы жөнінен күрделi машина жасау өнеркәсiбiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Сондықтан машина жасау ауыр өнеркәсiптiң маңызды саласы бола отырып, шаруашылықтың түрлi салалары үшiн әртүрлi машина, құрал-жабдықтар шығарады. Атап айтқанда, ауыр және ауылшаруашылық машиналарын, жол -құрылыстық, цемент жасау техникасын, химиялық және электротехникалық машиналар, приборлар мен станоктар, тағы басқа өнiмдер шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |