Рөлдік және іскерлік ойындарды ұйымдастыру бойынша оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар үлгілері:
1-мысал:
Қазақ тілі, 6- сынып.
Бөлім: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері.
Сабақтың тақырыбы: Үлкендердің сарқыты.
Оқу мақсаттары: О. 6.2.3.1. - ауыз екі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
1- тапсырма:
Ауызекі сөйлеу стиліндегі «Үлкендердің сарқыты» мәтіні және көркем әдебиет стиліндегі «Сарқыт» мәтіні беріліп, стильді анықтауға арналған оқылым тапсырмалары беріліп, топтық жұмыстар орындалады [3].
1- топ: «Бөліскім келеді» әдісі бойынша екі стильде тілдік қолданыс
пен сөйлемдердің құрылымы арқылы эмоцияның қалай берілгенін, қай жанрда образдардың қолданылатынын талдайды, соңында барлық топпен бөліседі.
2- топ: Венн диаграммасы арқылы екі мәтіннің стильдік ерекшеліктері
(лескикасы, грамматикасы, құрылымындағы айырмашылықтары) мен ұқсастықтарына талдау жасайды.
3- топ: «Т кестесі» әдісі арқылы екі мәтіндегі ауызекі сөйлеу стилінде
қолданылған сөздер мен көркем әдебиет стиліндегі сөздерді жазып, салыстырады, ортақ мағыналарын ашады. Басқа мәтіннен мәтіндегі сөздермен мағыналас сөздер тауып жазып, толықтырады.
Оқушылар әр стильге тән тілдік ерекшеліктерді мәтіндерді рөлге бөлініп оқу арқылы көрсетуі керек.
2-мысал:
Қазақ әдебиеті, 8-сынып.
Бөлім: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Әпке» драмасы
Т/Ж 8.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.
1-тапсырма
«SWOT» әдісі [3]. Кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді жан-жақты талдау.
S – күшті жағы
W - әлсіз жағы
O - мүмкіндігі
T – қауіп
2-тапсырма
Кейіпкер бейнесін ашатын үзінділерді рөлге бөлініп орындау арқылы тура және жанама мінездеулерді жіктеу.
Пікірталастарды ұйымдастыру бойынша тапсырмалар үлгілері
1-мысал:
Қазақ тілі, 9-сынып
Бөлім: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
Сабақтың тақырыбы: Табиғи ресурс түрлері
Оқу мақсаты:
Т/А. 9.1.3.1 - тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу
Тапсырма: «Жылдам дебат» әдісі
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақырыппен байланысты «Табиғи ресурстардың әлеуметтік және экономикалық маңызы зор» деген тәрізді тақырып ұсынылады. Сыныптың жартысы пікірді жақтайды, жартысы қарсы болады. Оқушыларға дайындалуға 10 минут беріледі. Бұл уақыт ішінде олар өз көзқарастарының себебін, дәлелдері мен мысалдарын дайындайды. Жақтаушы пікірдегі тыңдаушыларға өз көзқарастарын дәлелдеу үшін бір жарым минут уақыт беріледі. Олардың қарсыластары бұл кезеңде тыңдап, қажет деген жерлерін түртіп алады. Уақыт өткен кезде рөлдерін алмастырады. Соңында екі жақ та пікірлерін айту үшін барлығына бір минут беріледі. Дәлелдер олардың тыңдағанын көрсетіп, көзқарастар жүйелі ұсынылуы тиіс.
2-мысал:
Қазақ әдебиеті, 9-сынып
Бөлім: Адам жанының құпиясы
Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты
Оқу мақсаты: Б/С. 9.3.2.1 - шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Тапсырма:
«Жағымды, жағымсыз, даулы» тәсілі бойынша шығармадан
1-топ: жағымды;
2-топ: жағымсыз;
3-топ: даулы мәселелерді талқылап, өз идеяларын айтады. Бір-бірінің ойларын толықтырады. Бұл тәсіл оқушылардың шығарманы талдай отырып, ойларын жинақтай білу, пікір алмасу дағдыларын қалыптастыруға ыпал етеді.
Ақпараттың әр түрлі көздерімен жұмыс жасау бойынша тапсырмалар үлгілері:
1-мысал
Қазақ тілі, 6-сынып
Бөлім: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз
Сабақтың тақырыбы: Наурыз бата- тілектері
Оқу мақсаты: Т/А 6.1.1.1 -мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау
1-тапсырма
«Суреттер не болды?» әдісі
Оқушыларға суреттер жинағы (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетіледі. Оқушылар суретте не болып жатқанын және оның себебін түсіндірулері қажет. Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
2-тапсырма
Оқушылар «Дыбыстау» әдісі бойынша ғаламтордан алынған «Наурыз мейрамы» тақырыбында бейнежазбаның алғашқы бөлігін тыңдап, көтерілетін мәселені болжайды.
2-мысал
Қазақ әдебиеті, 9-сынып
Бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім
Сабақтың тақырыбы: Ш.Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі» очеркі
Оқу мақсаты: А/И. 9.2.4.1-Автор стиліне сүйене отырып,шығармашылық жұмыс жазу.
Тапсырма:
Стильді анықтауға арналған оқылым.
Оқушылар стильдердің бірін талдау үшін топтасып жұмыс істейді, сосын мәтін туралы өз пікірлерін мысал келтіре отырып дәлелдейді.
«Крест-нөл» ойыны.
1 - топ «Жас ғалым» тобы. Сіз «портрет жасаушысыз». Жеке қасиеттеріне назар аудара отырып, кітаптағы қызықты кейіпкердің толық әрі пайдалы бейнесін жазыңыз және көрсетіңіз.
2 - топ «Тарихшылар» тобы. Өмірі мен тәжірибесі қарастырылып отырған әдеби шығарманың тақырыбы мен ұқсас тарихта болған әйгілі адам немесе ағымдағы оқиға жайлы мәлімет табыңыз. Олардан өзіңізге қандай сабақ алғаныңызды бізге көрсету үшін шығарма жазыңыз.
3 - топ. «Зерттеушілер» тобы. Әдеби шығармада орын алған жерге ұқсас қаланы/жерді зерттеңіз. Салыстыру үшін карта, эскиз, халық саны және өзге де демографиялық деректерді пайдаланыңыз [3].
Бұл тапсырмаларды орындау үшін оқушылар мұғалімнің бағыт-бағдары бойынша түрлі ақпарат көздерін пайдаланады (қосымша әдебиеттер, интернет материалдары, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |