Кедейлік және Байлық.
Бір күні Кедейлік пен Байлық қайсысы көрікті екендігі жөнінде таласып қалады. Олар бұл сұрақтың жауабын білу үшін өтіп бара жатқан адамға жүгінеді. «Ең алғаш кездескен ер адам біздің дауымызды шешіп берсін», - дейді екеуі. Олардың алдынан орта жастағы ер адам шығады. Алғашқыда ол екі жағынан шыққан Кедейлік пен Байлықты байқамай қалады. Тек сен ғана біздің қайсысымыз әдемі екенімізді шешіп айта аласың, - дейді екеуі асығып. Ер адам ойланып тұрып: - Қандай қиын, егер мен Кедейлік әдемі десем, Байлық ренжіп кетіп қалады». Ал егер Байлық әдемі десем, Кедейлік ашуланып, маған шабуыл жасауы мүмкін. «Не істесем екен?», - дейді. Ол біраздан соң: - сіздер бірге тұрғанда мен бірден айта алмаймын. Сіздер әрі – бері жүріңіз, мен қарайын - дейді. Екеуі жол бойында қарама – қарсы жүреді, әрқайсысы әдемі боп көрінуге тырысады.
- Ал, қайсымыз көрікті екенбіз? – деп жамырайды олар. Бір кезде ер адам жымиды да, жауап қатты: - «Сен, Кедейлік, өте әдемісің, арқа жағыңнан қарағанда», кетіп бара жатқанда. Ал Байлық сен әдемісің, алдыңнан қарағанда.
Достарыңызбен бөлісу: |