Көкпекті ауданының тарихи – өлкетану мұражайына 2017 жылдың жарты жылдықта өткен іс –шаралар бойынша
Ақпарат
КМҚК «Бос уақыт орталығына» қарасты Көкпекті ауданының тарихи – өлкетану мұражайының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілгеннен бастап жоспар бойынша және қосымша жоспардан тыс мұражайда жұмыс жасалуда. Жоспарға сәйкес мұражайда қаңтар айынан шілде айына дейін барлығы 32 іс – шаралар өтті. Ауқымды іс шараларды атап өтсек : 15 ақпан күні – Ауғанстан Республикасында интерноционалдық борышын атқарған жауынгерлерге арналған кездесу кеші өтті, 17 наурыз күні - ұлттық мейрам наурыз мерекесіне арналған іс –шара өтті, 24 сәуір күні - Чернобыль АЭС апатына 31 жыл толуына өткен іс – шара өтті, 24 сәуір күні - Қазақстан Республикасының халқының бірлігі күніне арналған іс –шара өтті, 3 мамыр – Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алу кеші өтті, 18 мамыр күні - Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Мұражай қызметін инновациялық даму мен ақпараттандыруын өзекті мәселелері» тақырыбында аудандық семинар өтті, 16 маусым күні - Көкпекті ауданы бойынша жергілікті ақын, айтыскер Қ.Алтынбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған іс – шараны атап өтуге байланысты Аудан әкімінің орынбасары бекіткен жоспарға сәйкес мұражайда 16 маусым сағат 11:00 – де Қ.Алтынбаевтың шығармашылығына арналған тақырыптық кеш өтті және т.б.
Ескере кетсек әр өткен іс –шара екі тілде аудандық газет «Жұлдыз», «Новая жизнь» және аудандық әлеуметтік желілерде (фейзбук, вконтакте) беттерінеде шығып отырды.
2017 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейінгі келушілердің жалпы саны – 4287. Мұражайға оқушылардың келу кестесі бар. Кесте Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Мустафиновамен 04\1374 номерімен бекітілкен. Мектеп оқушылары осы кестеге сай күнделіктті экскурсияға келіп отырды. Тек ауданымыздағы мектептер қана емес көршілес Шәріптоғай негізгі мектебі, Романовка негізгі мектебі, Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені, Куйбышев атындағы негізгі мектебінің оқушылары келді. Мұражайда өткен іс-шараларға келушілер ауыл тұрғындары, Жастар орталығының ұжымы , ауыл жасөспірімдері, аурухана мамандары, мектеп мұғалімдері, ауылымыздың ақсақалдары, Жол жүргіншілер яғни жос үстінен Зайсан, Семей, Қалбатау немесе селолық округтерге келе жатқан қонақтар жолдан мұражайға келушілер қатары көбейді. т.б азаматтарымыз келді.Арнайы жазғы демалыста бұрынғы ауылымыздың тұрғындары Алматы,Астанадан келіп,ауыл тарихын еске алуға келеді.
-
Ай
|
Келушілер саны
|
Қаңтар
|
754
|
Ақпан
|
1100
|
Наурыз
|
534
|
Сәуір
|
660
|
Мамыр
|
648
|
Маусым
|
591
|
2017 жылдың қаңтар айына дейін мұражайда 1370 жәдігерлер тіркелген болатын. Қазіргі уақытта барлық жәдігерлер саны - 1580. Қаңтар,ақпан,наурыз айы аралығында 138 жәдігерлер қосылды.Қосылған жәдігерлерді атап өтсек, Ауған соғысында интернорционалдық борын өтеуге қатысқан азаматтарға 30 фото, жеке - жеке папкалар ашылды – 30. Патриоттық клуб альбомдары – 6. Қалихан Алтынбаевка арналған ақпараттар – 5. Үтік – 3. Темір аяк киім -1. Ауданымызға маңызы бар, өз еңбектерін сіңірген әр түрлі қызмет саласында азаматтар азаматшаларымыздың фотолары – 25 дана. Папка Аудандардың ауылдық округтері мен елді мекенді жерлердің аттарын өзгерту туралы (қаулы)- 1және т.б. Сәуір,мамыр,маусым айы аралығынла 72 жәдігерлер қосылған,мысалы: АЭС Чернобыль апатын жоюшы жауынгерлерге стент,және жеке - жеке папка ашылды - 15 фото, 15 папка, кітап- автор Болат Төлепбергенов. 1986-2016 Рух пен Ар, «Толағай» ансамбілінің қысқаша тарихы, Видеофильм – Конноспортивный клуб « Дархан». Бастаушы селолық округі Көкжота ауылы, Видеофильм диск – 20 лет Независимости, Кітап – Жарқын бейнең жадымызда. Редактор Қ.Бесбайыс, Кітап «Шығыс Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздық».Өскемен – 2016 ж. т.б.
15 ақпан күні – Ауғанстан Республикасында интерноционалдық борышын атқарған жауынгерлерге арналған кездесу кеші өтті. Ауған Республикасында интерноционалдық борышын атқарған жауынгерлер туралы тақырыптық көрме дайындалды. Көрмеге әр селолық округтардан ауғанға қатысқан жауынгерлер туралы мәлімет яғни фото,әскери билет көшірмесі,мақтау,марапат қағаздары алынды. Материалдар бойынша жануынгерлерге жеке – жеке папка ашылып,қойылды.
Іс –шараға ауданның патриоттық клуб жастары,жауынгерлердің туысы,мәдениет және тілдерді дамыту бөлім мамандары,ішкі саясат бөлімі,Көкпекті селолық округінің әкімі,жастар яғни барлығы 103 адам қатысты.
Іс –шараны мұражай қорын сақтаушы Смаилова Клара ашты.Жауынгерлерге арналған стент (бұрыштама) дайындалып,ашылу с алтанаты болды.Жауынгерлерге патриоттық клуб жастары сұрақтарын қойып,әртүрлі жауаптарын алды. Қ.Аухадиев селолық округінің ардагерлер ұйымының төрайымы Шнайдер Т.В сөз алды.Іс – шара соныңда Маринагорка мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі сөз сөйледі.Қорытынды ретінде мұражай қонақтарына экскурсия өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |