Қолжазба құқында



жүктеу 274,46 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата25.05.2018
өлшемі274,46 Kb.
#17556
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

14 


Әдістемелерде    өзгешеліктердің  болуына  қарамастан,  ортақ  жалпы 

ерекшеліктер  де  бар.  Білім  беру  инвестициялық  стратегия  ретінде 

қабылданады,  адамдар  жеке  қаражаттары  мен  уақытын  неғұрлым  пайдалы 

мамандыққа  салып,  қайтарымын  алуға  тырысады.  Бұл  өте  маңызды  жағдай 

немесе жоғарыда көрсетілгендей, осындай ұқсас ұстанымның болмауы нақты 

болжам жасау мүмкіндігіне күмән келтіреді.  

Сонымен,  1960  жылдардан  бастап,  еңбек  нарығындағы  болашақ 

жағдайды  болжауға  бағытталған  мақсатты  дамуға  қол  жеткізуге  мүмкіндік 

беретін пайдасы басым принциптерді ұсынатын сан алуан үлгілер дамыды.  

Зерттеудің  мақсатына  сәйкес  назар  аударуға  тұрарлық  әдістің  бірі-  

жұмыс  күшіне  сұранысты  болжау  үлгісі  (manpower  requirement  approach), 

өткен  ғасырдың  60-жылдардың  соңы  мен  70-жылдардың  басында 

қалыптасып және кең тараған әдістің бірі.  

Жұмыс  күшіне  сұранысты  болжау  моделі  (талап  етілетін  еңбек 

ресурстары  үлгісі  ретінде  неғұрлым  белгілі)  классикалық  түрде  сатылы 

әрекеттер  жиынтығын  ұсынуға  және  кәсіби  тұрғыдан  еңбек  нарығындағы 

болашақ  ұсынысты  бағалауға  мүмкіндік  берді  [12].  Осы  болжам 

әдістемесінің негізінде жатқан үш элемент бар. Олар:  

1. Зерттелетін секторларда халықты жұмыспен қамтудың жалпы санын 

бағалау;  

2. Еңбек нарығындағы жаңа ойыншыларды бағалау (жаңадан келгендер, 

сондай-ақ, түрлі себептерге байланысты жұмыстан шығып қалғандар бар). 

3.  Еңбек  нарығында  шығындарды  бағалау  (қайтыс  болғандар, 

зейнеткерлікке  шыққандар  немесе  уақытша  қандай  да  бір  себептермен 

шығып қалғандар).  

Осыны  негізге  ала  отырып,  ерекше  білім  деңгейіндегі  біліктілігі 

арқылы  болашақ  жұмыс  күшін  қамтамасыз  етуді  анықтау  мақсатында 

мынадай шараларды жүзеге асыру ұсынылды:  

1.  Жұмыс  күшінің  ағымдағы  мүшелері  арасындағы  күтпеген  қайғылы 

оқиғалар нәтижесінде немесе зейнеткерлікке шығуға байланысты осы топты 

ағымдағы жұмыспен қамтылғандар санынан шығарып тастау;  

2.  Студенттердің  (жоғары  оқу  орындары  және  колледждер)  

контингентін  және  қазіргі  үдерістерді  талдауға  негізделген  болжам  кезеңі 

ішіндегі жаңа қатысушылардың жалпы санын бағалау;  

3.  Кездейсоқ  қайғылы  оқиғаларға  байланысты  жаңа  қатысушылардың 

мүмкін  шығын  санын  бағалау  және  келесі,  яғни  екінші  қадамда  осы 

контингентті нәтижеден шегеру;  

4.  Бірінші  және  үшінші  қадам  нәтижелерін  біріктіру  арқылы,    белгілі 

бір кәсіп (немесе экономика секторы) үшін болжам құраймыз.  

Алайда, осындай ұқсас  әдіс мамандандырылу  аясы тар кәсіби салалар 

үшін  ғана  жарамды.  Көп  жағдайда  мәселе  бұдан  күрделірек.  Бұл  құбылыс  

кәсіп пен мамандық арасында өзара байланыстың осалдығын/ осал еместігін 

көрсетеді.   

Бұл  мәселені  шешу  үшін  қосымша  айнымалы  шаманы  енгізу  қажет 

болды:  



 

15 


1.    Кәсіби  топтың  жұмыспен  қамтылу  аясынан    еркін  шығу 

масштабтарын бағалау;  

2. Өзге кәсіби топ өкілдерінің аталған кәсіп аясына ену масштабтарын 

бағалау.  

Алайда,  процестің  уақытша,  тұрақсыз  құбылыс  екенін  түсіне  отырып 

(соңғы екі айнымалы үлгіні мүлдем басқарылмайтын етеді), шынайы болжам 

жасау  қиын.  Сонымен,  зерттеушілер  көбінесе  алғашқы  төрт  қадамға  ғана 

сүйенеді, бірақ ол жерде де  өзгешеліктер бар екенін ескеру керек. Мысалы, 

екінші  қадам  студенттер  саны  негізінде  қандай-да  мамандық  шеңберінде 

жаңа мүмкін қызметкерлер санын бағалайды. Алайда, университетті бітірген 

студенттердің барлығы дерлік жұмысқа бірден кірісіп кетпейді, олардың бір 

бөлігі білімдерін жалғастырады.  

Сонымен еуропалық ғалымдар жоғары білімді мамандарға сұраныс пен 

еңбек  нарығының  үсынысы  арасындағы  байланыстың  болжамдарын 

жасайтын  әдістемені  пайдаланып,  60  жылдардан  бастап,  тұрақты  негізде 

белсенді әрекетке көшті. 

Классикалық  үлгідегі  сияқты  барлық  ғылыми  орталықтар  мен 

институттар  еңбек  ресурстарына  сұранысты  зерттеуге  бағытталды. 

Кәсіптердің  құрылымы  агрегацияланған  (кәсіби  тұрғыда  болжамды 

ұсынатын  тек  голландиялықтар),  көбінесе  зерттеушілер  экономикалық 

айнымалы  шамалар  мен  секторлар  арасындағы  өзара  байланыстардың 

кешенді  математикалық  сәйкестігін  көрсететін  эконометриялық  үлгілерді 

ұсынады. Осылайша, экономика секторларының дамуын талдауға және әрбір 

сектордағы жұмыс берушіге сауал салу нәтижелеріне басты назар аударады.  

Сонымен, экономика секторлары бойынша макроэкономикалық болжау   

осы  әдісті  қолдану  үшін  маңызды  болып  табылады.  Үлгі  негізінде 

келгендер/шыққандар  арқылы  болжау  жатыр,  бірақ  қазір  бұл  үлгі  барынша 

күрделі  жүйені  білдіреді.  Сонымен,  оған  қосымша  мағыналар,  соған  сәйкес 

қосымша  қадамдар  енгізіледі.  Аталған  әдіс  мамандықтар  тұрғысынан 

(барлығы  секторларды  бөлшектеу  деңгейіне  байланысты  болады)  неғұрлым 

терең болжауды ұсынады. Мысалы, Ұлыбританияда болжау үлгісі 49 сектор 

бойынша  құрылады.  Әрбір  сектордағы  жұмыспен  қамту  агрегацияланған 

кәсіби топтарға және түрлі білім беру топтарына сұранысты талдау арқылы 

анықталады.  Осы әдіс кәсіп пен мамандық арасында тікелей сәйкестіктің бар 

немесе жоқ екенін анықтауға мүмкіндік береді (секторлар мазмұны жағынан 

жақын кәсіптерді агрегациялайды). Аталған үлгі жалпы әрбір экономикалық 

секторда  дипломды  мамандардың    қаншалықты  қажет  екенін  бағалауға 

мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, болжам неғұрлым терең және дәл  болады.   



Диссертациялық  жұмыстың  «Қазақстан  Республикасы  еңбек 

нарығындағы  жоғары  білімді  жас  мамандар»  атты  екінші  бөлімінде 

Қазақстаның  еңбек  нарығындағы  жоғары  білімді  жас  мамандарға  сипаттама 

беріліп,  жастардың  еңбек  нарығында  мамандықты  таңдауға  ықпал  ететін 

факторлар анықталған.  

Аталған  бөлімнің  «Қазақстанның  білім  және  кәсіби-  біліктілік 

әлеуетінің  сипаттамасы»  атты  бірінші бөлімшесінде  сандық  және  сапалық 



жүктеу 274,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау