Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет49/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Ауыр және жеңіл түсті металдарды қорытудың ерекшеліктері. Ауыр металдардың (мыс, мырыш, қорғасын, қалайы және т.б.) кендері кендегі металдың төмен мөлшерімен ерекшеленеді (мысалы, 1 тонна мыс алу үшін 100 тоннаға жуық кен қажет болады, ал 1 тонна қалайы қорыту үшін – 300 тоннадан көп кен керек) (О қосымшаға қараңыз). Ауыр түсті металдардың кендеріндегі металдың төмен мөлшері оларды қорытар алдында міндетті түрде байытуды талап етеді (әдетте, флотациялық тәсілмен). Түсті металдардың кендерінде көптеген алуан түрлі құнды құрамдас бөліктер болатындықтан, әрбір құрамдас бөлікті жеке түрде бөліп алады. Басқаша айтар болсақ, бұл көп сатылы процесс. Байытылған кен арнайы пештерде қорытылады және ол қара металл деп аталады, қара металл одан кейін зиянды қоспалардан тазартылып жұқартылады.. Алынған металл одан кейін әртүрлі профильдегі прокат түрінде қолданылады(Ө және П қосымшаларына қараңыз).
Жеңіл металдардың (алюминий, титан, магний) кендері ауыр металдардың кендеріне қарағанда, металдың мөлшері бойынша айтарлықтай бай, олар тасымалдауға келеді және үлкен қашықтықтарға тасымалданады, бірақ оларды қорыту электр қуатының орасан көп мөлшері мен көп қуатты күшін қажет етеді. Сондықтан зауыттарды көбінесе арзан қуат көздерінің маңында (гидроэлектр станция жанында) немесе арзан отын (мұнай, табиғи газ – Парсы шығанағы елдерінде) көздеріне жақын аудандарда орналастырады.
Өндірісті орналастыру факторлары. Түсті металлургияның жекелеген салаларының түсті металлургия кәсіпорындарын орналастыру көптеген табиғи және экономикалық жағдайлардың, шарттардың, алғышарттар мен факторлардың әсерімен қалыптасады. Тіптен бір саланың өзінде олардың рөлі металл өндірудің технологиялық процесінің сатысына байланысты ерекшеленіп отырады (мысалы, алюминий өнеркәсібінде) (Р қосымшаға қараңыз). .
Бұрын түсті металлургия кәсіпорындары көбіне, шикізат шығару аудандарының маңында орналастырылатын еді, өйткені жалпы алғанда әлемде ауыр түсті металдар өндірісі басым болды. Бірақ, шамамен, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, жеңіл түсті металдар металлургиясы (алюминий өнеркәсібі) жылдам қарқынмен дамып, осы салалық кәсіпорындарды орналастыруда энергетикалық бағыт-бағдар күшейе түсті.
Түсті металлургияда бастапқы (түсті металдардың шығарылатын кендерінен) металды да, қайта қорытылатын металды да өндіру жүзеге асырылады. Қайталама шикізат көбінесе, мамандандырылған кәсіпорындарда қайта қорытылады және көп бөлігінде қорытпалар алу үшін шығындалады. Бүгінгі таңда қайта қорыту есебінен қалайының 1/5, алюминийдің, мырыштың және мыстың ¼, қорғасынның ½ бөлігі өндіріледі. Негізгі металдардың әлемдік өндірісі көптеген статистикалық мәліметтерге қарағанда әлем бойынша өндіру өте жоғары екендігі байқалады.. Бұл ретте қайта қорытылатын шикізатты пайдалануға орай сала кәсіпорындарының тұтынушыға бағыт-бағдар алуы да күшейе түседі.
Түсті металлургияда 70 әртүрлі металл өндіреді, оның үстіне барлық өндірілетін металдардың 96%-ға жуығы алюминий, мыс, мырыш пен қорғасынға келеді (С қосымшаға қараңыз). .
Түсті металлургиясының әлем бойынша барлық өнімінің жартысынан көбі құндық көрінісінде бар болғаны алты негізгі металға: мыс, қорғасын, мырыш, қалайы, никель мен алюминийге келеді. Өндіріс көлемі бойынша салмақтық та, құндық та көрінісінде екі металл – алюминий мен мыс ерекше көзге түседі. Асыл металдардың арасында салмақтық көрінісі бойынша біріншілік бұрынғысынша күміске, ал құндық көрінісі бойынша – алтынға тиесілі. Тек 70-і жылдардың аяғында ғана (күміс пен алтын күрт қымбаттап кеткеннен кейін) олардың құндық көріністегі өндірісі алюминий мен мысқа қарағанда, көбірек болып шықты(Т қосымшаға қараңыз).
Алюминий қорытудың жалпы мөлшері (бастапқы және қайтадан қорытудың қосындысында) 35 млн тоннадан асып түседі. Дүниежүзілік шаруашылықта жыл сайын 15 млн тоннадан аса тазартылған мыс өндіріледі. тазартылған қорғасын мен мырыш азырақ өндіріледі (6-9 млн тоннадан). Қалайының жылдық өндірісі бар болғаны 250-280 мың тонна құрайды. Сирек түсті металдар үшін металды шығару мен қорыту мөлшерлері 120 мың тоннадан (молибден) 20-25 мың тоннаға (ванадий, кобальт, вольфрам, германий) дейін ауытқиды (У қосымшаға қараңыз).
Түсті металлургия шикізат базасының ерекшеліктері
Құрамындағы жеке металдар мен олардың тобы техникалық тұрғыдан бөліп алуға болатын шамада және экономикалық тиімді деңгейде көрінетін әртүрлі минералдар түсті металлургияның шикізат көзі болып табылады. Жер қыртысындағы түсті металдардың мөлшері темірге қарағанда, көп есе аз (алюминийден басқасы). Түсті металдардың рудалары шашыраңқы орналасады, олардың ірі кен орындары да сирек кездеседі. Мұның өзі осы металдарды өндіру ісін қиындатады. Түсті металдардың рудадағы мөлшері де өте аз болады, 5 %-дан асуы өте сирек болып, оның орташа көрсеткіші 1-3 %, ал кеп жағдайда ол пайыздың ондық, тіпті, жүздік бөлігін құрайды.
Металл мөлшерінің осындай төмен болуы түсті металлургияның экономикасына тікелей әсерін тигізеді, яғни оның өнімінің құны өте қымбатқа түседі. Егер қара металургияда 1т. өнім алу үшін шамамен 2 т. темір рудасы жұмсалса, ал түсті металургияда бұл көрсеткіш кемінде 20 т. орташа 50 – 100 т. кейде одан да көп руданы қажет етеді. Түсті металургияда металл балқыту өте күрделі болғандықтан, алдын ала байыту жұмыстары жүргізіледі.
Түсті металдардың осы ерекшелігі оның технологиясы мен экономикасына ғана емес, сонымен бірге орналасуына да айтулы әсерін тигізеді. Көп жағдайда темір рудаларын алыс-жакын қашықтыққа тасымалдау экономикалық тұрғыдан мүмкін болса, түсті металдар рудаларын тасымалдау экономикалық тиімсіз саналады. Сондықтан түсті металл рудаларын алғашқы өңдеу, оның кен орындарымен байланыстырылады, яғни байыту фабрикалары осы принциппен салынады, себебі мөлшері тым үлкен болып келетін бос жыныстарды алысқа тасымалдау тиімсіздігіне байланысты.і.
Сонымен бірге байытылған руданың өзінде де пайдалы элементтердің мөлшері онша көп болмайды, сондықтан оларды да алысқа тасымалдауға болмайды, бұл жағдайда өңдеуші кәсіпорын байыту фабрикаларына жақын орналасады..
Түсті металл рудаларын байыту көп мөлшерде суды қажет ететіндіктен кәсіпорындар салуда бұл фактор міндетті түрде ескеріледі. Түсті металл рудалары көбіне кешенді шикізат болып келеді, оны күрделі өңдеу арқылы көптеген металдар мен элементтер алуға болады. Шикізатының күрделілігі оның құрамындағы бағалы элементтер мен метаддарды алуға бағытталған кұрамдастыру принциптерін жүзеге асыруды міндеттейді. Сондықтан түсті металлургияда жекелеген цехтар күрделі құрамды, әрі руданың әртүрлі компоненттерін пайдалануға бағытталған ірі комбинатгар жұмыс істейді. Шикізатты осылай кешенді пайдалану оның шығаратын өнімдерінің көлемін ұлғайтып, өзіндік кұнын төмендетеді және шаруашылыққа қажетті көптеген қосымша өнімдер өндіруге мүмкіндік жасайды.
Түсті металдар рудаларын байыту
Бірнеше түсті металдары бар полиметалл рудаларын байытудың негізгі міндеті - теқ қана бос жыныстардан ажырату емес, сонымен бірге онан әрі өңдеу мақсатында, құрамында әртүрлі металдары бар минералдарды бір-бірінен ажырату.
Осы процестердің барлығы байыту деп аталады. Байыту арқылы рудалар екі бөлікке белінеді. Көп бөлігі бұл үйіндіге тасталатын, құрамының басым көпшілігі бос жыныстар болып келетін - қалдықтар (хвосты), ал аз бөлігі - концентрат, құрамында онан ары металлургиялық өңдеу процестеріне түсетін металдары бар минералдар. Концентраттағы металл мөлшері рудадагы мөлшерден 10-12 есе көп болады.
Байыту әдістерін қолдана отырып мұнан бұрын жарамсыз деп танылған рудаларды өндеуге мүмкіндік ашылады, сонымен қатар түсті металлургияның шикізат базасы кеңейіп, оны пайдалану жақсарады. Түсті металлургиядағы байыту процестерінің кеңінен дамуының үлкен экономикалық маныздылығы айқындалды, себебі рудадан гөрі концентраттан металл балқыту анағұрлым арзанға түсетіні дәлелденді. Түсті металдардың белгілі бір бөлігін концентраттан алғанда өңделетін массаның көлемі рудаға қарағанда 10-12 есе аз болады, сонымен бірге отын мен флюстың жұмсалу мөлшері, шикізат тасымалдау шығыны азаяды.
Егер түсті металл рудаларын тасымалдау экономикалық тиімсіз саналса, ал концентраттар тасымалдау көп жағдайда өзін ақтауы мүмкін. Мұның өзі металдарды өңдеудін келесі сатыларын арзан энергия көзіне, білікті жұмыс күшіне немесе тұтынушыға жақындастырып орналастырудың қажетті шарты саналады. Демек, байыту жұмыстары екінші жағынан кәсіпорындарды орналастыруға да ықпалын тигізеді екен.
Түсті металдарды байыту оның құрамындағы минерал түйіршіктерінің бір-бірінен механикалық түрде ажырасуын қамтамасыз ету дәрежесіне дейін ұсақтауды қажет етеді, олар іс жүзінде ұсақталған ұнтаққа айналады. Ол үшін ұсақтаушылар және шар диірмендері қолданылады. Ұсақталған руданы флотациялық (қалқып шығу) әдіспен қалдыққа және концентратқа бөледі. Ұсатушы машинадан пульпа түрінде шыққан ұсақталған рудаға флотациялық реагенттер - спирт, майлар, фенол, т.б. қосылады. Мұнан кейін пульпаны флотациялық машинаға салып, сумен араластырады да, қысылған ауаның немесе механикалық араластырғыштың көмегімен араластырады. Осы кезде мұнда мол көбік пайда болады. Осы көбікпен бірге сумен жақсы араласпайтын металл түйіршіктері қалқып шығады, ал сумен жақсы араласатын бос жыныстар суға қанып, машинаның түбіне шөгеді. Көбікпен бірге су бетіне шыққан металл түйіршіктері - концентрат қалқып алынып, кептіріледі. Флотацияның жай және селективті деп аталатын түрлері ажыратылады. Жай флотацияда бір ғана металмен шектелген руда түрі байытылса, ал селективті флотацияда әрқайсысының құрамында кемінде бір металл бар бірнеше концентрат алынады. Көп сатылы байытудың осы түрі руда құрамындағы осындай көптеген пайдалы заттарды бөліп алудың дәрежесін өсіреді. Осындай сатылар көп болған сайын түсті металлургияның шикізат ресурстары да толық дәрежеде игеріледі деп саналады.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау