Қолжазба құқында



жүктеу 274,46 Kb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата25.05.2018
өлшемі274,46 Kb.
#17556
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

18 


жүйе  тұсындағы  материалдық-техникалық  базадан  айырылып 

қалған.  Елде  білім  беру  саласындағы  мекемелерді  қажетті 

материалдық-техникалық 

жабдықтармен 

қамтамасыз 

ететін 


орталықтандырылған  жүйенің  ыдарауы,  оқу  процесіне  арнайы 

әдістемеліктермен  жабдықтайтын  мекемелердің  жұмысын  ретке 

келтіре алмау сияқты фактілер бар. 

Жоғарғы оқу орындарындағы (әсіресе техникалық оқу орындарында) 

оқу  зертханаларының  болмауы,  тәжірибе  өтетін  базалардың 

тапшылығы  теориялық  білімді  нақты  істе  қолдана  алмауға  алып 

келіп отыр.     

2.  Ғылыми-әдістемеліктермен 

қамтамасыз 

ету 


деңгейінің 

жеткіліксіздігін  кітапханалар  қорында  жаңа  ғылыми  әдебиеттердің 

болмауымен,  қазақстандық  ғалымдар  дайындаған  оқулықтардың, 

анықтамалықтардың сапасының сұранысқа сәйкес келмеуімен қатар, 

жоғарғы  оқу  орнындағы  басқару  менеджментінің  төмендігінің 

бөлінген    қаржына  игере  алмай  отырған  мамандардың  біліктілігі 

заманауи талаптарға сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады.   

3.  Жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын мамандардың біліктілік 

деңгейінің төмен болуын мынадай жағдайлармен түсіндіруге болады: 

 



Жоғары оқу орындары санының көбеюі 

 



Жоғары  оқу  орындарындағы  білікті  мамандардың  басқа 

салаларға кетуі (миграция, эммиграция) 

 

Жоғары  оқу  орындарында  біліктілікті  көтеру  жүйесінің 



ыдырап кетуі, қымбат болуы 

 



Жоғары  оқу  орындарында  мемлекеттік  тілде  оқытудың 

сапасын көтеру. 

Басқа  себептер:  кейбір  оқытушылар  тарапынан  немқұрайлық  пен  

субъективизм,  өзінің  мамандығы  бойынша  практикалық  дағдыларды 

меңгеруге уақыттың тапшылығы және т.б.  

Сонымен  қатар,  жоғарғы  оқу  орнын  бітіргеннен  кейін  қазақстандық 

түлектердің  мақсаттары  мен  үміттері  анықталды.  Зерттеудің  нәтижелері 

көрсетіп  отырғандай,  болашақ  мамандардың  бестен  бір  бөлігі  (18%)  басқа 

мамандық алғысы келеді немесе  өзінің мамандығы бойынша жұмыс істегісі 

келмейді.    Бұл  сұраққа  7,2%  респондент  жауап  беруге  қиналған.  Осы 

әлеуметтік  құбылысты  түсіндіру  үшін  бірнеше  себепті  атауға  болады. 

Біріншіден,    білім  алушылардың  басым  бөлігіне  жоғары  білім  көмекші  рөл 

атқарады  және  экономикалық  жайлы  аймақтарда  (бірінші  кезекте,  Астана 

мен    Алматы)  орналасуға  мүмкіндік  ретінде  қарастырылады.  Екіншіден, 



ақпараттардың  ассиметриялығы  талапкерлерге  болашақ  мамандықтарына 

сұраныс,  мүмкіндік,  туралы  шүбәсіз  және  толық  ақпарат  бермейді.  Бұл 

проблема  білім  беру  қызметін  уақытының  ұзаруымен  күрделене  түседі. 

Еңбек  нарығындағы  жағдай  талапкер  мамандықты  таңдауынан  оқу  үрдісін 

бітіру  мерзіміне дейін толығымен қарама- қарсы  өзгеруі мүмкін және еңбек 

нарығының  ядросындағы  немесе  ядросына  жақын  орналасқан  мамандық 

еңбек нарығының перифериясынан шығып қалуы мумкін.  



 

19 


Жұмысқа  орналасу  сенімділігінің  негізінде  жатқан  факторлар 

анықталды: 

1. Түлектердің жартысына жуығы (44,9%) өздерінің жұмысқа орналасу 

сенімділіктерін өздерінің мамандықтарының Қазақстанның еңбек нарығында 

сұранысқа ие екенімен түсіндіреді.     

2.  Респонденттердің  үштен  бірі  (36,6%)  өздерін  бәсекеге  қабілетті, 

мықты маман ретінде бағалайды.  

3.  8,2%  респондент  жұмысқа  орналасуда  ресми  емес  байланыстарына 

сенеді.  

4.    Түлектердің  7,9%  өздері  таңдаған  мамандық  халықаралық  еңбек 

нарығында жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік береді деп санайды.  

5.  Респонденттердің  қалған  бөлігі  (2,7%)  «мамандығым  бойынша 

жұмыс  істеп  жүрмін»,  сондай-ақ  «бүгінгі  таңда  қазақстанның  еңбек 

нарығында қазақ тілді мамандар өте аз» деп айтады.  

Түлектердің  мамандық  бойынша  жұмысқа  орналаса  алуына 

сенімсіздігіне әсер ететін факторлар: 

1. Респонденттердің үштен бірі (35,1%) өз білімдерінің сапасын төмен 

деп санайды немесе білім деңгейінің жеткіліксіздігін көрсетеді.  

2.  Респонденттердің  төрттен  бірі  (25,7%)  өздерінің  мамандықтарын 

Қазақстан көлемінде беделі жоқ деп көрсетеді.  

3. Шамамен әр оныншы респондент (9,7%) өз мамандығын өзі үшін де, 

ел үшін де келешегі аз деп санайды.  

4.  8,8%  респондент  өзінің  мамандығынан  көңілі  қалғандығын  атап 

көрсетеді.    

5.  Түлектердің  бестен  бірі  мамандығы  бойынша  жұмысқа 

орналасуының  сенімсіздігін  (немесе  ниетінің  болмауы?)  келешекте  еңбек 

ақысының  төмендігімен,  ұқсас  мамандық  бойынша  еңбек  нарығында  үлкен 

бәсекелестіктің  болуымен,  білімнің  ерекшелігімен  және  т.б.түсіндіреді. 

(20,7%).  Осыған  орай,  жұмысқа  орналасу  стратегиясын  жасайтын  болсақ, 

жұмысқа орналасудың мынадай аса тиімді әдістерін көрсетуімізге болады: 

1.  Туысқандардың көмегі; 

2.  Жұмыс берушіге тікелей бару; 

3.  Жоғарғы оқу орнында оқу мерзіміндегі өндірістік/оқу практикасы; 

4.  Жоғарғы оқу орнында жұмысқа бөлу.  

Осы  мәліметтеріміз    қоғамда  күшті  және  әлсіз  желілердің  болуымен 

және тиімді жұмыс істеуімен, яғни индивидтің әлеуметтік желілерге енуімен 

түсіндіруге болады.  

Әлеуметтанулық 

зерттеулерде 

контент-талдау 

әдісін 

қолдану 


бұқаралық  ақпарат    құралдарын  барынша  терең  және  жан-жақты  зерттеуге 

мүмкіндік  береді.  Аталған  зерттеуде  талдау  объектісі  ретінде  бес 

қазақстандық басылым алынды:   

1. 


Казахстанская правда 

2. 


Арқа ажары  

3. 


Панорама 

4. 


Караван 


 

20 


5. 

Из рук в руки. 

Басылымдар  республикалық    және  аумақтық,  қазақ  және  орыс  тілді 

аудиторияны, ресми және коммерциялық газеттер ретінде іріктелінді.   

Газеттерде жарияланған, жұмысты ұсынатын айдарлар ғана талданды.   

Талданған кезеңде барлық газеттер үшін екі кезең алынды: екі жылдың 

көктем және күз айлары:   

1) 2005 жылдың қыркүйек және сәуір айы  

2) 2006 жылдың қыркүйек және сәуір айы  

Іріктелген  бес  газет  бойынша  таңдап  алынған  жиынтықтың  жалпы 

көлемі жұмысқа жалдау туралы хабарламаның 6597-ын құрады.   

Контент-талдау  негізінде  жұмысқа  жалдау  туралы  6000-нан  артық 

хабарламаны  өңдеу  нәтижесінде  қазақстандық  еңбек  нарығында  бар 

кәсіптердің  толық  тізімі  жасалды.  Талап  етілетін  кәсіптер  көлемі  731  кәсіп 

атауды құрады. Кейінгі кезеңде бұл тізім санаттарға бөлінді, яғни 731 кәсіп 

атауы жұмыспен қамту біртектілігі (гомогендігі) белгісі бойынша айдарларға 

топтастырылған.  Сонымен,  жұмысқа  жалдау  туралы  хабарландыруларда 

көрсетілген  жоғары  білім  талаптары  мен  қосымша  талаптар  Қазақстан 

бойынша  жұмыспен  қамту  құрылымында  қалыптасқан  кәсіби-біліктілік 

көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.    

Бұдан  әрі  зерттелетін  хабарландыруларда  жынысы  мен  жасы  сияқты 

көрсеткіштер  негізге  алынды.  Атап  айтқанда,  жұмысты  ұсынатын 

хабарландырулардың  90%-ынан  астамы    гендерлік  артықшылықтарды 

көрсетпейді,  яғни  онда  жыныстық  айырмашылықтар  (әйел/еркек) 

ерекшеліктер көрсетілмеген.   

Осы  уақытта  хабарландыруларда  «әйел»  кәсіптері  кездеседі,  олар 

газетте бірден орыс тілінде  «түшпара жасаушы әйел», «шалбар тігетін әйел», 

«тігінші  әйел»,  «балмұздақ  сататын  әйел»,  «дүкенші  әйел»  және  т.б. 

жарияланады.   

Бірақ,  жалпы  алғанда,  зерттеу  нәтижелері  бойынша  әйелдерге 

қарағанда, ер адамдар көп қажет етіледі.  

Жұмысқа  жалдау  туралы  газет  хабарландыруларында  жас  ерекшелігі 

көбінесе қандай жастағы адам жұмысқа талап етілетіндігін айтуға мүмкіндік 

береді.  Сонымен,  эмпириялық  деректер  мәлімдегендей,  хабарламалардың 

58%-ында жұмыс берушілер көрсетілмейді. Сонымен қатар, хабарламаларды 

талдау көрсеткендей, адамдардың талап етілетін жас ерекшелігі тобы 25-тен 

30  жасында  (21%)  болады.  Бұдан  әрі  хабарландыруларда  ұсынылатын 

жұмыстарда  31-ден  45  жасқа  дейінгі  жас  ерекшелігі  көрсетілген 

хабарландырулар  көрсетілген,  барлығы  -  11%;  18-ден    24  жасқа  дейін 

көрсетілген  жас  ерекшеліктері  -  9%.    Тек  бір  ғана  пайызы  46  жастан  асқан 

маманды қажет етеді.   

Жұмысқа  жалдау  туралы  газет  хабарландыруларын  талдау  облыс 

немесе  аймақты  тіркеу  әлеуметтік-аумақтық  деңгейде  сол  немесе  өзге  де 

кәсіптің талап етілетіндігін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен, алынған 

деректерге  сәйкес,  жұмысқа  талдау  туралы  хабарландырулардың  91,4%-ы 

Қазақстан  елордасы  –  Астанаға  келеді.  Хабарландырулардың  6%-ы  Алматы 




 

21 


қаласында  жұмыс  ұсынады.  Іріктеуде  еліміздің  барлық  облыстарындағы 

жұмысқа жалдау туралы хабарландырулар тіркелген, мұнда көбінесе Атырау, 

Ақмола  және  Батыс  Қазақстан  облыстары  бойынша  хабарландырулар 

кездеседі.   



 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Сонымен  зерттеудің  негізінде  сұраныс  пен  ұсынысты  және  оларды 

болжау  мүмкіндігін  ескере  отырып,  еңбек  нарығын  зерттеудегі  жаңа 

әдіснамалық  принциптер  мен  әдістемелерді  ұсынуға  болады.  Оларды   мына 

міндеттерді  шеше  отырып,  түрлі  кезеңдерге  бөліп    жүзеге  асыру  керек  деп 

ойламыз:  

1.   Жоғары  білім  беру  жүйесі  үшін  сапалы  контингентті  тарту  және  іріктеу 

кезеңінде: 

Мектеп,  жалпы  мемлекет  жастардың  арасында  кәсіби  бағдардың  

қалыптасуына  назар  бөлуі  қажет.  Жастардың  кәсіби  таңдауды  ертерек 

жүзеге асыруы алған  мамандығы бойынша жұмыс істеуді жоспарлайтын 

ынталы  талапкерлердің  тартылуына    септігін  тигізеді.  Осы  мақсатта, 

болашақ  маманның  ынтасы  мен  кәсіби  дағдыларын  бағалау  үшін 

психологиялық  тестілеуді  енгізу  және  кәсіп  туралы  дұрыс  түсініктердің 

қалыптасуына  көбірек  көңіл  бөлу  қажет.  Халықаралық  нормалар  мен 

стандарттарға,  сондай-ақ    қазіргі  заман  жағдайларын  ескере  отырып,  

білім  беру  саясатының  құралы  ретінде    еңбек  нарығындағы  бәсекеге 

қабілеттілікті  арттыру  мақсатында  жастардың  кәсіби  және  өмірлік 

позицияларын  ертерек  анықтауына  бағытталған  кәсіби  бағдар  беру 

бағдарламаларын  білім  беру  мекемелеріне  енгізу  қажет.  Бүгінгі  таңда 

жастар  кәсіпті ескерместен, жай ғана жоғары білім алуға тырысады деген 

түйін  жасауға  тура  келеді.  Осы  контингентпен  кәсіби  бағдарлық  жұмыс 

жасау аз шығын арқылы жоғары нәтиже беруі мүмкін.  

Қазақстанда    облыстық  өкілдіктері  бар  үкіметтік  Кәсіптік  бағдар  беру 

орталығы қызметінің француз тәжірибесін енгізу де әбден орынды болар 

еді.  Осы  сияқты  орталықтардың  шектерінде  жұмысқа  орналасу 

мүмкіндіктеріне,  оқу  бағдарламаларына,  дәріскерлердің  құрамына,  оқу 

орнының танымалдылығына, жеке мүддеге назар аудара отырып, жарнама 

саясатын  жүргізу  және  әлеуетті  талапкерлердің  түрлі  категорияларының  

мүдделерін ескере отырып жұмыс жасау мүмкіндігі туындайды; 

Оқу  орындары  дайындық  бағыттары  бойынша  қабылдаудың  әдіснамасы 

мен құрылымын қайта қарастыру қажет, себебі біздің жасаған әлеуметтік 

зерттеуіміз    мамандарды    даярлауды  қолданыстағы  бағыттық 

құрылымының білім беру қызметтерін тұтынушылардың үміттеріне және 

жұмыс берушілердің білікті жұмыс күшіне деген қажеттіліктеріне сәйкес 

болмайтындығын көрсетеді; 

Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беруге баға берудің, еңбек 

нарығындағы мамандарға деген сұраныстың  халықаралық салыстырмалы  

зерттеулеріне (Graduate labor market) қатысуы қажет. 



 

22 


2.  Мамандарды даярлау құрылымының  нарық талаптарына неғұрлым тиімді 

сәйкестігін қамтамасыз ету үшін мына шараларды жүзеге асыру қажет: 

 

еңбек  нарығының  түрлі  бейіндегі  және  дайындық  дәрежесіне  ие 



мамандарға деген қажеттіліктерінің мониторинг жүйесін құру; 

 



жалпы  еңбек  нарығындағы  сұраныс  динамикасы  мен  құрылымын  

сипаттайтын индикаторлар жүйесін құру;  

 

экономиканың  дамуының  және  жаңа  қызмет  салалары  мен 



технологиялардың пайда болуының әлемдік тенденцияларын ескеретін 

бакалаврларды,  мамандарды  даярлау  барысындағы  қажетті  біліктілік 

қорын құру. 

3.  Мамандарды  даярлау  барысында  мына  мәселелерге  ерекше  көңіл  бөлген 

жөн: 



 



Жоғары  оқу  орнындағы  және  одан  кейін  білім  беретін  оқу 

мекемелерінің  жүйесін  оңтайландыру,  мамандарды  даярлаудың 

құрылымын өзгерту, сұранысқа ие болмайтын  мамандықтар бойынша 

оқытуға қабылдауды айтарлықтай қысқарту қажет; 

 

Білім  өмір  бойына  мансап  өзегі  қызметін  атқарады.  Білім  беру 



траекториясын  қалыптастыру  принципін  өзгерту  және  Қазақстанда 

білім беру траекторияларын жеке бейімдеу қажет, мұндай тәжірибе әлі 

жоғары  оқу  орындарының  басым  бөлігінде  қолданылмайды.  Жеке 

ерекшеліктерге  бейімдеу  дегеніміз  -  білім  беру  көлемінің  75%-ын  әлі 

жетілмеген балаға қатысты педагог/мемлекет емес, ересек, дербес адам 

өзі  үшін  қалыптастыратын  жағдай.  Нәтижесінде  кәсіби  келешегінде, 

оның  ішінде  келешегі  сәтсіз  қалыптасқан  жағдайда,  адам  қате  білім 

беру  траекториясын  таңдағаны    үшін  мемлекеттің  емес,  өзінің  жеке 

жауапкершілігін  түсінетін  болады,  осының  барлығы  студенттердің, 

жоғары оқу  орындары түлектерінің көбіне оқытудың ақысын төлейтін 

мемлекетке  деген  сыни  қатынасының  деңгейін  төмендету  мүмкіндігін 

береді.  

4.  Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесін тиімді басқару үшін: 

 



Білім беру статистикасының заманауи жүйесін құру; 

 



Жоғары  оқу  орындарындағы  және  одан  кейінгі  білім  берудің 

ақпараттық инфрақұрылымын дамыту. 

5.  Қоғамның мансаптық мүмкіндіктер жайлы ақпаратқа қол жеткізуі үшін:  

  Зерттеу нәтижелерін жүйелі түрде жариялау, оның ішінде  Интернетте 



(жеке пайдалану үшін) орналастыру; 

 



Зерттеудің нәтижелерін мектептерге тарату 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



 

1 Статистикалық жинақ 2009 жылғы алдын ала деректер, Астана 2010 

2 Аитов Н.А. Социальное равенство регионов. – М., 1985.-224 с. 

3  Аженов  М.С.,  Бейсенбаев  Д.Э.  Социальная  стратификация  в  Республике 

Казахстан. – Алматы: Білім, 1997. – 112 с. 



 

23 


4 Қалдыбаева Т.Ж.  Білім социологиясы. – Алматы, 1997.- 205б.  

5 Абжанов Х.М., Гуревич Л.Я.  Интеллигенция Казахстана:  История, теория, 

современность. – А.: Ғылым, 1992.-218 с. 

6  Гуревич  Л.Я.  Системные  реформы  высшего  образования  в  Казахстане: 

исторические  уроки  в  свете  мирового  опыта.  -  Алматы:  Экономика,  1999.  - 

105 с. 


7  Шөптібаева  Г.  Инновациялық  даму  кезеңіндегі  адам  капиталын 

қалыптастырудың  әлеуметтік  мәселелері.  «САЯСАТ-POLICY»-  №5  (153) 

мамыр. 2008. 96-99 б. 

Каланова Ш.М., Бишимбаев В.К. Тотальный менеджмент качества в высшем 

образовании .– Астана.: Фолиант, 2006.-218 с. 

8 Goldthorpe J., Lockwood D., Bechhofer F., Platt J. The Affluent Worker in the 

Class Structure. Cambridge: Cambridge University Press, 1969. 

9 Бурдье П. Формы Капитала // Экономическая социология. 2002. Т.3. №5. с. 

60–74. 

10  Davis  K.,  and  Moore  W.  Some  Principles  of  Stratification  //  American 



Sociological Review. 1944. Vol. 10. No. 2. pp. 242-249. 

11 Bernstain B. Class, Codes and Control. London 1975. 

12  Parnes  H.  Forecasting  Educational  Needs  for  Economic  and  Social 

Development, OECD, Paris. 1962. 



 

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША  

ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ 

 

1  Жас  мамандардың  еңбек  ұсынысы  мен  сұранысының  сәйкессіздігі 

«Қазақстанның  дағдарыстан  кейінгі  дамуы»  халықаралық  ғылыми-

практикалық конференция материалдары (Астана, наурыз, 2010 жыл); 

2  Шет  елдерде  мамандарға  сұранысты  болжау  тәжірибесінің  Қазақстанда 

қолданудың  маңызы  «Еуразиялық  аймақта  тұрақтылық  пен  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  тұрғысында  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-на  төрағалық  етуі» 

халықаралық  ғылыми  конференция  мақалаларының  жинағы  (Астана, 

мамыр, 2010 жыл);   

3  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындары  түлектерінің  ұстанымдары 

(социологиялық 

зерттеу  нәтижесі  бойынша)  «Научно-технический 

прогресс:  техника,  технологии,  образование»  материалы  международной 

научно- практической конференции (Ақтөбе, маусым, 2010 жыл);  

4  Қазақстан  еңбек  нарығындағы  қажетті  кәсіптер  (контент-талдау 

нәтижесінде)  (Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ  хабаршысы,  №3  (76),  2010 

жыл); 

5  Жоғарғы  білімді  жас  мамандарға  сұраныстың  өзгеру  факторлары  мен 



ағымдары  (Мемлекеттік  басқару  және  мемлекеттік  қызмет)  (№3,  2010 

жыл);  



 

24 


6  Қазіргі қоғамда жастардың кәсіби өзіндік айқындалуы мен мамандықты 

таңдау факторлары (Қазақ Гуманитарлық Заң университеті хабаршысы), 

«Философия,  әлеуметтану,  саясаттану  сериясы»  (№9,  2010  жыл) 

баяндалды.            

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 274,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау