9.24. Университеттен шығарылған тұлғаларға жоғары білімді аяқтамағаны туралы анықтама беріледі.
10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды қорытынды аттестаттау тәртібі
10.1. ЖОО білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу-жұмыс жоспарында қарастырған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистрлік (докторлық) диссертацияларды қорғау түрінде өткізіледі.
10.2. Қорытынды аттестацияға оқу-жұмыс жоспарын және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес білім процесін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.
10.3. Бітіруші курста білім алушы жеке оқу жұмыс жоспарын және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарын орындамаған жағдайда жазғы семестрден өтпестен қайталап оқу курсына қалдырылады.
10.4. Білім алушылардан кешенді емтихан қабылдау және магистрлік диссертацияларды қарастыру үшін Университет Мемлекеттік аттестаттау комиссиясын құрады (МАК).
10.5. Университет МАК Төрағасының кандидатурасын 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады:
- магистратура мамандықтары бойынша – осы ұйымда жұмыс істемейтін, бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылымдар докторы немесе кандидаты ғылыми атағымен немесе PhD/бейін бойынша доктор академиялық дәрежесімен;
- докторантура мамандықтары бойынша - осы ұйымда жұмыс істемейтін, бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылымдар докторы немесе кандидаты ғылыми атағымен немесе PhD/бейін бойынша доктор академиялық дәрежесімен;
10.6. МАК құрамына оның мүшелері құқығында келесі мүшелер кіреді:
- магистратура мамандықтары бойынша – бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылыми атағы бар докторлар және ғылым кандидаттары дәрежесі немесе академиялық дәрежесі бар PhD докторлар және магистрлар (бейінді магистратура үшін МАК құрамына бітіретін мамандардың сәйкес келетін бейіндері бар тұлғалар, жоғары білікті мамандар енуі мүмкін);
- докторантура мамандықтары бойынша – бітіретін мамандардың сәйкес келетін ғылыми атағы бар докторлар және академиялық дәрежесі бар PhD докторлар.
10.7. МАК-тың сандық құрамын Университет анықтайды және Ректор бұйрығымен 31 желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі және сол күнтізбелік жыл ішінде жарамды.
10.8. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестацияға жіберу Ректор бұйрығымен ресімделеді және қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей бекітіледі, МАК-қа ұсынылады.
10.9. Мамандықтар бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының негізгі және бейінді пәндер циклінің міндетті компонентінің пәндері енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |