6
табысты болуының алғышарттары саналатын мемлекет тарапынан жоғары
мектеп қызметкерлерін біршама жоғары деңгейде материалдық жағынан
қамтамасыз етілуін, мемлекеттің білім беруді қаржыландыруға басым көңіл
бөлуін, жоғары оқу орындарында бұрынғының зиялыларының сақталуын
атап көрсеткен. Автор кеңестік кезеңнен кейінгі Қазақстанның жоғары
мектебінің реформалануына қысқа қайыра талдау жасай келіп, Қазақстанның
жоғары білім беру жүйесі тұтастай алғанда материалдық базасы мен
мамандар құрамын сақтай алды, шешімін күтетін күрделі мәселелер
болғанымен, табысты дамуы үшін барлық мүмкіндіктері бар деп түйеді [6].
Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ғ. Ғабдуллина
жоғары оқу орындарында мамандарды дайындау проблемасына назар
аударып, әлеуметтанушы мамандарға арналған алғашқы еңбектердің авторы.
Жоғары білімнің әлеуметтік қолжетімдігі халықтың әр түрлі таптарының
әлеуметтік
жіктелуі
мен
әлеуметтік
мобильділігімен
тікелей
байланыстылығын, қазақстандық білім жүйесінің тиімділігін профессор
М.С.Садырова өзінің еңбектерінде қарастырған .
Жұмыспен қамтылу саласындағы өзгерістердің гендерлік аспектілері,
еңбек нарығындағы гендерлік ерекшеліктердің қайнар көздері, әйелдер
еңбегінің
әлеуметтік
проблемалары
зерттеуші
Р.Б.Сәрсембаеваның
докторлық диссертациясында жан-жақты зерттелген .
Жоғары мектептің қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгерісі факторы
ретіндегі мәселесіне терең талдау жасаған белгілі қазақстандық ғалымдар
М.С.Әженов, К.Ү.Биекенов пен Ғ.Есім, Е.Р.Раисов өз еңбектерінде
қарастырған.
Әлеуметтік институттар мен процестерді зерттеудегі әлеуметтанулық
әдіснама мен әдістемені жетілдірген көрнекті әлеуметтанушы ғалымдардың
ішінде М.М.Тажин, С.Т.Сейдуманов, З.К.Шаукенова, З.Ж.Жаназарова,
Л.Ю.Зайниева мен Ш.Е. Жаманбалаева, Г.О.Әбдікерова , Ж.А.Нұрбекова зор
үлес қосты. Мысалы, З.К. Шаукенова адам капиталы сапасының жоғарылауы
қазіргі кезеңнің ерекшелігі екенін атап өтіп, бүгінгі таңда білім жетекші
ынталандырушы фактор екендігіне назар аударады .
Г.С. Әбдірайымова жастардың кәсіби айқындалу саласындағы құндылық
бағыттарының ерекшеліктеріне, білім нарығының дамуы жастардың кәсіби
бағдарлануын күрделендіретінін және жастардың мамандықты таңдау
процесінде білімнің ролінің беделінің бар екендігін айтады .
Қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарына жоғары білімнің қолжетімділігі
факторларын Л.Т.Нұрқатова зерттеді.
«Адам капиталын» басқару әлеуметтік мемлекеттің даму шарты
екеніндігін, сондай-ақ қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымындағы
мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік- кәсіби топ ретінде қарастырған
А.К.Сәдуақасова .
Қазақстандық кәсіпорындарда жас мамандардың адами капиталының
дамуын Н.Ө.Шеденова өз еңбектерінде талдаған .
Қазақстандық еңбек нарығындағы жоғары білімді мамандардың
нарықтағы сұранысын талдау және болжау мақсатында «Қазақстандық еңбек
7
нарығы: жоғары және жоғары білімнен кейінгі мамандардың сұранысын
талдау және болжау» тақырыбында, ғалым А.Т.Забированың жетекшілігімен,
осы ғылыми жұмыстың авторы да қатысқан ұжымдық жоба жүзеге асырылды.
Білім сапасының қазіргі кездегі көрсеткіштерін бағалау және
анықтаумен зерттеуші Қ.А.Мұхамбетова айналысады.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді мамандар
жатады.
Зерттеу пәні : еңбек нарығындағы жоғары білімді мамандарға сұраныс.
Зерттеудің мақсаты қазақстандық еңбек нарығындағы жоғары білімді
мамандарға деген нарықтық сұранысқа талдау жасау және тиісті мониторинг
әдістемесін құру.
Диссертациялық зерттеу жұмысының алдына қойған мақсатына сәйкес
келесі міндеттері айқындалады:
Қазақстандағы еңбек нарығы мен жоғары білім беру саласындағы
реформалардың өзара байланысын бағалау;
Жоғары білімді мамандар мен еңбек нарығы арасындағы үйлесім
мәселесін болжау жөніндегі шетелдік тәжірибелерге әдіснамалық және
әдістемелік талдау жасау;
Еңбек
нарығында
сұранысты
болжау
мүмкіндіктері
туралы
көзқарастарды талдау;
Жоғары білімнен кейінгі білім мен екінші жоғары білімнің әлеуметтік
статусына баға беру;
Қазақстан халқының білім және кәсіби әлеуетіне талдау жасау;
Еңбек нарығындағы қазақстандық жастардың кәсіби бағдарларындағы
мақсаттары мен күтулерін эмпириялық зерттеу арқылы анықтау;
Нарықтық қарым-қатынастардың дамуына байланысты жаңа «нарықтық
кәсіптердің» пайда болуы мен оларға деген сұраныстың сәйкестігі
мәселесін зерттеу.
Қазақстанда жастарға кәсіби бағдар беру бағытындағы шараларды
саралау;
Еңбек нарығы мен жоғары білімді мамандарға деген сұраныстың өзара
байланыстарын салыстырмалы, жүйелік, құрылымдық функциялық,
институттық, статистикалық әдістерді пайдалана отырып зерттеу;
Қазақстандағы жоғары білімді мамандарға деген сұраныс мониторингі
әдістемесін жасау;
Зерттеу нәтижелері бойынша нақты практикалық ұсыныстар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы :
1. Қазақстанда жоғары білімді мамандар мен оларға еңбек нарығындағы
сұранысты болжау зерттеу объектісі ретінде қазақстандық әлеуметтану
ғылымында алғаш рет зерттеліп отыр;
2. Жоғары білімді мамандар және еңбек нарығының оларға сұранысын
болжау жөніндегі шетелдік зерттеулерді нарық қарым-қатынасы
жағдайындағы
қазақстандық
болмысқа
экстраполяция
жасау