Махаббат туралы әпсана
Бір аралда түрлі сезімдер өмір сүрді,
Олар: Бақыт, Қайғы, Махаббат т.б. еді. Бір күні аралды су басуы мүмкін болғандықтан, кемелерге мініп аралдан кету қажеттігі туралы хабарланды.
Барлығы аралдан кетті. Тек қана Махаббат қалды. Аралды су басқанда ол өзіне көмекке өзгелерді шақыруға ұйғарды. Оған көмекке алғашқы болып Байлық келді. Махаббат айтты:
- Байлық, сен мені әкете аласың ба?
- Жоқ, менің кемемде ақша мен алтын көп болғандықтан, саған орын жоқ.
Махаббат кемемен өтіп бара жатқан Мақтанышты көріп көмек сұрауды ұйғарды:
- Мақтаныш, маған көмектесуіңді өтінемін!
- Мен саған ешқандай көмек бере алмаймын, өйткені сенің үстің су болыпты, кемемді бүлдіруің мүмкін.
Махаббат Өкініштен сұрады:
- Өкініш, мені өзіңмен бірге ала кетші.
- Ой... Махаббат, мен сондай көңілсізбін, дәл қазір жалғыз қалғым келеді.
Бақыт аралдың жанынан жүзіп өтіп бара жатты, бірақ өзі бақыттан басы айналғаны сонша, Махаббаттың өзін шақырғанын естімеді.
Кенеттен біреудің даусы естілді:
«Махаббат, бері кел, мен сені өзіммен бірге алып жүремін». Оны шақырған қарт адам болатын. Махаббат қатты қуанғанынан қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті.
Жерге аяқ басқан соң Махаббат Білімнен сұрады: - Маған көмектескен кім?
- Бұл Уақыт болатын
- Уақыт? Ол неліктен маған көмектесті? – деп сұрады Махаббат.
Білім даналықпен жымиып, былай деді:
- Сондықтан, өйткені өмірде Махаббатың қаншалықты маңызды екенін тек Уақыт қана түсіне алады.
Алма толы шелек
Адам өзіне жеміс ағаштары бар зәулім үй сатып алды. Үйдің жанындағы ескі үйде қызғаншақ көршісі тұратын еді.
Ол үнемі жаңа көршісінің ауласына қоқыс төгіп, ренжітуге тырысты.
Бір күні адам көтеріңкі көңілмен сыртқа шықса, лас су толы шелек алдында тұр еді. Ол шелекті алды да, лас суды төгіп, шелектің ішін жарқыратып тазалап, ішін ең ірі, тәтті алмаға толтырып, көршісінің есігін қақты.
Есік қағылғанын естіген көршісі «Қолыма түстің бе, бәлем!» деп жанжалдасуға дайындалған нашар оймен есікті ашқанда, адам қолындағы шелек толы алманы ұсынып: - әркім өз байлығымен бөліседі! – деді.
Жүрек жақындығы
Ұстаз өз шәкірттерінен сұрады:
- Неліктен адамдар жанжалдасып, айқайласады?
- Өйткені олар өздерін ұстай алмайды, - деді біреуі.
- Егер адам жаныңда тұрса оған айқайлаудың қажеті не? – деді Ұстаз. Бір – бірімен жай сөйлесуге болмай ма?
Шәкірттері түрлі жауап ұсынса да, Ұстаздың көңілі толмады.
Ақыры ол былай деп түсіндірді:
- Адамдар бір – біріне көңілдері толмай, дауласқанда олардың жүректері алшақтайды. Осы қашықтықты толтыру үшін және бір – бірін есту үшін оларға айқайласуға тура келеді.
Олар қатты ашуланса, қаттырақ айқайлайды.
- Ал адамдар бір – біріне ғашық болса қалай болады?
Олар айқайламайды, керісінше жай сөйлеседі, өйткені олардың жүректері өте жақын болғандықтан, ара қашықтық та кішкентай.
Ал сүйіспеншілік тереңдеген сайын сыбырласудың да қажеті болмайды.
Олар бір – біріне қарағаннан – ақ сөзсіз түсініседі.
Бір – бірін жақсы көретін адамдар бірге болғанда осылай болады, - деді Ұстаз.
Сондықтан, біреумен ренжіскенде, өз жүректеріңе бір – бірінен алшақтауға жол бермеңдер, бір – біріңнің араларыңды алыстататын сөздер айтпауға тырысыңдар. Өйткені ара қашықтық алыстағаны соншалықты, кейін қайтуға жол таба алмайтын күн тууы әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |