Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет72/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
265 
 
  Үлгіні  таңдау  және  оны  сараптау  белгілі  бір  уақыт 
аралығында жасалып тұрады; 
  Барлық  операциялардың  нақтылығына  тауарлы  мұнайды 
қабылдау-жіберу 
операцияларын 
орындайтын 
тұлғалардың 
субъективті факторы да әсер етуі мүмкін. 
 
7.9-сурет. Тауарлы мұнайды Рубин-2  сандық өлшеу автоматты 
қондырғы сұлбасы: 
1-кезектесіп жұмыс істейтін герметизацияланған резервуарлар;  
2-подпорлы сорап; 3-ылғал өлшегіш; 4-тұз өлшегіш; 5,6-отсекатель;  
7-конденсацияланбаған мұнайды қайтару линиясы; 8-гидрожетек;  
9-фильтр (сүзгі); 10-радиоизотопты тығыздық өлшегіш;  
11-турбиналы шығын өлшегіш; 12- электр термометр; 13-сырттай 
айдау сорабы 
 
Рубин-2 
автоматты 
қондырғысы, 
ВНИИКАнефтегаз 
Октябрь филиалы жасап шығарған, ол тауарлы мұнай тұзы және 
су  құрамы  бойынша  сапасы  мен  санын  ағынды  өлшеу  үшін, 
конденсацияланбаған  мұнайды  қайтадан  орташа  үлгіні  таңдау 
және дайындауға автоматты қайтаруға арналған.  
Рубин-2  қондырғысы  келесідей  жұмыс  істейді.  Мұнайды 
дайындау  қондырғысынан  (МДҚ)  мұнай  кезектесіп  жұмыс 
істейтін  герметизацияланған  резервуарларға    1  барады,  одан  ол 
сырттай  айдау  сорабымен  2  алынып  және  автоматты  ылғал 
өлшегіш  3  және  тұз  өлшегішке  4  барады.  Егер  мұнайдағы  су 
және  тұз  нормадан  жоғары  болса,  онда  жергілікті  автоматика 
блогына  (ЖАБ)  авариялық  сигнал  беріледі  және  гидрожетек  8 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
266 
көмегімен  отсекатель  5  тауарлы  мұнай  линиясын  жабады.  Бір 
уақытта  отсекатель  6  конденсацияланбаған  мұнай  линиясын 
ашады, ол 7 линия арқылы бөлгіш–сепараторға, ал одан соң МДҚ 
қайта дайындауға жібереді.  
Тауарлы  мұнай  ағыны  фильтрді  9,  одан  соң  радиоизотопты 
тығыздық өлшегішке өтеді, одан соң турбиналы шығын өлшегішке 
барады,  онда  ағынның  сызықтық  жылдамдығына  пропорционал 
сызықтық  жылдамдықпен  турбина  айналады.  Турбина  айналысы 
электр  импульстарына  ауысып,  олар  ЖАБ  барады,  тауарлы 
мұнайдың көлемдік санын есептейтін.  
Одан  соң  тауарлы  мұнайдың  көлемдік  шамалары  автоматты 
түрде  тығыздық  өлшегіш  10  көрсеткішіне  көбейтіледі,  автоматты 
термометр 12 көрсеткен температура түзетуді ескере отырып және 
блоктың  панель  бетінде  орнатылған  шығын  өлшегішпен  11 
бақыланады.  
Максимальды өткізу қабілеті, т/тәул   10 000 
Жұмыс қысымы, МПа 
 2,45 
Су құрамы, артық емес, % 
 10 
Мұнай температурасы        
 +5-тен +60 дейін 
Мұнай тұтқырлығы, сСт 
 100 
Тауарлы мұнайды өлшеудегі салыстырмалы қателік, % 0,5 
Соңғы 10 жылдықта Томск
 политехникалық университетіне 
қарасты  Интроскоп  ғылыми-зерттеу  институты 
резервуар 
жұмысын, 
мұнай 
қоймаларын 
және 
АЗС-тарды 
автоматтандыратын    «БАЛАНС»  ақпаратты-өлшеу  жүйесін 
енгізуде. 
7.4. Газды өндірістік айдау және сақтау 
Ұңғыма  өнімін  дайындау  процесінің  әртүрлі  этапында  еркін 
фазаға  мұнай  газы  бөлінеді,  ол  көмірсутекті  шикізаттың  бағалы 
көзі болып табылады  және оның бөлінуі келесі газды тасымалдау 
үшін; 
 Майлы газдарды ГӨЗ майлы абсорбционды қондырғыларға
жеткізу үшін; 
 Тұрмыстық қажеттілік үшін.


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
267 
Мұнай  газының  көп  шоғырланған  жерлерінде  әртүрлі 
өнімділікті  компрессорлы  станциялар  (КС)  салынады.  КС  негізгі 
қондырғылары  –  компрессорлар,  жоғары  қысымды  сепараторлар, 
май  бөлгіштер,  тоңазытқыштар.  Газды  салқындату  қажеттілігі 
келесімен  байланысты:  компримациялағанда  газ  қызады.  Бұл  газ 
тұтқырлығын  арттырып  айдау  үшін  қысым  шығынына  апарады. 
Бұған  қоса,  газ  температурасының  өсуі  газ  құбыр  изоляциясына 
теріс  әсер  етеді,  оның  қабырғаларында  қосымша  кернеуді 
туғызады.  
Газ су және ауамен салқындатылады. Оның сумен салқындау 
кезінде  әртүрлі жылуалмастырғыш қондырғыларды  қолданылады: 
қап  құбырлы,  себуілі,  "құбыр  ішінде  құбыр"  типті,  ол  құбырлар 
және 
сораптар 
жүйесі 
арқылы 
суды 
салқындататын 
қондырғыларымен қосылған.  
Ең  көп  таралған,  ол  газды  атмосфералық  ауа  арқылы 
салқындату. Осы мақсатта газда  әртүрлі  ауа салқындату аппараты 
(АСА) 
қолданады. 
АСА 
артықшылығы 
конструкцияның 
қарапайымдылығы,  жұмыс  сенімділігі,  суық  агентін  (ауа)  алдын 
ала дайындаудың қажет еместігінде.  
Табиғи  газды  сұйыту  кезінде,  оның  көлемі  атмосфералық 
қысымда  шамамен  600–630  рет  төмендейді.  Осының  арқасында, 
үлкен көлемді газды тасымалдағанда құбыр диаметрін кішірейтіп, 
капиталды шығынды азайтуға болады.  
Метан  атмосфералық  қысымда,  егер  оның  температурасын  -
162°С дейін төмендеткенде  сұйыққа айналады. 5МПа қысымда ол 
сұйық  қалпында қалады, егер  оның температурасы  – 85°С аспаса. 
Осылайша,  сұйытылған  табиғи  газды  (СТГ)    құбыр  арқылы 
тасымалдау  тек  төмен  температурада  ғана  мүмкін.  Сұйытылған 
табиғи  газды  айдаудың  принципиалды  сұлбасы  7.10-суретте 
көрсетілген.  
Газ өндірістен бас сұйылту зауытына (БСЗ) барады, онда ол 
тазаланады,  кептіріледі,  сұйылтылады  және  конденсациялан-
байтын  қоспалардан  тазартылады.  БСЗ-ға  жақын  жерде  немесе 
соның территориясында бас сорапты станция (БСС) орналасады. 
Оның  құрамына  қабылдау  сыйымдылықтары  2,  подпорлы  3 
және негізгі 4 сораптар, сонымен қоса есептеу түйіні 5кіреді.  


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау