Оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау Алматы, 2006 жыл



жүктеу 9,69 Kb.
Pdf просмотр
бет5/71
Дата20.05.2018
өлшемі9,69 Kb.
#14265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

1  БӨЛІМ
1  БӨЛІМ
БАСШЫЛЫҚТЫ  ІС  ЖҮЗІНДЕ  ҚОЛДАНУ


Кіріспе: 
Бірінші  бөлім.  Басшылықты  іс  жүзінде  қолдану  екі  бөлімге  бөлінеді
1)  Оқытушының  біліктілігі.
2)  Оқытушының  рөлі.
Оқытушының  рөлі:
Оқытушы  сабаққа  дайындалу  мен  өткізу  кезеңінде  сабақты  жоспарлау,  ұйымдастыру, 
өткізу,  мониторинг  пен  бағалау  процесіне  көңіл  бөлуі  қажет.  Оқытушылар  алдында 
төмендегідей  міндеттер  тұрады:
Оқушылар  тобының  ерекшелігін  ескеріп,  баяндау:
Керекті  оқу  модулімен  мұқият  танысу,  бағалау,  сабақтың  мазмұны  мен  жаттығуларын 
және  оқытушы  тренерлерге  арналған  ұсыныстарға  ерекше  назар  аудару. 
Оқу  болып  жатқан  уақытта  қажетті  құралдар  мен  материалдарды  дайындау. 
Оқытуға  қажетті  әдіс-тәсілдерді  жинақтау. 
Оқыту  модулін  сабақ  өткізуде  басшылық  ретінде  қолдану. 
Сабақты  бағалау  мен  мониторинг  өткізуді  жоспарлау.
Оқытушы  әрекеті 
Сабақты  бастау  алдында:
мақсат  пен  міндетті  түсіндіру;
білім  алушылардың  сабақ  уақытында  тәртіпке  назарын  ерекше  аудару;
жоспарланған  жаттығуларды  ескеріп,  сабақ  өткізетін  орынды  дайындау;
білім  алушылардың  сабақтан  не  күтетінін  анықтау;
жаттығу  жүргізу  үшін  оқушыларды  шағын  топтарға  бөлу;
келесі  бағалау  модулі  мен  мониторинг  жүргізгенде  пайдалану  үшін  ақпарат  жинау;
сабақты  бағалау  мен  тест  жүргізу;
сабақтың  қорытынды  бөлімін  қиындатпау;
оқушыларды  сабақты  қорытындылауға  қатыстыру;
оқушыларды  түрлі  марапаттау  әдістерімен  қолпаштау;
сабаққа  қатысу  журналын  жүргізу.
Оқытушы  біліктілігі
Оқытушы  келесі  біліктілік  тәсілдерін  меңгеруі  қажет:
Команданың  рухын  қолдап  және  толықтырып  отыра  білу  дағдысы
Оқытушы  үшін  білім  алушыларға  көмек  бере  алу  қабілетінің  болуы  ең  маңызды,  топта 
сенімділік  пен  сыйластық  орнату.  Бұл  сабақ  уақытында  оқушылардың  еркін,  ұялмай  өз  ойларын, 
белгілі  бір  мәселе  бойынша  өз  көзқарасын,  сезімін  т.  б.  білдіруі.  Оқытушының  қарым-қатынасы, 
өзін  ұстауы  оқу  процесіне  үлкен  әсерін  тигізеді. 
Оқушының  көзқарасы  мен  ұстанымын  достық  көңілмен,  қызығушылықпен,  шын 
ықыласыңызбен  тыңдаңыз.  Оқушылардың  командалық  рухын  қолдау  үшін  оқытушыға 
мынадай  ұсынысты  орындау  қажет:
1.Оқушылармен  бірлесіп  сабақ  уақытында  міндетті  түрде,  тәртіп  сақтау  ережелерін  әзірлеу 
қажет.
2.Оқушылардың  өзі  туралы  топ  алдында  айтқысы  келген  ниетін  марапаттау.
3.Оқушыларға  тиімді  кері  байланыс  жасауға  мүмкіндік  беру.
4.Оқушылардың  оқу  процесіне  қатысты  сезімін  қуаттап  және  толықтырып  отыру.
5.Оқушыларға  сабақ  уақытында  айтылған  ойлары  тыс  жерлерде  пайдаланылмайтынын 
және  құпия  түрде  сақталынатын  айту  керек.
16
1  БӨЛІМ.      БАСШЫЛЫҚТЫ  ІС  ЖҮЗІНДЕ  ҚОЛДАНУ
БАСШЫЛЫҚТЫ
 ІС
 ЖҮЗІНДЕ
 ҚОЛДАНУ


6.Әрбір  білім  алушының  өз  қабілеттеріне  сәйкес  оқу  процесіне  қатысуға  мүмкіндік  беру. 
Әрқайсының  өзін  көрсетуге  деген  ықыласын  марапаттау  керек.  Тренинг-сабақтың  ырғағына 
бірден  еніп  кете  алмайтын,  басқаларға  қарағанда  сәл  көбірек  уақытты  керек  ететін  қатысушы-
ларды  «жұлқылаудың»  қажеті  жоқ.
7.Сабақ  барысында  белгілі  сұрақтар  бойынша  айтылған  сындарына  достық  ықыласпен 
қарап,  оқушылардың  көпшілігінен  қолдау  алуға  тырысыңыз.  Бір  келісімге  келу  үшін,  істің  неге 
солай  болатынын  немесе  неге  болмайтынын  оқушыларға  жай  ғана  түсіндіру  қажет.  Көп 
жағдайда  осының  өзі  жеткілікті  болады. 
8.Топты  белсенді  ойларын  айтуға,  кеңес  беру,  сұрақ  қою,  сезімдерін  көрсетуге  шақыру  және 
т.  б.  Оқушылардың  білімі,  қызығушылығы,  ізденгіштігі  мен  ықыласы  сауықтыруға  оқытудың 
келесі  деңгейіне  негізгі  меже  ретінде  қолдануға  болады. 
9.Топтағы  оқушылардың  қажеттілігін  ескеріп,  әрбір  топта  өзгелерден  жеке  қажеттілігі 
ерекше  оқушының  бар  болатынын  естен  шығармау  керек.
                                 
Сабақ  барысында  барлық  жоспарланған  материалды  қамту  қабілеті. 
Сабақ  барысында  білім  алушы  жоспарының  модуліне  сәйкес  барлық  сұрақтардың 
талқылануы  өте  маңызды.  Оқытушының  кәсіби  дайындығының  деңгейі  үлкен  орын  алады. 
Оқушылармен  АҚТҚ  өмір  сүруші  адамдарға  қамқорлық  пен  қолдау  көрсету,  ЖЖБИ,  АҚТҚ 
инфекциясы  бойынша  сауықтыру  жұмысы  негізгі  шарт  болып  табылады.  Сабақты  сауатты  және 
жақсы  өткізу  үшін  оқытушыға  мыналар  қажет:
1.  Модулдің  құрылысы  және  мазмұнымен  алдын  ала  танысу,  ондағы  жаттығуларға  талдау 
жасау,  сабақ  барысында  қалай  қолданудың  мүмкіндігін  ойластыру,  қажет  болған  жағдайда  жат-
тығуды  түрлендіру,  сонымен  қатар  жоспарланғанның  бәрі  орындалуға  тиісті  екенін  ұмытпау.  Бұ-
ған  оқытушының  түсініктемесі  көмектеседі.  Сонымен  қатар  оқушының  білімі,  біліктілігі  мен  ше-
берлігін  бағалауға,  олардың  рухани  ізгілік  қасиеттерінің  қалыптасуына  қажетті:  топпен  жұмыс, 
көріністер,  сұрақ-жауап,  үй  жұмысын  орындау  және  т.б.  әдіс-тәсілдерді  қолдануға  көңіл  бөлу.
2.  Оқу  материалын  талдау  мен  баяндауда  жүйелілік  пен  сабақтастықты  сақтау.  Әрбір  жаңа 
сұрақты  өткенмен  байланыстыру  және  олардың  өмірдегі  мысалдары  арқылы  бейнелеу.  Бұл 
сабақты  нәтижелі  және  қызықты  өткізуге  яғни  олардың  жай  ғана  ақпарат  алуы  емес,  сұрақты 
жақсы  түсінуіне  әсерін  тигізеді.  Оқушылардың  алдына  оларды  ойландыруға  мәжбүр  ететін 
сұрақтарды  ойластыру  қажет.  «Жоқ»  және  «Иә»  деген  бір  қалыпты  жауап  болатын  сұрақтардан 
бас  тарту.
3.  Сабақ  өткізгенде  түсінікті  де,  анық  баяндап  жаттығу  мен  тапсырмаларды  нақты  түсіндіру.
4.  Білім  алушылардың  көңілін  сұрақтың  негізіне  (бағыттау)  аудару.
5.  АҚТҚ  инфекциясы,  ЖЖБИ  жөнінде  көбірек  мағлұмат  алу  мен  өмірлік  тәжірибе  жинау, 
білімдерін  кеңейту  мақсатында  оқу-тәрбие  үрдісінде:  сұрақ-жауап,  пікірлесу,  топтық  жұмыс 
және  баға  беру  жұмыстарын  кеңінен  қолдану.
6.  Оқушылар  назарын  сабақ  мазмұнына  аудару.  Әрбір  сабақ  соңында  шешім  шығару: 
тақырыпты  еске  түсіру,  осы  сабақта  қандай  жаңа  нәрсені  білді,  меңгергенін  анықтап, 
оқушылардан  алған  ұсыныстары  мен  кеңестерін  сабақта  қорытындылау.  Оқушыларды  бірігіп 
шешім  қабылдауға  шақыру.
7.  Болып  жатқан  әрекеттерге  қызығушылығын  арттыру  үшін,  қажет  болған  жағдайда  әр 
түрлі  сергіту  ойын  түріндегі  жұмыстарды  ұйымдастыруға  дайын  болу.  Бұл  сергіту  сәттері 
міндетті  түрде  белгілі  басшылыққа  алынған  модуль  бойынша  ғана  жүру  қажет  деген  емес. 
Ойынды  қажеттілігіне  қарай  қолдану. 
Алайда,  артық  қолданса  кері  нәтижесін  беруі  мүмкін.
Оқытудың  тиімді  жаттықтырушылық  тәжірибесінің  болуы.
Педагогқа  тренинг  сабақтарын  жүргізу  барысында  өзінің  тиімді  оқытушылық  шеберлігін 
көрсетуі  өте  қажет.  Ең  алдымен  оқушылардың  жаттықтырушы  ретіндегі  “Тең  -  теңімен” 
ұстанымымен  жұмыс  істейтіндерін,  өз  қызметтерінде  сізден  үйренген  қарым-қатынас  және  де 
тағы  басқа  тәжірибесін  іске  асырғанын  ескеру  қажет.
17
БАСШЫЛЫҚТЫ
 ІС
 ЖҮЗІНДЕ
 ҚОЛДАНУ


жүктеу 9,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау