Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 463,78 Kb.
Pdf просмотр
бет7/15
Дата10.12.2017
өлшемі463,78 Kb.
#3577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Дерек  шығаратын  (құжаттайтын)  құрылғылар:  басатын – принтерлер, 

графоқұраушылар  (плоттерлер),  фототеруші,  магнитті  тасушылар  немесе 

лазерлі дисктерге түсіретін т.б. 

Плоттерлер  кескін  түсіру  әдісі  бойынша  рулонды  (барабанды)  және 

планшетті  болып  бөлінеді.  Екіншілер  қатты  зат  (пластик,  металл,  фанер) 

парақтарында  кескін  алуға  ыңғайлы,  мысалы,  шаблондарды.  Планшетті 

плоттерлер дамуы граверлеуіш плоттерлер. 

3.  Дерек  беру  құралдары – АЖЖ  компоненттері  арасындағы  байланыс 

құрылғылары: 

–  дерек  беру  аппаратурасы:  модемдер,  өзгерткіштер,  шифратор  мен 

дешифраторлар; 

– қателердең сақтайтын құрылғылар, жүйеге біріктіретін аппаратура. 

4. Архивтың, дерек базалары мен банктерінің техникалық құралдары. 

Анықтамалық  (оның  арасында – нормативті-техникалық)  дерек  пен 

орындалған  жобалар  жайлы  мәліметті  жинақтау,  сақтау,  бақылау,  қалпына 

келтіру және көбейту. 

АЖЖ  ТК-ның  стандартты  бірлігі – автоматтандырылған  жұмыс  орны 

(АЖО,  орысша – АРМ).  Бір  жұмыс  орнында  АЖЖ  ТК-ның  барлық  негізгі 

компоненттері жиналады. Бір АЖО базасының негізінде АЖЖ (бір деңгейлі) не 

оның подсистемасы жұмыс істей алады. 



АЖО  АЖЖ-нің  жалпы  жүйелік,  базалық  немесе  қолданбалы  есептер 

орындауды  қамтамасыз  ететін  және  деректі  дайындау,  еңгізу,  бейнелеу, 

құжаттау  үшін  тиісті  құралдары  бар  ДЭЕМ  негізіндегі  бағдарламалық-

техникалық кешен болып табылады. 

Жалпы  алғанда,  АЖО  бір  пайдаланушылық  тәртіппен  немесе  көп 

пайдаланушылық мульти бағдарламалық (бірнеше есеп қатар шешу) тәртіппен 

жұмыс істейтін жүйе түрінде құрылады. АЖО-ға жататын терминалдар құрамы 

шешілетін есептерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін, сондай-ақ техникалық 

құралдар  дамуы  және  олар  мүмкіншіліктері  кеңеюіне  қарай  өзгереді.  АЖО 

автоном  (жеке,  тәуелсіз)  істей  алады  немесе  жергілікті  есептеуіш  жүйеге 

қосылады.  Тағайындалуына  қарай  мәселелі-бағытталған  және  объектті-

бағытталған АЖО түрлерін ажырайды. 

АЖЖ-нің орталық есептеуіш кешендері. 

Орталық  есептеуіш  кешен  АРМ  жинағын  жобалаудың  және  бірыңғай 

жалпы жүйелік ақпарат сақтау мен көрсетудің бірыңғай процесіне біріктіруге, 

сонддай-ақ жеке АРМ есептеуіш қуаттарын толтыруға арналады. 

Жобалау  объектерінің  күрделілігіне  және  территориалық  таралуына 

байланысты  АЖЖ-ні  жергілікті  есептеуіш  жүйелер  негізінде  әлде  жалпы 

есептеуіш жүйе қолданып құрастыру мүмкін. 

Жалпы (глобал) есептеуіш жүйе егер АЖЖ пайдаланушылары (үйымдар не 

жеке орындауыштар) бір бірінен үлкен ара қашықтықта болса қарастырылады. 

Жергілікті  тор  негізіндегі  орталық  есептеуіш  кешен  қатты  таралмаған 

(қағида бойынша, бір ұйым үшін) жасалады. Дағдығыдай, жергілікті есептеуіш 

жүйе  ЭЕМ,  АРМ  және  абонент  терминалдардан  тұрады;  оның  құрылысы 

тікелей қосылысты (шина) немесе тұзақ сияқты (сақина). 



АЖЖ-нің 

бағдарламалық 

қамтамасыздандырылуы 

(БК) 


автоматтандырылған  жобалауды  орындауға  арналған  керекті  бағдарламалық 

құжаттармен  бағдарламалар  жиынтығы  болып  табылыды.  АЖЖ  БК-ның 

құрамына жататындар: 

– 

есептеуіш 



техника 

құралдарының 

базалық 

бағдарламалық 

қамтамасыздандыруы; 

– АЖЖ-нің базалық жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруы; 

– арнайы қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруы. 

Есеп  техникасының  базалық  БК  деп  операциялық  жүйелерін  (орысша – 

ОС),  бағдарламалау  жүйелерін  және  жалпы  тағайындалуы  сервисті 

бағдарламаларды (MS DOS, Norton-Commander, Windows т.б.) айтады. 

Базалық жалпы жүйелік БК – ең жалпы АЖЖ-ні іске асыратын сала аралық 

қолданбалы 

бағдарламалар. 

Ол 


қолданбалы 

бағдарламалық 

қамтамасыздандырудың негізі болу мүмкін. 

Қолданбалы  БК  жабалау  қатысушылармен  тікелей  пайдаланылатын 

бағдарламалар (пайдаланушылар бағдарламалары). 



Стандарттық  (инвариантті)  бағдарламалар – кең  қолданбалы  сала 

аралық 


бағдарламалар. 

Базалық 


жалпы 

жүйелік 


 

бағдарламалық 

қамтамасыздандыруы  ретінде  болу  мүмкін,  мысалы, Autodesk Incorporated 

фирмасының AutoCAD бағдарламасы. Қағида бойынша, мұндай бағдарламалар 

бағдарламалық  өнімдер  жасау  саласында  істейтін  ірі  фирмалармен 

дайындалады. 



Арнайы  БК  есептердің  белгіленген  тар  мөлшерін  шешуге  арналады. 

Мәселелі бағыттылған және объектті бағыттылған болып бөлінеді. Қолданбалы 



бағдарламалардың  пакеттері  (орысша – ППП) – АЖЖ-нің  жеке 

подсистемаларын  дайындау  үшін  бағдарламалаушылармен  пайдалана  алатын 

бағдарламалар жинақтары (кітапханалары). 

Арнайы  бағдарламалар  мысалдары:  құйма  жасау  технологиялық  процесі 

көрсеткіштерін есептейтін Novocast, серіппелер жобалайтын жүйе – КОМПАС-

Spring т.с.с. 

Пайдаланушының ДЭЕМ-мен өзара әрекеттесу тәртіптері: 

1.  Пакеттік  тәртіп – бағдарлама  жазу, (дерек)  енгізу,  өңдеу  (шешу), 

нәтиже шығару (есепті толық шешу). 

2.  Сұхбаттық  (диалогтық)  тәртіп – бағдарламалар  (фрагменттер)  пакеті, 

деректер  бөлек-бөлек  енгізіледі,  әрбір  шешімнен  кейін – шығару – баға  беру 

және жаңадан енгізу; шешімнің соңында – нәтижелерді жалпы шығару. 

3. Графикалық интерактивті тәртіп

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 3, 14, 15]. 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары 

1.  АЖЖ  техникалық  қамтамасыздандыруының  кәзіргі  заман  құралдарын 

зерделеу. 

2.  АЖЖ  пайдаланушының  ЭЕМмен  сұхбат  тәртіппен  әрекеттесу  мысалын 

беру. 



жүктеу 463,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау