Тахометриялық шығын өлшегіштер су, газ немесе бу ағындағы турбинаның немесе қанатшаның айналым санын, айналу жылдамдығын өлшейді. Аспабында қанатша немесе турбина орнатылғанына байланысты оның əрекет принципі өзгермейді; айырмашылық келесіде - қанатшаның айналу осі ағынның қозғалуына перпендикуляр, ал турбина сұйықтық немесе газ ағынына параллель болады (3.9 сурет).
Тахометриялықшығынөлшегіштердіңартықшылықтары:
жоғарыемесқұны;
жұмысістеугеқуаткөзі қажет емес. Кемшіліктері:
шығын өлшегіш қимасындағы механикалық кедергілер;
шағын динамикалық диапазон;
өлшеудің тұрақсыздығы;
сенімділік деңгейі төмен;
сурет - Тахометрлікшығынөлшегіштіңжұмыспринципі
сенімділік деңгейі төмен;
судағы қоспалар мен бөгде заттар өлшеу нəтижелеріне əсер етеді;
қысқа пайдалану мерзімі.
Жылулық шығын өлшегіштер
Шығын өлшегіштердің əрекет ету принципі зат ағынын қыздыруға жəне жылытқышқа дейінгі, сонымен бірге, одан кейінгі t температураларының айырмашылығын өлшеуге (калориметриялық шығын өлшегіштер) немесе ағынға орналастырылған қыздырылған дененің t температурасын өлшеуге (термоанемометриялық шығын өлшегіштер) негізделген (3.10 сурет).Термоанемометриялық шығын өлшегіштертехнологиялық өлшемдерде өздігінен қолданылмайды.
Массалық шығын:
𝐺 = 𝑁 , (3.8)
𝑘𝐶𝘗 𝜎𝑡
мұндағы 𝐺 - массалық шығын;
𝑁 - жылытқыштың қуаты;
𝑘 - құбырдың қимасы бойынша 𝑡 температураның таралуының əркелкілігіне түзету көбейткіш;
!
G – 𝑡 = 𝑡!!𝑡! кезіндегі заттың жылулық сыйымдылығы.
2
сурет – Жылулық шығын өлшегіштің сұлбасы
3.10 cуреттегі белгілеулер: 1 – құбыр; 2 - ағын жылытқышы; 3,4 –
термотүрлендіргіштер (термопара, термокедергі).
𝐺 шығынының өлшеуі екі тəсілмен орындалуы мүмкін:
берілген 𝑡! тұрақты температуралар айырмасын қамтамасыз ететін
𝑁 қуатының мəні бойынша;
тұрақты 𝑁 қуаты кезіндегі 𝑡! температуралар айырмасы бойынша.
Бірінші тəсіл бойынша шығынды жылытқыш тізбегіндегі ваттметрдің көрсетулері бойынша анықтайды.
Екінші тəсіл бойынша жылытқышқа тұрақты қуат жіберілгенде, t 0 температуарлар айырмасын өлшейтін аспап бойынша шығынды анықтайды. Бұл тəсілдің кемшілігі - шкаланың гиперболалық сипаттамасы, яғни, шығын өсуі кезінде сезімталдықтың төмендеуі.
Калориметриялық шығын өлшегіштердің дəлдік кластары 0,5-1. Олардың артықшылығы: күй параметрлерін (қысымды, t, тығыздықты) өлшемей-ақ, таза газдардың аз шығындарын өлшеуге қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |