Махаббат туралы
«Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.
Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.
Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол.»
(Абай)
***
«Махаббат - өмір көркі.»
(Абай)
***
«Махаббатсыз дүние бос -
Хайуанға оны қосыңдар.»
(Абай)
***
«Сұлуды сүю - пайғамбар сүннеті.»
(Абай)
***
«Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.»
(Абай)
***
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен.
(Абай)
***
«Махаббат кетті, дос кетті -
Жете алмайсың, тоқтайсың.»
(Абай)
***
Сүйсінбесең - сүйме.
(Абай)
«Махаббат құдіреті жер жүзіндегі кіллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі»
(Ж.Сталь)
***
«Адамның жақсысы адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»
(Абай)
Тіл туралы
«Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.»
(Жүсіпбек Аймауытұлы)
***
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.»
(Мұхтар Әуезов)
***
«…Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…»
(Мұқағали Мақатаев)
***
«Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!»
(Ғабиден Мұстафин)
***
«Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады».
(Ғабит Мүсірепов)
***
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген
адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.»
(Мұхтар Әуезов)
***
«Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…»
(Жүсіпбек Аймауытов)
***
«Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.»
(Халел Досмұхамедұлы)
***
«.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.»
(Ғабит Мүсірепов)
***
«Тіліңді жоғалту, су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да
өткен қасірет.»
(Жалау Мыңбаев)
***
«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
(С. Аманжолов)
***
“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
(Мұхтар Әуезов)
***
«Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл».
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
II) Аңыз әңгіме
Бақыт
Бір күні Бақыт орманда келе жатып байқаусызда шұңқырға құлап кетті де жылай бастады.
Жақын маңда адамның өтіп бара жатқан дыбысын естіген бақыт көмек сұрап айқайлады: «Қайырымды адам! Менің мына жерден шығуыма көмектесші».
«Сен маған бұл үшін не бересің?» - деп сұрады адам.
«Сен не қалайсың?» - деп сұрады Бақыт.
«Мен теңізге қарап тұрған зәулім, қымбат үйім болғанын қалаймын».
Бақыт адамға үй берді, ал адам үйіне қарай жүгіре жөнелді де, Бақытты ұмытты.
Бақыт шұңқыр ішінде жылап отырды.
Жанынан екінші адам өтіп бара жатқанын естіп, айғай салды:
«Қайырымды адам! Маған көмектесші».
«Сен маған не бересің?»
«Сен не қалайсың?» - деп сұрады Бақыт.
«Мен бірнеше әдемі де қымбат машиналарым болғанын қалаймын».
Бақыт адамға қалағанын берді, адам қатты қуанғанынан Бақытты ұмытып, өз жөніне кетті.
Бақыттың үміті мүл
дем үзілді.
Кенет үшінші адамның аяқ басқаны естіліп, Бақыт айғай салды:
«Қайырымды адам! Мені мына жерден шығаршы!».
Адам Бақытты шығарды да өз жөніне кетті. Бақыт қатты қуанып, адамның артынан ілесті:
«Адам! Маған көмектескенің үшін не қалайсың?»
«Маған ештеңе керек емес» - деп жауап берді адам.
Содан бері Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |