Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет67/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
248 
Тыныстың  қақпақтары  өлшемін  олардың  мүмкін  өткізу 
қабілетіне байланысты таңдайды: 
Қақпақ өлшемі, мм 
 50 
 100 
 150 
 200 
 250 
Өткізу қабілеті, м
3
/сағ   25 
 72 
 142 
 240 
 304 
Қақпақ  корпусын  коррозиядан  қорғау  үшін  оны  алюминий 
қоспасынан жасайды АЛ-2. 
Тыныстың  қақпағы  резервуар  жабдықтарының  ішінде  ең 
жауапты 
бөлшек 
болып 
табылады, 
соған 
байланысты 
клапандардың  дұрыс  жұмыс  істеуіне  және  пайдалануына 
маңызды  көңіл  бөліну  керек.  Қыс  мезгілінде  тыныстың 
қақпақтары  көп  жағдайда  жұмыс  істемей  қалады.  Мұнайдың 
ылғалды  буларының  ылғал  қақпағы арқылы  өтуіне  байланысты 
олардың қатып қалуына әкеліп соғады. 
Бұл ақауларды жою үшін қақпақтың қатып қалған беттерін 
төмен  температурада  және  жоғары  химиялық  тұрақтылықта 
механикалық  беріктік  қасиеті  бар    фторопластпен  оқшаулау 
арқылы  жояды.  Гидравликалық  сақтандырғыш  қақпақ  2  (7.4-
сурет)  тыныстың  қақпағы  жұмыс  істемей  қалған  кезде 
резервуардың  газды  аумағындағы    артық  қысымды  немесе 
вакуумды шектеу үшін сонымен қатар, тыныстың қақпағы газды 
немесе 
ауаны 
дұрыс 
жібермеген 
кезде 
қолданылады. 
Сақтандырғыш  қақпақтар  тыныстың  қақпағына  қарағанда 
көбірек 
қысымға 
және 
вакуумға 
есептелген. 
Оның 
функционалды сұлбасы төменде көрсетілген (7.5-сурет). 
Сақтандырғыш  қақпақты  қатпайтын,  ұшып  кетпейтін  үшін 
тұтқырлығы 
аз 
сұйықпен 
– 
глицерин 
қоспаларымен, 
этиленгликоль  және  басқа  да  гидравликалық  бекітпе  түзетін 
заттармен  қамтиды.  Резервуардағы  қысымның  кенеттен  көбеюі 
кезінде  қақпақтан  сақиналы  каналға  сұйық  лақтырылуы  болуы 
мүмкін,  одан  сұйық  кейін  қарай  қуыс  кеңістік  арқылы  қалтаға 
келіп  түседі.  Отты  сақтандырғыштар  резервуарларда  ауа  және 
сақтандырғыш  қақпақтармен  бірге  жинақтамада  болады  және 
резервуардың  газды  аумағын  тыныстың  қақпағы  арқылы  оған 
оттың енбеуін қамтамасыз етеді.  


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
249 
 
7.5 а-суретінде резервуардағы газды аумақтың 
қысымы 
есптелгеннен 
көп 
және 
газ 
атмосфераға  сақтандырғыш  қақпақ  арқылыы 
шығып жатыр. 
7.5 б-суретінде тыныстың қақпағы жұмыс 
істемей  қалған  кездегі  резервуардағы  газ 
аумағында пайда болған вакуумның үлкейгені 
сонша 
резервуарға 
ауаның 
келуі 
сақтандырғыш қақпақ  арқылы жүріп жатыр.  
7.5 в-суретінде резервуардағы газ аумағы-
ның  қысымы  атмосфералық  қысымға  тең 
жағдай көрсетілген.   
 
 
7.5- сурет. Гидравликалық сақтандырғыш 
қақапақтың жұмыс істеу сұлбасы: 
а-резервуарлардағы артық қысым;  
б- резервуардағы вакуумның пайда болуы;  
в - резервуардағы қысым атмосфералық қысымға 
тең 
 
Отты  сақтандырғыштар  резервуарларда  тыныстың  және 
сақтандырғыш  қақпақтарымен  бірге  жинақтамада  болады  және 
резервуардың  газды  аумағын  тыныстың  қақпағы  арқылы  оған 
оттың енбеуін қамтамасыз етеді.  
Отты сақтандырғыштардың жұмыс істеу принципі, яғни от 
отты  сақтандырғышқа  келген  кезде  каналдар  жүйесі  арқылы 
өтіп,  ақыр  аяғында  біренеше  бөліктерге  бөлініп,  оттың 
сақтандырғышпен  жанасу  беті  үлкейіп,  канал  қабырғасына 
жылу  берілу  күшейіп  от  сөнеді.  Отты  сақтандырғыштардың 
негізгі бөлігі болып спиральды ленталы цилиндр тәрізді  әртүрлі 
түсті  металдан  жасалған  және  сақтандырғыш  корпусында 
орналасқан  кассета табылады. 
 
 
 
 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
250 
 
7.2. Мұнайды резервуарда сақтау барысында мұнай 
шығымын болдырмау 
 
Негізгі  мұнай  шығымы  жеңіл  фракциялардың  булануымен 
байланысты, және үлкен, кіші «тыныс алумен» байланысты.  
Резервуарлардағы    кіші  «тыныс  алу»  тәулік  температура 
өзгерісі  және  сыртқы  ауаның  барометрлік  қысымының  өзгерісі 
нәтижесінде болады. Күндіз резервуар және мұнайдың жоғарғы 
қабаты      қызған  кезде  бу  мөлшері  және  олардың  серпімділігі 
саңылаусыз 
жабық 
резервуарда 
артады, 
егер 
қысым 
есептелгеннен артып кетсе, онда будың бір бөлігі сақтандырғыш 
немесе  тыныс  алу  қақпағы  арқылы  резервуардан  атмосфераға 
шығады.  Түнгі  уақытта,  ауа  температурасы  төмендеген  кезде, 
мұнай  буының  бір  бөлігі  –  резервуарда  конденсацияланып, 
қысым  төмендейді  және  резервуардың  газды  кеңістігі  вакуум 
есептелгеннен асып кеткенде сыртқы ауа кіре бастайды.  
Ауаны  енгізу  және  резервуардың  мұнаймен  толу  және 
жіберу  кезінде  бу  қоспасы  мен  ауаны  шығару  үлкен  «тыныс 
алу»  деп  аталады.  Мұнайдың  жеңіл  фракцияларын  жоғалтуы 
кіші тыныс алуға қарағанда үлкен тыныс алу кезінде көбірек.  
Сыртқы температура ауытқуы әсерінен резервуардың газды 
кеңістігінің  температура  өзгерісі  жүреді.  Инженерлі  бағалау 
есептеулерін  жүргізу  үшін  И.А.  Чарнин  және  басқалармен 
резервуардың  газды  кеңістігінің  тәулік  температура  ауытқуын 
анықтауға арналған қарапайып формулалар алынған болатын: 
 
∆t
г
=t
c
·f
1
+591[f
2
· f
3
+ f
7
· f
6
+ f
4
· (f
c
- f
5
)] 
 
 (7.5) 
 
мұндағы f
1
- f

– функциялар, арнайы графиктен анықталған.  
Олармен  тік  болат  резервуарда  буланатын  мұнай  өніміне 
байланысты 
есептеуге 
арналған 
резервуарлардың 
температуралық 
режимін 
анықтау 
бойынша 
ұсыныстар 
берілген. Резервуардың газ кеңістігіндегі температура ауытқуын 
(At
г
)  біле  отырып,  газдың  максимальды  (t
гmax
),  минимальды  
(t
гmin
)  және  орташа  (t
горт
)  есептеуге  болады.  Жаз  мезгілінде 
резервуардағы газ температура ауытқу амплитудасы ауа ауытқу 


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау