12
жүйесін жаңартудың жаңа институттық нысандарын жасау қажеттігі
мәселесін қояды.
Осыған байланысты, Нидерланды тәжірибесін үлгі ретінде айтуға
болады, онда Филипс, Шелл және өзге де ірі концерндер мамандарды
дайындауды қаржыландыру туралы шартқа қол қойды. Нидерландының тағы
бір тәжірибесі – бірлескен жеке, мысалы, бизнес-мектептерін құру.
Еңбек нарығын болжау проблемасы Франция, Германия, Ұлыбритания,
Ресей зерттеулерінде де маңызды орынға ие. Шетелдік және ресей
ғылымында және практикада мамандарға сұранысты болжаудың әдіснамалық
және әдістемелік қамтамасыз етудің арнайы тәжірибесі жинақталды. Соның
ішінде, бұл мәселеге байланысты ерекше орын алатын теориялар: адам
капиталы теориясы, скрининг теориясы, еңбек кезектігі теориясы және т.б.
талданды [7].
Теориялық әдістер картасын бірнеше әлеуметтану идеяларымен
толықтыруға болады. Біріншіден, барлық жоғарыда аталған теориялар білім
берудің құралнамасының қатынасына сүйенді. Білім беру жоғары жалақы
төленетін жұмыс орнын табумен байланысты рационалды таңдау арқылы
анықталды. Алайда, 60-жылдары әлеуметтік қатынастардың нығаюы
идеясына сүйене отырып, Дж. Голдторп аталған қағиданың осал тұстарын
көрсетті [8]. Мамандық таңдауға және мансаптық ұстанымға ата-аналар
тәжірибесінің ықпалы басым болады. Мәселе мұнда ата-аналарының кәсіби
үрдісін жалғастыруды қалау немесе қаламауда емес, индивидке ата-аналары
мұра еткен әлеуметтік және мәдени капиталға активтеріне байланысты [9].
Екіншіден, «инструменталистік» немесе «құралдық» әдіс әлеуметтік
бедел немесе респектабельді мәртебе түрінде мысал болатын, білім берумен
байланысты бірқатар материалдық емес пайда қатарынан қол үзіп алады.
Білім беруге берілген материалдық емес факторларды бағалаудың белгілі бір
қиындығы болады. Алайда, абсолютті елемеу қалыптасқан жағдайдан
шығудың жолы емес.
Үшіншіден, ұсынылған теориялар айқын меритократтық бағытта
болды және кез-келген актор иеленетін таңдау еркі қағидасын ұстанды [10].
Бірақ, шындығында, теңсіздік пен әлеуметтік айырмашылық орын алады,
кейде ол барынша жасырын, жанама түрде болуы мүмкін (Bernstain дәлелді
мысалдар келтіреді [11], аталған проблеманы теориялық талдауды Бурдьенің
жұмысынан көреміз. Алайда, болжау шынымен де қолданыста болу үшін,
алдымен, индивидке қажетті иеленетін нағыз талантты адамдар білім беру
қызметтерін пайдалану мүмкіндігін ала алатын әлеуметтік теңсіздік
механизмдерін барынша cәйкестендіру қажет.
Бірінші бөлімнің «Жоғары білімді мамандарға сұраныстың
мониторингі және болжау жүйесі: шетелдік тәжірибе» атты екінші
бөлімшесінде жоғары білімді мамандарға сұранысты болжаудың шет
елдердегі тәжірибесіне талдау жасалған. Көптеген мемлекеттердегі шолуға
сәйкес, математикалық аппаратқа және күшті статистикалық базаға сүйенетін
сандық әдістемені пайдаланады, мұндай модельді АҚШ, Канада,
Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Скандинавия мемлекеттері,
13
Австралия және т.б. мемлекеттер ұстанады. Статистикалық базасы аса мықты
емес мемлекеттер (Италия, Испания) негізінен, сапалық әдістемеге сүйенеді.
Көп жағдайда сандық болған кезде де жақсы нәтиже берген жағдайда да
сапалық әдістемелер қосымша әдіс ретінде қолданылады.
Қазіргі уақытта мамандарға сұранысты болжау жүйесінде бірнеше жалпы
белгілерін ажыратып көрсетуге болады. Біріншіден, бірқатар мемлекеттерде
(АҚШ, Франция, Жапония) болжамдарды еңбек министрліктері дайындайды,
бұл міндет көп жағдайда тәуелсіз зерттеу ұйымдарына тапсырылады. Мысал
ретінде Ұлыбританияны атауға болады, онда болжамды Ворвик
университеті жанындағы (Ковентри) зерттеу институты дайындайды.
Нидерландыда болжамды Маастрихт университеті жанындағы зерттеу
орталығы дайындайды. Ирландияда еңбекпен қамтамасыз ету жөніндегі
болжамды дайындау 1990 жылы құрған Экономикалық және әлеуметтік
зерттеулер институтына (ESRI) тапсырылған болатын, осы уақытқа дейін
бірнеше жыл бойы макроэкономикалық болжамдар жариялаумен айналысты.
Бірқатар мемлекеттерде еңбек нарығына болжау жасау арасында бәсекелестік
бар, бұл олардың сапасын арттыруы керек. Германияда екі ғылыми институт
екі тәуелсіз болжамды жасайды, болжам жасаудың көп тәжірибесі
жинақталған Канадада үш бәсекелестік жасайтын үлгі әзірленді.
Екіншіден, болжам нәтижелері барлық мүдделі тұлғалар үшін қолжетімді
және тұрақты жарияланып отырады, сондай-ақ барлық ниет білдіргендердің
барлығы пайдалана алуы үшін Интернетте орналастырылады. Канадада
компакт-дисктердегі болжамдар мәліметтері мектептерге де таратылады.
АҚШ-та тиісті сайтта белгілі бір кәсіпке ағымдағы сұраныс туралы және
2014 жылға дейінгі болашағы туралы жан-жақты ақпаратты алуға болады.
Сонымен қатар, біраз штаттардың еңбек министрліктерінің сайтында кәсіпке
болашақ сұраныстың аймақтық болжамдарына және оларға біліктілік
талаптар жарияланып тұрады.
Үшіншіден, болжаудың сандық көрсеткішіне қосымша ретінде еңбек
нарығының сапалық сипаттамалары енгізіледі. Кейінгі уақытта дамыған
мемлекеттерде адамдармен қарым-қатынас жасай алу, сандармен жұмыс
жасау, міндеттерді шешу үшін ойлана білу және басқа адамдармен жұмыс
істей алуы, жеке адам капиталының дамуына жауапкершілікті өз мойнына
алуға дайын болу, ақпараттық технологияларды білу (компьютерлік
сауаттылық) сияқты жалпы дағдылардың маңыздығы атап көрсетіледі.
Мысалы, Ұлыбританияда, осы сипаттамалардың маңызды деңгейі тұрақты
мониторингтерде орын алған.
Соңында, осындай ұқсас болжамдарды құру ұлттық статистика жай-
күйіне өте жоғары талаптарды қояды. Көптеген мемлекеттер үшін қалыпты
халық санағы және шағын халық санағы мәліметтері, ұлттық статистикалық
комитеттерден келіп түсетін жұмыспен қамтуды зерттеу білім беру жүйесі
арқылы еңбекті қорғау және білім беру министрліктерінің мәліметтері, еңбек
нарығындағы ағындарды бағалау, сондай-ақ білім беру жүйесін пайдаланады.
Халық және жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізу мәліметтері
қосымша пайдаланылады.