Өнеркәсіп географиясы


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



жүктеу 2,97 Mb.
бет50/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



  1. Металлургия кешенінің дүние жүзілік шаруашылықтағы рөлі.

  2. Қара және түсті металлургияның даму кезеңдері.

  3. Қара металлургия және оны алу әдістері.

  4. Отқа төзімді материалдардың металлургия өндірісіндегі маңызы.

  5. Домна өндірісі.

  6. Темір балқытудың жаңа технологиялық әдістері.

  7. Қара металлургия кәсіпорындарының орналасу принциптері.

  8. Қара металлургияның даму тенденциясы.

  9. Қара металлургия өнімдерінің әлемдік саудасы.

10.Қара металлургияның Қазақстандағы үлесі.
11.Отандық және трансұлттық корпорациялар, олардың қызметі.
12.Ғаламдық нарықтағы қара металлургияның экономикалық маңызы.
13.Түсті металлургия және өнеркәсіптік мақсаттағы маңызы.
14.Түсті металдарды пайдалану салалары.
15.Ауыр және жеңіл түсті металдарды қорытудың ерекшеліктері.
16.Түсті металлургияда өндірісті орналастыру факторлары.
17.Түсті металлургия шикізат базасынын ерекшеліктері.
18.Түсті металдар рудаларын байыту.
19.Түсті металлургияның нарықтағы қазіргі жағдайы.
20.Әлемдік индустриядағы басқа да түсті металлдар өндірісі.
7. Машина жасау кешені
7.1. Машина жасау кешеніне жалпы сипаттама
Құрамы, маңызы және болашағы
Машина жасау және металл өңдеу – қазіргі кезде бұл дүниежүзі өнеркәсібінің ғылыми-техникалық прогресі мен қорғанысқа қабілеттілігінің деңгейін сипаттайтын өңдеу өнеркәсібінің негізгі саласы. Машина жасау кешенінің кәсіпорындары өнеркәсіптік, тұрмыстық және әскери мақсаттағы машиналар мен станоктар, аспаптар мен агрегаттар, алуан түрлі жабдық пен механизмдер шығарады. Қазіргі машина жасау шағын салалар мен өндірістердің көптеген салаларынан тұрады.
Жоғары дамыған елдерде аталған саланың өніміне өнеркәсіп өндірісінің құнының 35-40%-ына жуығы келеді. Дамушы елдердің көпшілігінде («жаңа индустриялды елдер» тобын қоспағанда) машина жасау өндірісінің үлесі төмен.
Машина жасау кешені салаларының жіктемесі (классификациясы)
Сала кәсіпорындарын орналастыру факторларына қойылатын негізгі айырмашылықтарды анықтайтын, өндірістің техникалық-экономикалық ерекшеліктері бойынша металды, еңбекті және ғылымды көп қажет ететін машина жасау саласы ерекшеленеді. Сонымен қатар қолданылатын технологиялар бойынша аз шығынды (төмен технологиялы) және шағын шығынды (яғни орташа және жоғары технологиялы) салалары бар.
Машина жасау өндірісі шағын салалардың жіктемесі дүниежүзінің әртүрлі елдерінде ерекшеленіп отырады. Кейбір елдерде машина жасау тікелей осы сала үшін және шаруашылықтың басқа салалары үшін өндірістік жабдық шығаруға маманданатын жалпы машина өндірісі болса, ал біздің елімізде машина жасау кешенінің құрамына әдетте: жабдық өндіру (станок жасау, энергетикалық жабдық өндіру және т.б.), көліктік машина жасау (кеме жасау, автомобиль жасау, авиақұрылыс, теміржол машиналарын жасау), электротехникалық және электронды сала, трактор жасау және ауылшаруашылық машиналарын жасау, қару- жарақ пен әскери техника жасау және металл өнімдерінің алуан түрлерін өндіруді қоса отырып, бірқатар өзге салалар еді. Сондықтан «машина жасау және металл өңдеу» ұғымдарын қатар қолданылуда.



Б олат, шойын, түсті металдар



Б өлшек заттарды дайындау (қорытып құю, құрсап сомдау, прокат қыспақтау)





Станоктар арқылы механикалық өңдеу
(тетіктер мен қосалқы заттар)





Қ ұрастыру


Дайын бұйымдар



Сызба. Машина жасау өндірісінің технологиялық сатылары


Машина жасау кәсіпорындарын орналастырудың ерекшеліктері
Машина жасау кәсіпорындарын орналастыруға көптеген факторлар әсер етеді.Оның ішіндегі ең бастылары: өндірістің, еңбек ресурстары, көлік факторы (инфрақұрылымның дамыған деңгейі), тұтынушылық факторлары (сұраныс сипаты және өнім өткізу нарықтарының сыйымдылығы), сонымен қатар ғылымды қажет ететін технологияларды қолдану (ғылымды көп қажет ететін салалар, мысалға электроника үшін персоналдың біліктілік деңгейі) әсер етеді. Машина жасау өндірісінде металды көп қажет ететін салалар үшін шикізат факторы (шикізат – металл, яғни қара металлургия орталықтарына жақындық ) маңызды рөл атқарады.
Қазіргі машина жасау өндірісіне кооперация тән. Ақырғы өнім шығаратын кәсіпорындардың жекелеген елдің ішінде де, шетелде де көптеген зауыттары бар. Өнеркәсіптегі маманданудың және халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдетілген үрдісі жағдайларында машина жасау кешенінің көптеген салаларының бұқаралық өнім шығаруы жинақтаушы бөлшектерді, агрегаттарды, тораптарды жеткізушілердің ел шегінде де, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде де құрастыру кәсіпорындарымен өзара байланыстарының өсуіне себепкер болады. Бұл тенденция жаҺандық деңгейде өндірісті ұйымдастыру тәсілдерінің (фордизм, постфордизм, «икемді» өндіріс) өзгеруімен, «дәл мерзімінде» жабдықтау жүйесін, әсіресе автомобиль жасау, тұрмыстық электроника шығару секілді салалары (әсіресе, құрастыру өндірісінің соңғы сатыларында) енгізумен күшейе түседі.
Машина жасаудағы маманданудың қандай да бір түрі (заттық, технологиялық, шығарылатын өнімнің сипатымен анықталады. Халықаралық еңбек бөлінісімен үйлесе отырып, сала кәсіпорындарының мамандануы жеке маманданған өнеркәсіп орталықтарының және тіптен аудандардың қалыптасуына алып келеді. Бұл процес орасан зор дәрежеде бүгінгі таңда өздерінің жоғары дәрежеде дамып отырған трансұлттық корпорациялардың қызметіне ықпал етеді.
Сонымен қатар машина жасаудың көптеген салаларында өндірістің жоғары еңбек сыйымдылығы сақталған. Кей салаларда (мысалға, аспап жасауда, электроникада, электротехникада, авиация және аэроғарыш салаларында) жұмыс күшінің біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан соңғы жылдары жұмысшы күші арзан елдер машина жасаудың еңбекті көп қажет ететін салаларын дамыту үшін қолайлырақ жағдайда болып отыр.
Ғылымның ең жаңа жетістіктерін пайдалануға негізделетін, ғылымды көп қажет ететін салаларды дамыту, сонымен қатар қолданылатын техниканың күрделене түсуі өндірістердің (әсіресе, тәжірибелі-өнеркәсіп) білікті кадрлары, зерттеу мен конструкторлық зерделеулердің ғылыми орталықтары, дамыған ақпараттық және көлік қарым-қатынасы ең жоғары болатын елдерде немесе аудандарда шоғырландырылуын ынталандырады. Осыған ұқсас өндірістер негізінен алғанда Батыс Еуропаның, Солтүстік Американың дамыған елдерінде және Жапонияда шоғырланған. Ал дамушы елдерде (арзан жұмысшы күші бар және балалар мен әйелдер еңбегін кең қолданатын мемлекеттерде) әдетте жинақтаушы бөлшектерді әлемнің өзге елдерінен алатын және жаппай өнім шығаратын құрастыру зауыттары орналастырылады. Бұл ретте мамандану және еларалық кооперациялану процестері дамиды.
Қазiргi заманғы өнеркәсiптiк қатынастарды көп жағдайда машина өнеркәсiбiмен байланыстырудың бүгiнгi өмiр талабынан туындап отыр. Табиғи ортаны көркейту, өзгерту бағытында iстелiп жатқан жұмыстар, адамдардың тұрмыс-жағдайларының жақсаруы алуан түрлi машиналар көмегiнсiз жүзеге аспайды. Халық шаруашылығы жеке салаларының дамуы да машиналар өндiрiсiмен тығыз байланысты.



Станок прибор жасау,
электротехникалық және радиотехникалық машина жасау,
есептеуіш техникалар өндірісі






Трактор жасау, ауылшаруашылық
машиналарын жасау









жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау