Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 463,78 Kb.
Pdf просмотр
бет9/15
Дата10.12.2017
өлшемі463,78 Kb.
#3577
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

1. әмбебап алгоритмдік тілдер – ФОРТРАН, ПЛ/1, Паскаль, Ада, Ci++ т.б.; 

2.  жобалаудың  ерекше  мәселелі-бағытталған  тілдер  және  олардың 

трансляторлары (өзгерткіштері). 

Жобалау  процесінде  алатын  орны  бойынша  тілдер  кіріс,  ішкі,  аралық, 

шығар, еріп жүру және басқару болып ажырайды. 

Ақпарат бейнелеу түріне қарай жобалаудың әліпбетті-цифрлік, графикалық, 

дауыс, аралас тілдерін айырды.  

Кіріс  тілдері  жобалау  объекттері  мен  мақсаттары  жөнінде  ақпарат  беруге 

арналады.  Бұларға  объекттер  баяндау  (орысша – ЯОО)  және  тапсырмалар 

баяндау (орысша – ЯОЗ) тілдері, оның ішінде  үлгілеу тілдері (процестер жазу 

тілдері) жатады. 



Ішкі  және  аралық  тілдер  ақпаратты  ЭЕМмен  өңдегенде  оны  белгілі 

стадияларында  бейнелеуге,  негізінен  мәліметтерді  түрлі  жүйелердің  кіріс 

тілдерін  белгілі  инвариантты  жүйенің  үйлестірілген  бірыңғай  аралық  тілге 

айналдыру үшін (және кері жағдай үшін) арналады. 



Шығар  тілдерінің  тағайындалуы – жобалау  процедураларын  орындау 

нәтижелерін,  оның  ішінде  жобалау  шешімдерін  кейінгі  пайдалануы  үшін 

жарамды  түрде  (сызба,  нобай,  сандық  бағдарламалық  басқарумен  басқару  тілі 

т.б.) көрсету. 



Еріп  жүру  және  басқару  тілдері  есепті  шешкенде  пайдаланушылардың 

ЭЕМмен тікелей қатысу үшін арналады. 

Пайдаланушының ЭЕМмен (машинамен) әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін 

оны  пайдаланушылық  интерфейспен (user interface) жабдықтау  қажет.  Оның 

құрамында  кіріс  тілі  (кодтау  әдісі),  пайдаланушылық  меню  және  қол  (еркін) 

сызу  (сурет  салу)  болу  керек.  Кіріс  тілі – бұл  бұйрықтар  кодтау  тәсілі,  

бұйрықтар  атаулары  және  қосымша  дерек.  Меню  клавиатурадан  енгізілетін 

сандық  (қолдануы  киын,  өйткені  оны  есте  сақтау  қажет)  және  сөзді, 

дисплейдегі (AutoCADта,  КОМПАСта  сияқті)  болу  мүмкін.  Кейбір 

бұйрықтарды клавиатураның функционалдық клавишалармен еңгізуі ықтимал. 

АЖЖ-да  ақпаратты  дерек  банкінен  кіргізуге  немесе  оған  кейбір  мәліметті 

жазуға мүмкіншілігі болу керек. Ол үшін ақпаратты енгізу және шығару үшін 

ыңғайлы  түріне  деректі  айналдыратын  арнаулы  бағдарламалар  (дерек 

банктерімен интерфейстер) жасалады. 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 12]. 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары 

1. Функционалдық математикалық үлгілер мысалдарын дайындау. 

2. Құюда физикалық үлгілеу пайдалануды айту. 

3.  Конструкторлық  АЖЖ-нің  ақпараттық  қамтамасыздандыруының 

функцияларын баяндау. 

5-тақырып  Компьютерлік  графиканың  жүйелері,  әр  түрлері,  қолдану 

салалары. Конструкторлық құжаттар дайындауды автоматтандыру 



Дәрістер жоспары 

1.  Деректерді  графикалық  көрсету  негіздері.  Растрлік  және  векторлық 

графика. 

2.  Графиканың  екі  өлшемдік  және  үш  өлшемдік  жүйелері,  қатты  денелі 

үлгілеу: AutoCAD, T-FLEX, CATIA, КОМПАС, Cimatron, SolidWorks, Autodesk 

Invertor т.б. 

3. Компьютерлік графиканың объектті бағытталған жүйелері. 

4. Қері (реверсив) инжиниринг жүйелері. 

КОМПАС-3D V8 жүйесі  үш  өлшемдік  параметрлік  жобалаудың 

классикалық  процесін – идеядан  ассоциациялық  көлемдік  үлгіге,  үлгіден 

конструкторлық құжаттарға – іске асыруға мүмкіншілік береді. 

КОМПАС-3D  негізгі  компоненттері – үш  өлшемдік  қатты  денелі  үлгілеу 

жүйесі,  сызба-графикалық  редактор  және  спецификациялар  жобалау  модулі. 

Олар оңай меңгеріледі, орыс тіліндегі интерфейс пен анықтамалық жүйеге ие. 

Өндірісті  конструкторлық-технологиялық  дайындауды  оңтайлы  ету 

есептерін  шешетін CAD/CAM/CAE/PDM корпоратив  кешендері  құрамында 

жұмыс  істеп,  КОМПАС-3D  электрондық  архивті  жүргізетін  және  деректі 

басқаратын  ЛОЦМАН:РLМ  жүйесімен  (немесе  тапсырма  беруші  қолданатын 

басқа PDM-жүйелерімен) 

және 


деректердің 

бірыңғай 

базаларымен 

әрекеттеседі.  Онымен  қатар  КОМПАС-3D  және  КОМПАС-график  жұмыс 

орнын  автоматтандыруға  ең  орынды  тандауы  болып  табылады,  өйткені  оның 

“құны-функционалдығы” көрсеткіштері ең жақсы. 

КОМПАС-3D  жүйесі  жеке  бөлшектер  мен  түпнұскалық  және 

стандартталған  конструкциялық  элементтері  бар  құрастыру  бірліктерінің  үш 

өлшемдік ассоциациялық үлгілер құруға арналады. Параметрлік технология бір 

рет  жобаланған  прототип  негізінде  типтік  бұйымдар  үлгілерін  тез  алуға 

мүмкіндік туғызады. 

КОМПАС-3D  негізгі  өзгешелігі  АСКОН  мамандарымен  дайындалған  өз 

математикалық ядросы мен параметрлік технологияларын пайдалануы. 

Жүйемен  шешілетін  негізгі  есеп – жобалау  мерзімін  бырталай  қысқыртып 

өндіріске ең тез кіргізу мақсатымен бұйымдарды үлгілеу. Бұл мақсаттар келесі 

мүмкіншіліктер арқасында алынады: 

–  бұйым  шығаруға  қажетті  конструкторлық  және  технологиялық 

құжаттарды (құрастыру сызбаларын, спецификацияларды, бөлшектеулерді) тез 

алу; 

– бұйым геометриясын есептеуіш пакеттерге беру; 



– 

бұйым 


геометриясын 

СББмен 


құрал-жабдықтардың 

басқару 


бағдарламаларын дайындайтын пакеттерге беру; 

–  бұйымның  қосымша  кескіндерін  жасау,  мысалы,  каталогтар  құрастыру, 

техникалық құжаттарға иллюстрациялар құру үшін т.б. 

Үлгілер  импорттау-экспорттау  құралдары  (КОМПАС-ЗD IGES, SAT, XT, 

STEP, VRML форматтарды  ұстап  тұрады)  түрлі CAD/CAM/CAE жүйелерімен 

жабдықталған кешендер жұмысын қамтамасыз етеді. 




жүктеу 463,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау