Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет47/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

6.2.Түсті металлургия
Түсті металлургия - әртүрлі металдардың рудаларын өндірумен, олардың құймалары мен қоспаларын өңдеумен және одан әртүрлі бұйымдар жасаумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіретін өнеркәсіп саласы. Бұларға жоғарыда аталған қара металдардан басқа барлық металдар мен олардың қоспалары кіреді. Қара металлургия секілді, түсті металлургия да әлем өнеркәсібінің көне салаларының бірі болып табылады. Түсті металдар мен олардың қорытпаларын пайдалану салалары көп және алуан түрлі. Технологиялық процестің сатылары бойынша бұл сала шикізатты шығару мен байытуды, сонымен қатар түсті металдарды, олардың қорытпаларын қорытуды, прокат пен жартылай фабрикаттарды өндіруді біріктіреді
( қосымшадағы 14-кестені қараңыз).
Түсті металлургия физикалық және химиялық қасиеттері бойынша алуан түрлі конструкциялық материалдар өндіреді. Бұл саланың құрамына: алюминий, мыс, қорғасын мырыш, никель-кобальт, титан-магний, вольфрам-молибден өнеркәсібі және т.б. кіреді. Ауыр және жеңіл түсті металдар металлургиясы, сондай-ақ асыл (алтын, күміс, платина), сирек және шашыраңқы (вольфрам, молибден, германий және т.б.) металдар өндірісі бөліп бөлінеді. Түсті металдарды өндіру, байыту, балқыту, прокат алу, олардың қорытпаларын шығару және түсті металл қалдықтарын өңдеумен іске асады. Түсті металдар жеке қасиеттерінің және қолдану аясының өте әртүрлілігімен ерекшеленеді. Осы алуан түрлі металдарды кейбір ортақ қасиеттері негізінде жіктейді. Түсті металлургия өзінің технологиялық процесі бойынша шикізатты өндіруден және байытудан, сонымен бірге металды балқыту мен одан қоспаны алудан тұрады. Қазіргі заманғы түсті металлургия кен өндірісі кен құрамынан 70-тен астам түсті металдарды бөліп алады: өнім көлемі жылына 20 млн т-ны құрайды ( қосымшадағы 15-кестені қараңыз).
Қазіргі кезде дүниежүзінде жылына 40 млн т – дан (2000 ж) астам түсті металл түрлері өндіріледі.Оның ішінде жеңіл металдар тобындағы алюминий (жылына 17 млн т) шаруашылық пен техниканың барлық салаларында пайдаланылады. Алюминий өнеркәсібі екі негізгі өндірістік құрылымнан тұрады. Біріншісі – глинозем кенін өндіру болса, екіншісі – энергияны көп қажет ететін, нағыз алюминийдің өзін өндіретін құрылым. Алдыңғысы негізінен боксит өндіретін елдерде (Аустралия, Гвинея, Ямайка, Ресей, Бразилия) шоғырланса, соңғысы арзан электр энергиясы көздеріне жақын орналасқан. Бұл елдердің барлығында ірі СЭС-тер мен ЖЭС-тер салынған.
XX ғасырдың ортасынан бастап түсті металлургиядағы жеңіл металдарды (алюминий, титан, магний) өндіру қарқынды түрде жүруде.
Әдетте түсті металдар кенінде металдың мөлшері өте аз болып келеді. Сондықтан оларды өндіру де өте қымбатқа түседі.
Аталмыш кешен - әртүрлі металдардың рудаларын өндірумен, олардың құймалары мен қоспаларын өңдеумен және одан әртүрлі бұйымдар жасаумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіретін өнеркәсіп саласы (төмендегі кестені қараңыз):



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау