Еңбек туралы
«Жақсы мен жаман туралы»
***
« Баланың мал табары болады, мал шашары болады.
Өзің мал таба алмасаң - балаң мал тапсын.»
(Абай)
***
«Өзің үшін еңбек қылсаң - өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң - алланың сүйген құлының бірі боласың.»
(Абай)
***
«Биік мансап - биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.»
(Абай)
***
«Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбек қылсаң қара жер де құр тастамайды.»
(Абай)
***
«Қолдан келмес іске ұмтыл - азат басың болсын құл.
Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін.»
(Абай)
***
«Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.»
(Абай)
***
«Адамзатқа тірлік - дәулет.»
(Абай)
***
«Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл.»
(Абай)
***
«Еңбек ет, өзіңді, отбасыңды асыра, бала-шағаңның қамын ойла - өзіңе де жақсы, үкіметке де жақсы».
(Абай)
Достарыңызбен бөлісу: |