Қолжазба құқында



жүктеу 274,46 Kb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата25.05.2018
өлшемі274,46 Kb.
#17556
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

10 


бөлімшесінде  жоғары білімді мамандарға сұранысты болжаудың теориялық-

әдіснамалық  мәселелері  қарастырылған.  Дамыған  батыс  елдерінің  басым 

көпшілігінде  білім  беруге  кететін  шығындар  мемлекеттің  перспективалы 

капитал салымының  нысаны ретінде қарастырылып, ұлттық табыстың артуы 

да оған тәуелді болатынын жаңа индустриялық елдердің тәжірибесі көрсетіп 

отыр.  Қазіргі  заманғы  даму  білім  беру  саласының  маңызының  артуына 

байланысты  әлемдік  даму  процесінде  мынадай  негізгі  тенденциялар 

қалыптасып отыр:  

• білім қоғамның тікелей өндіруші күшіне айналған заманауи технологиялар 

дәуірінде  осы білімдерді өндіретін  зияткерлерге деген қажеттілік арта түсті;  

•  жаһандану,  халықаралық  ынтымақтастық,  студенттер  алмасу  дүниежүзілік  

ортақ білім беру жүйесінің пайда болып, қалыптасуына  әкелді; 

• алдыңғы қатарлы елдер – білім беру қызметтерін экспорттаушылар әлемдік 

шаруашылық саласын – білім беру қызметтері нарығын қалыптастырды. Бұл 

-  ондаған  миллиард  доллар,  қатаң  бәсеке,  экономика,  геосаясат  пен  ХХІ 

ғасырдағы  басым даму факторы; 

•  сапа  революциясы  тауарлар  мен  қызметтер  өндірісінде  жұмыс 

істейтін  мамандар  қызметінің  сапасына  жоғары  талаптар  қоюда,  осының 

нәтижесінде  дайындығы  әлсіз  мамандар  бәсекеге  шыдамағандар  ретінде  

еңбек нарығынан ығыстырылады.  

Сонымен  қатар,  сұраныс  құрылымы  мынадай  факторлардың 

ықпалымен едәуір өзгерістерге ұшырайды: 

* халыққа және кәсіпорындарға түрлі қызметтерді ұсына отырып еңбек 

ресурстарының 

экономика 

саласындағы 

өнеркәсіптен, 

ауыл 


шаруашылығынан,  көліктен    және  құрылыстан  қызмет  көрсету  саласына 

қарай орын ауыстыруы; 

*  ақпараттық  технологиялар  саласында  білімі  бар  қызметкерлерге 

қажеттіліктің ұлғаюы; 

*  экономиканың  өндіруші  салаларында  жұмыс  орындарының  санын 

көбейту; 

*  жоғары  оқу  орындары  мен  жоғары  оқу  орнынан    кейінгі  даярлық 

жүйесіндегі өзгерістер (бакалавриат, магистратура, Ph.D.(докторантура). 

Бұл өзгерістер қазақстандық еңбек нарығында жоғары және жоғары оқу 

орнына  дейінгі  білімді  мамандардың  нарықтық  сұранысы  мониторингінің 

ғылыми-негізделген әдістемесін дайындау қажеттігін білдірді. 

Еңбек  нарығы  кез-келген  нақты  қолданылатын  нарық  жүйесінің 

ажырамас  және  органикалық  бөлігі  болып  табылады.  Еңбек  нарығы 

көмегімен  үйлесімді  бөлінген  және  тиімді  қызмет  ететін  адам  капиталы 

аймақты және жалпы мемлекеттің тұрақты дамуының негізін құрайды.  

Еңбек  нарығын  болжау  халықты  жұмыспен  қамтуды  стратегиялық 

жоспарлау  жүйесінде  ерекше  маңызы  бар.  Мемлекеттік  және  өңірлік    билік 

органдары    позитивті  әлеуметтік-экономикалық  даму  стратегиясы  мен 

тактикасын қалыптастыруда, нарықтық қатынастарды жетілдіруде, бюджетті 

дайындауда,  азаматтарды  әлеуметтік  қорғау    шараларын  жүзеге  асыруда, 




 

11 


тиімді  демографиялық  саясатта  маңызды  алғышарт      бола  отырып  болжам 

жасауда қолданылады.  

Атап айтқанда, еңбек нарығы болжамын дайындауда, мынадай құрамдас 

бөліктерді байланыста қарау керек: 

 

жұмыс істеп тұрған өндірістер және ол жердегі жұмыс орындары; 



 

осы жұмыс орындарын болашақта толықтыру; 



Қазақстандық  еңбек  нарығында  байқалатын  күрделі  деформациялар, 

көбінесе  сол  немесе  өзге  жұмысын  орындау  үшін  қажетті  болатын      

қызметкермен  алынған  біліктілік  деңгейі  мен  кәсіби  білімінің  сәйкес 

келмеуімен  де  байланысты  болады.  Мұндай  сәйкессіздік  құбылыстарының 

бірі жұмыс берушілер тарапынан, әсіресе коммерциялық сектордағы жұмыс 

беруші  тарапынан  жоғары  білімі  бар  қызметкерлерге  негізсіз  жоғары 

сұранысы болып табылады.  

Тоқсаныншы  жылдары  адамдар  екінші  жоғары  білім  алуға  талпынды 

(бұл  көбінесе  екіншісі  біріншімен  байланысты  болмады),  өйткені  еңбек 

нарығының іргелі трансформациясы орын алды.  Әлеуметтік- экономикалық, 

рухани түбегейлі өзгерістер мамандықтардың социализм кезіндегі реестрінің 

мазмұнын  жаңа  жағдайға  сәйкестендірді.  Еңбек  нарығының  ішкі  секторы 

құрылымындағы  орын  ауыстыруларды,  мамандықтар  иерархиясының 

өзгеруі-  еңбек  нарығы  ядросы,  перифериясы  туралы  қалыптасқан 

түсініктерді  жаңа қарым-қатынастарды сипаттай алмады. 

Еңбек нарығының ішкі (фирмалық, ұйымдастырушылық) секторларын 

қалыптастыруға  байланысты  екінші  жоғары  білім  алу  құбылысына  назар 

аударсақ,  «ҚазМұнайГаз»,  «Қазақстан  Темір  жолы»  және  т.б.    типті  ірі 

ұлттық  компаниялардың  кадрлық  саясатын  үлгі  ретінде  алуға  болады.  Осы 

компанияларда  жеке  ірі  оқу  комбинаттарының  болуы  ғана  емес,  сонымен 

қатар,  басқа  жоғары  білімді  қажет  ететін    компаниялар  шеңберінде  адам 

ресурстарының қомақты көлемі бар. 

Бұның барлығы, негізінен, мемлекеттің жұмыс берушілер мен жоғарғы 

оқу  орындары  арасындағы  байланыстың  әлсіз  екенін  көрсетеді.  Басқаша 

айтқанда,  бизнес  және  өндіріс  (оның  ішінде  қызметтер  секторы)  барынша 

прагматикалық  бағытта,  сондықтан  ынтамақтастықтан  көбінесе  отандық 

жоғары  білімнің  «өзгермейтін»  жүйесіне  өтеді,  ірі  ұлттық  компаниялардың 

қызметкерлерінің  шетелде  немесе  жеке  оқу  орындарында  қайта  даярлаудан 

өтуі туралы деректері бізге қолжетімді емес индикаторлары болады.   

Көрсетілген  құбылыстар  Қазақстанда  орын  алып  отырған  жаңа 

тенденцияға  талдау  жасаудың  маңызын  көрсетеді.  Ол-  лауазымға 

қабылданған жоғары білімді азаматтың біліктілігіне қосымша талаптар қою. 

Өз  кезегінде  бұл  құбылыс  Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім  беру 

жүйесінің өндірісте, бизнесте және әсіресе, қызмет көрсету секторында жаңа 

технологияларды  енгізу  үрдістеріне  ілесе  алмайтындығы  туралы  сөз  болып 

отыр.  Бұның  барлығы  жоғары  оқу  орындарына  жұмыс  беруші  тарапынан 

сенімнің  төмендеуін көрсетеді, олай болса жұмыс берушілер мен жоғары оқу 

орны  арасында  тұрақты  диалог  жүргізу,  сондай-ақ,  жоғары  білім  беру 




жүктеу 274,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау