|
 Өкім қарағанды қ. №400 «31» тамыз 2017 ж. 2017-2018 оқу жылында оқу процесінСтаростаның көрсетілген қызметі шегіндегі өкімі топ студенттерінің барлығы үшін міндетті.
12.12
|
бет | 56/57 | Дата | 04.01.2022 | өлшемі | 386,5 Kb. | | #31659 |
| 12.11. Старостаның көрсетілген қызметі шегіндегі өкімі топ студенттерінің барлығы үшін міндетті.
12.12. Студент, магистрант:
-
білім гранты және шарт негізінде оқуға;
-
мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттары аясында білім алуға;
-
белгіленген көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан тұлғалар үшін);
-
жеке траектория және оқыту графигі шеңберінде оқуға;
-
өзінің қабілеттілігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім және қосымша көрсетілетін білім қызметтерін алуға;
-
оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
-
жоғары оқу орнында немесе аталған елді мекенде профессорлық-оқытушылық құрамның саны жеткілікті болған жағдайда оқытушыны таңдауға;
-
заңмен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа оқу орнына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануға;
-
жеке пікірлері мен ойларын еркін жеткізуге;
-
баға жариялығына;
-
академиялық демалысқа (денсаулық жағдайына байланысты, соның ішінде жүктілік пен босану бойынша)
-
Университет келісім-шарт жасасқан басқа жоғары оқу орындарында жеке оқу пәндерін оқуға;
-
зертханалық жабдықтарды және компьютерлерді, институт, кафедра, кітапханалардың ғылыми-анықтамалық материалдарын пайдалануға;
-
оқу процесі және студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қамтитын «Анықтамалық-жол көрсеткішпен» қамтамасыз етілуге;
-
қоғамдық ұйымдар арқылы Университет қызметі мен студенттік өмірдің маңызды шешімдерін шешуге қатысуға;
-
Университет Жарғысы және тиісті ережелермен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қызметтің басқа түрлеріне қатысуға;
-
ұйымдастырушы болуға және ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтар, кооперативтер, баспа қызметі, ғылыми-техникалық проблемаларды шешуге қатысатын басқа шаруашылық-есептегі ұйымдардың жұмысына қатысуға;
-
медициналық қызмет көрсету және студенттердің белгілі бір топтары үшін белгіленген басқа жеңілдіктерді алуға;
-
оқуда, ғылыми-өндірістік пен басқа қызметтердегі табыстары үшін марапаттау және сыйлық беру, алғыс жариялау, грамотамен, ақшалай сыйлықпен, құнды сыйлықтармен марапаттау және профилакторияларға немесе спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдама алуға (материалдық марапаттау түрлерін таңдау директорат және кафедраның ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады).
-
Университет жатақханасына тұруға құқылы.
12.13. Студент:
-
Университет орынжайында ҚарМТУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;
-
еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны қатаң сақтауға;
-
оқу жоспарының талаптарын орындауға;
-
Университет ректоратының, факультет деканатының, кураторлардың, старосталардың тапсырмаларын орындауға;
-
таңдап алған мамандығы бойынша теориялық білімге және практикалық дағдыларға ие болуға;
-
оқу жетістіктерін ішкі бағалау ойынша Унивеситет және ҚР БҒМ өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;
-
қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуге;
-
оқу пәндеріне дер кезінде жазылуға және деканатқа жеке оқу жоспарын беруге;
-
оқу пәндері бойынша СӨЖ орындауға;
-
сабаққа күн сайын қатысу, сабаққа ауырып қатыса алмаған жағдайда институт секретариатын ауырғаны жөнінде ескерту керек, сосын тиісті емдеу мекемесінің белегіленген үлгідегі анықтамасын 3 оқу күні ішінде инстиут директорына беруге;
-
оқу-әдістемелік әдебиеттерге және мүліктерге ұқыпты қарауға;
-
бірге оқитын курстастарына, оқытушыларға және т.б. мейірімді болуға;
-
сабақ кезінде ұялы телефондарын өшіруге;
-
қоғамдық орындарда этикалық нормаларды және жалпыға ортақ тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|