18
1. Пікірталас бастау шеберлігі.
Мазмұнды жауап қайтара алатындай тура сұрақтар қою.
Сабақ тақырыбына сәйкес пікірталасты белгілі бір салада жүргізу.
Әрбір қатысушының пікірталасқа қатысқанын қоштайтынын барлық оқушылардың
сезінуіне әсер ету.
2. Тыңдау шеберлігі.
оқушы ойын ұқыпты тыңдап, оның ұстанымын түсінуге тырысу;
оның айтқанын түсінгеніңізді білдіру мақсатында, оқушы сөзін қайталау;
сөйлегендерді демеу. Бұл әрбір сөзімен келісе беру деген сөз емес, яғни оның ойын
сыйлау.
3. Пайда болған үзілісті қолдану шеберлігі.
Кездейсоқ сабақ барысында пайда болған үзіліс, кейде жағымды әсер жасайды. Себебі бұл
уақытта оқушы көргені мен білгені туралы өз бетінше ойлана алады. Ал егер үзіліс топ
белсенділігінің төмен дәрежесінде болса, онда олардың “білім үрдісінен тыс” екенін көрсетеді,
мұндайда оларға “қайталау” тәсіл тауып, әңгімеге шақырып, үзілісті жою тиіс.
4. Топтың өз шешімдерін қабылдауға дайындығы.
Оқытушы өте беделді болмауы тиіс. Оқушылар өздігінен мәселені шешу, шешім қабыл-
дауда дербес болуы керек. Сонда олар өздеріне жүктелген міндетті түсініп, біліміне өзі жауап
бере алатындай болады.
Жағдайды (ситуацияны) бақылау шеберлігі.
Сабақта әртүрлі жағдайдың болуы мүмкін, оны оқытушы өзінің психологиялық-
педагогикалық біліміне және өз тәжірибесіне сүйене шешуі тиіс. Бұл оның кәсіптік деңгейін
көрсетеді. Жақсы шешілген жағдаят оқытушыға сабақты нәтижелі өткізуге мүмкіндік береді.
Төменде әр түрлі жағдаяттар мен оны шешу жолдары мысал ретінде көрсетілген.
1. Оқушылардың оқытушымен пікір-таласқа келуі.
Көп жағдайда бұл жақсы көрініс. Оқушылардың еріктілігін және өз ойын жеткізе
алушылығын көрсетеді. Екі жақты көзқарасты талдау арқылы, оқытушы оларды сын
тұрғысынан ойлауға үйретеді. Талдау бұл бағалы құрал, соңында әрбірі өз шешімі мен өзіндік
ойында қалса да, әркімнің ойын түсініп, сыйластықпен қарауға мүмкіндік беретін әдіс.
Дауға оқушылар дауласу мақсатында да қатысатынын ескеру керек. Бұл кезде дау ұзаққа
созылып, уақытты да алып, жалықтырып жібереді. Яғни оқытушы осындай оқушыларды дұрыс
қадағалап отыруы керек.
2. Топтың біраз оқушылары жалығып отырғандай.
Оқытушыға сабақ өткізу қарқынын, тақырыпты өзгертуі, әлде кішкентай жаттықтыру
жұмыстарын немесе үзіліс жасауы керек. Оқытушы бұл жағдайда өз-өзіне мына сұрақтарды
қоюына болады:
Мүмкін мен осы көріністі немесе сергіту ойындарын аса көп қолдандым, қатысушылар
онымен таныс шығар т.б.
Оқушылар өмірі мен осы пән арасына пікір-талас аралыған екі жақты салыстыра алдым
ба?
Қаншалықты қайталау жасадым?
Мен жеткілікті белсенді, немесе өте белсенді болдым ба?
Сабақ өткізген орным ыңғайлы ма, бөлме тар емес пе, жарық пен температура режимі,
желдетілуі т.б. талапқа сай ма?
Топтағы оқушылардың тәртібіне, сабақтың өткізілуіне әсер ететін ішкі жағдайлар бар ма?
(құрбылар арасында дұрыс қатынастың болмауы, стресс т.б.)
3. Ешкім қойған сұрақтарға жауап бермеді.
Бұл жағдайдан шығу үшін оқытушы өзіне бірнеше сұрақтар қоюы керек:
Пікірталасқа барлық оқушы назарын аударды ма?
Менің даусым анық естілді ме, ұғынымды айттым ба?
Менің сұрақтарым жауапты қажет ете ме, яғни оларды ойландыра ала ма, “қалай”, “неге”
сұрақтарынан бастала ма?
Сұраққа жауап пен оған ойлануға жетерліктей уақыт беремін бе?
БАСШЫЛЫҚТЫ
ІС
ЖҮЗІНДЕ
ҚОЛДАНУ
4. Оқушылар толықтай пікірталасқа қатыспады.
Кейбір оқушылар өз ойларын топта жеткізе алмайды, олар көбіне тыңдағанды жақсы көреді.
Ондай оқушыларға топ назарын аударуға болмайды, жауап беруге мәжбүрлеуге де, біреудің
берген жауабын толықтыруға ғана мүмкіндік беруге болады. Оқытушы әрбір оқушыны жеке
тұлға ретінде білуі керек.
5. Пікірталасқа құқылы жеке оқушылардың монополизациясы.
Сұраққа басқалардан жылдам әрі жиі жауап беретін өте белсенді оқушылар қатысады. Бұл
сөзсіз, басқа оқушыларға жағымсыз әсер етеді. Яғни, бұл жерде өзге оқушылар өздерін бұл
пікірталасқа қажетсіз деп сезінуін ескеру керек. Оқытушы өзіне сенімі аз оқушыларға өз
ойларын жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс. Оқытушы барлығын тең дәрежеде ұстап, бәрінің жауап
беру мүмкіншілігін шектемеулерін ойластыру керек.
6. Егер пікірталас ұзаққа созылып кетсе.
Егер пікірталас өзіне берілген уақыттан асып кетсе, мұны кемшілік деп есептемеу керек.
Керісінше, бұл тақырып оқушыларды қызықтырып, өздерін еркін сезініп отыр деп түсіну керек.
Бұл жерде оқытушы әрқайсысының көзқарасын тыңдап, пікірталас жүруін қадағалап отыруы
тиіс. Лекция материалына қарағанда, пікірталас барысында оқушылар өздеріне алған білім мен
идеяларды көбірек қажет етеді.
7. Жеке әңгімелесулер.
Егер оқушылар өзара жеке тақырыптарда әңгіме жүргізіп отырса, оқытушы олармен көзбен
қатынас жасап, жақындауы қажет. Бұл қарапайым әдіс, жеке әңгімелерін тоқтатуға жиі
көмектеседі. Әйтсе де, олардың жеке аумағын сыйлап, не айтып жатқандарын тыңдамай
қалмау. Оқушыларды бірін-бірі сыйлап, пікірлерін айта алуға, бірін-бірі бөлмей, жарыспай
сөйлеуге үйрету керек.
8. Оқушылар өзара дауласып қалды.
Егер екі немесе одан көп оқушылар дауласып қалса, оқытушы ешқайсысының көзқарасын
қолдамау керек. Әдетте дауға түскендердің ойы мен көзқарасы бірдей болады, бірақ бір-бірін
тыңдап, түсінісуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда оқытушы әрқайсының көзқарасын
түсіндіріп, екі жақтың бірін-бірі түсінгенін білуі керек. Егер дау заттық мәселеге байланысты
туған болса, оқытушы бүкіл топты осы дауға араластыру керек.
9. Оқытушыны оқушылар қабылдамады.
Кейде оқушылар оқытушы көзқарасын қабылдағысы келмейді, оның ойымен санаспайды.
Оқытушы бұл қарсылықтың себебін тауып, анықтап, оны шешу жолдарын табу керек.
БАСШЫЛЫҚТЫ
ІС
ЖҮЗІНДЕ
ҚОЛДАНУ
19
Достарыңызбен бөлісу: |