|
Өкім қарағанды қ. №400 «31» тамыз 2017 ж. 2017-2018 оқу жылында оқу процесінСтуденттердің аудиторияға сабақ басталғаннан кейін кіруіне тыйым салынған.
12.6
|
бет | 55/57 | Дата | 04.01.2022 | өлшемі | 386,5 Kb. | | #31659 |
| 12.5. Студенттердің аудиторияға сабақ басталғаннан кейін кіруіне тыйым салынған.
12.6. Сабақ басталғанға дейін (сабақтар арасындағы үзілістерде де) лаборанттар және ассистенттер қажетті оқулық құралдарын және аппаратураны дайындайды.
12.7. Сабақ топта, бірнеше топтарда, қосымша топтарда ұйымдастырылады. Топ құрамы ректор бұйрығымен бекітіледі.
12.8. Әрбір топқа топ старостасы және оның орынбасарын барынша сабақты жақсы оқитын және тәртіпті студенттерден тағайындайды.
12.9. Топ старостасы және оның орынбасары тікелей факультет деканына бағынады және топта деканның барлық өкімдері мен нұсқауларын жүргізеді.
12.10. Топ старостасы және ол болмаған кезде оның орынбасары:
топ журналына және журналда жазылған жазбалардың сақталуына жауап береді;
топ журналында әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі мен қатысуын есепке алу» туралы бірнеше бетті арнайды. Бұл ретте:
оқу жоспарына сәйкес осы пән бойынша сабақтар санын ескереді;
студенттердің сабақтың барлық түрлеріне қатысуын арнайы есепке алу жүргізіледі. Әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі және қатысуын есепке алу» туралы журнал беттерін толтырады;
орынсыз себептер бойынша сабаққа қатыспаған студентке тиісті бағанға «Н» әрпі, науқастану бойынша «В» қойылады;
сабаққа қатысқан студенттің тегіне қарсы ешқандай жазба қойылмайды;
топ студенттерінің арасынан күн сайын кезекші тағайындалады және ол аудиторияда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді;
ректорат, директор, кафедра меңгерушілері, кураторлардың өкімдерін топ студенттерінің орындауын қамтамасыз етеді;
топ студенттерінің сабақты босатқандығы туралы деканатқа күнделікті баяндап тұрады;
деканатқа немесе оның орынбасарына оқытушының сабақты өткізбегені туралы тез арада хабарлайды;
студенттер өміріндегі мен топтағы олқылықтар туралы деканатқа тез арада хабарлайды;
студенттердің ҚарМТУ Жарғысында қарастырылған олардың міндеттері мен құқықтарын орындауын қамтамасыз етеді;
әрбір оқу аптасының соңында және айдың соңғы күнінде деканатқа журналды тексеруге тапсырады;
аудиториялық сабақтарда топтың оқу пәндерін, сондай-ақ оқу жабдықтарын бақылайды және қамтамасыз етеді;
топ студенттері арасында оқулықтар мен оқу құралдарын алуды дер кезінде ұйымдастырады;
сабақ кестесіне енгізілген өзгерістерді студенттерге дер кезінде хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|